Лейкоциттер–бір литр қанда 4,5-9х10.9/л лейкоцит болады. Лейкоцит қанның ақ жасушасы. Эритроциттен айырмашылығы- ядросы бар, эритроциттен үлкендеу (диаметрі 12 мкм), амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтар шығарып қозғалады. Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады.лейкоцит санының көбеюі қан жасушаларының түзілуіне, қан түзілетін ағзалар қызметінің күшеюіне байланысты болса, мұндай лейкоцитоз эмоция салдары болуы мүмкін: эмоция кезінде адреналин шектен тыс көп болып шығады да қан түзілетін ағзалар қызметін тысқара жағдайда да болады. Физиологиялық лейкоцитоздардың көбі аралас, әр текті келеді.
1. Ет тектес (миогенді) лейкоцитоз- қара жұмыс істеген кезде пайда болады.2. Тамақ ішкеннен кейін пайда болатын лейкоцитоз ас қорыту лейкоцитозы деп аталады. 3. Жүкті әйел лейкоцитозы. 4.Жаңа туған бала- нәрестелейкоцитозы. 5. Статикалық лейкоцитоз шалқасынан жатқан адам ұшып тұрған кезде пайда болады.
2.Үлкен кішілігіне, ядросының пішініне, протоплазмада түйіршіктердің бар жоқтығына және олардың қандай бояумен боялғанына қарай лейкоциттер бірнеше түрі болады.
Лейкоциттер алуан түрлі қызмет атқарады. Лейкоциттің ең басты қызметі- оның фагоцитоздық қабілеті. Фагоцитоз –грекше phagien-обыру,жұту, қармалап алу;Cytus- жасуша.
Фагоцитоздың бірінші сатысы- миграция (көшу). Лейкоциттер амеба сияқты жалған аяқтарын созып, капилляр эпителийлері арасынан өтіп сыртқа шығады.
Фагоцитоздың екінші сатысы- бөгде затты танып, қармау жұту кезеңі. Микробтарға жақындаған сәтте лейкоцит денесінен опсонин деген зат бөліп шығарады да , бөгде заттарды денедегі жасушалардан ажыратады (таниды), осыдан кейін оларды лейкоцит мембранасына жабыстырады. Бетіне жабысқан бөгде затты лейкоцит аяқшалармен айнала қармап қоршайды да, өз протоплазмасына қарай тартады.
Фагоцитоздың үшінші сатысы- жұту және қорыту. Лейкоциттің ішіне енген бөгде затқа лизосоманың түрлі ферменттері әсер етеді. Бұлардың ішінде бөгде заттарды бейтараптайтын бактериоцидтік заттар, вирусқа қарсы заттар –интерферондар бар. Фагоцитоз- бейарнамалы иммунитеттің бір түрі. Фагоцитоз барлық ішінде бір жұтқанда 30-40 денені бірақ жұтатын- микроциттермен (нейтрофилдер) қатар макроциттер және лимфоциитермен бар. Бір моноцит 100 шақты бөгде затты бірден жұтады.
Тромбоцит- қан пластинкасы, екі жағы дөңес дөңгелек не сопақша құрылым, диаметрі 0,5-4мм (эритрциттен 2-8 есе кіші). Сау адамның 1л қанында 180-320х10*9/л тробоцит болады. Орта есеппен тромбоцит 8-11 тәулік жасайды. Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен 3000-4000 қан пластинкасы бөлініп шығады. Тромбоциттердің қызметі: ангиотрфикалық қан тамырды қоректендру; адгезивті агрегациялық (жабысып үйінді құру) қызметі; ангиотензивтік (қан тамырын тарылту) қызметі қан тамыры саңылауы тарылады (спазм); Қан ұйыту қызметі (гемокоагуляция; тромбоциттер қанның креатолық байланысын, әсіресе қантамырларының табиғи құрылысын сақтайды.