Тапсыру мерзімі: 5 апта
Әдебиет негізгі Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.
МФ Х, ХІ басылымы.
ҚР МФ – 1-басылым. - Астана – 2008 ж.
И.А. Муравьев «Технология лекарственных форм» том 1. М., Медицина – 1980 ж
Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. Под. ред. Т.С. Кондратьевой - М., Медицина - 1986 ж.
Технология лекарственных форм. под ред. Кондратьевой Т.С. том. 1. М. Медицина – 1991 ж.
қосымша 1. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах. М.2002.
Бақылау: Бақылау сұрақтары: Өндірісте стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлердің негізгі топтары?
Өндіріс бөлмелеріне, құрал-жабдықтарға, бөлме ауасына қойылатын талаптар?
Қызметкерлерге, киіміне және құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар?
Көзге арналған дәрілік түрлер қалай жіктеледі?
Көздің анатомиялық ерекшелігі неде?
Офтальмологиялық ерітінділер, тамшылар дайындау үшін қолданылатын дәрілік заттар?
Көз дәрілік түрлеріне қандай талаптар қойылады (ерітінділерге, тамшыларға)?
Кредит 6 Тақырыбы 1: Жағар майлар өндірісінде қолданылатын көмекші заттарға қойылатын талаптар. Жағар майлар мен линименттердің өндірісінде қолдануға рұқсат етілген көмекші заттардың заманауи номенклатурасы. Жұмсақ дәрілік түрлерді тұрақтандыру принциптері.
Мақсаты: Студенттерді фармацевтік өндірісте қолдануға рұқсат етілген көмекші заттардың заманауи номенклатурасымен таныстыру. Ғылыми және практикалық есептерді шығаруда студенттерде өздігінше шығармашылық дағдыларды қалыптастыру.
Тапсырма: тақырыпты меңгеру үшін әдебиеттермен және электрондық қормен жұмыс істеуді жүргізу, сол кезде келесі сұрақтарға көңіл аудару керек: