Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ



бет11/65
Дата22.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#142957
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65
Байланысты:
Практ-заниятия-Основы-фармацевтической-технологии-3-курс-5-семестр90-сагат-каз

Сабақ 3


1. Тақырыбы: Сулы ерітінділер технологиясы. Сулы ерітінділерді дайындау
ерекшеліктері.


2. Мақсаты: Дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттерін ескеріп сұйық дәрілік түрлерді дайындауды, олардың сапасын бағалауды үйрену.


3. Оқыту мақсаты:
Студент білуге тиіс:

  • құрғақ дәрілік заттарды еріту процессінің теориялық негіздерін;

  • жеңіл және қиын еритін, жеңіл тотығатын, комплексті қосылыстар түзетін дәрілік заттардың сулы ерітінділерін дайындауда туындайтын қиындылықтарды болдырмауға мүмкіндік беретін технологиялық тәсілдерін;

  • сұйық дәрілік түрлерді дайындау, сапасын бағалау және босатуға безендіру бойынша нормативті құжаттар талаптарын.

Студент істей алуға тиіс:

  • сұйық дәрілік түрлерге жазылған рецептің дұрыстығын және сұйық дәрілік түрлердегі күшті әсер ететін және улы заттардың дозаларын тексеруді;

  • дәрілік заттардың қасиеттеріне (жеңіл, қиын еритін, жеңіл тотығатын және т.б.) байланысты ерітіндінің оптимальды технологиясын таңдауды;

  • ерітінділер дайындау үшін негізгі технологиялық сатыларды (өлшеу, майдалау, қыздыру, еріту, сүзу немесе фильтрлеу) орындауды;

  • сұйық дәрілік түрлердің сапасын бағалауды;

  • дәрілік түрді босатуға орамдау және безендіруді.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Сабақ тақырыбы бойынша латын терминологиясы.

  2. Еріту диффузиялық-кинетикалық процесс ретінде. Оны динамизациялау жолдары.

  3. Концентрация түзудің жолдары.

  4. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Олардың типтері және бағыттары. Тотығуды болдырмау жолдары.

  5. Кешен түзу. Фармацевтикалық технологиядағы кешенді қосылыстардың маңызы.

  6. Фильтрлеу, фильтрлеуші материалдар.

  7. МФ бойынша заттардың ерігіштік сипаттамасы.

  8. Сұйық дәрілік түрлерді дайындауда қолданылатын еріткіштер.

  9. Дистильденген, тазартылған суды алу тәсілдері, қолданылатын аппараттар. МФ бойынша дистильденген суға қойылатын талаптар.

  10. Сұйық дәрілік түрлерді дайындауда қолданылатын технологиялық операциялар.

  11. Рецептегі ерітінділердің концентрацияларын анықтау тәсілдері.

  12. Дәрілік заттардың ерігіштігін жылдамдату үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдер (ерігіштіктің ерекше жағдайлары).

  13. Дәріханалық тәжірибеде сүзу және фильтрлеудің қолданылуы. Қажетті материалдар және аппараттар.

  14. Сұйық дәрілік түрлерді босатуға қажетті тығындар мен ыдыстарды таңдау.

  15. Сулы ерітінділерді орамдау, безендіру және сапасын бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет