Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.) Дәрілік түр ретінде ұнтақтар қалай сипатталады? Олар қалай жіктеледі?
Ұнтақтарға рецептер жазу тәсілдерін атаңыз.
Жәй және күрделі ұнтақтарды дайындаудың сатыларын атаңыз.
Құрамындағы ингредиенттердің мөлшері әртүрлі және бірдей күрделі ұнтақтарды қалай дайындайды?
Дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігіне байланысты қандай топтарға бөлінеді?
Доза дегеніміз не? Емдік, улы, өмірге қатерлі дозалар анықтамалары.
Күшті әсер ететін, улы және есірткі заттарды рецепт бойынша босату ережелері қандай бұйрықпен нормаланады?
Дәріханаларда күшті әсер ететін, улы және есірткі заттарды сақтау, есепке алу және босату қалай жүргізіледі? Улы заттарды өлшеу.
Тритурацияны қолдану мақсаты неде?
Тритурацияны дайындауда қолданылатын толықтырғыштарға қойылатын талаптар.
Экстрактар дегеніміз не? Сипаттамасы. Жіктелуі.
Құрғақ, қою және қою экстракт ерітіндісімен ұнтақтар қалай дайындалады?
Қиын ұнтақталатын заттармен ұнтақтар дайындау ерекшеліктері қандай? Қиын ұнтақталатын заттардың тізімі.
Бояғыш заттармен ұнтақтар дайындау ерекшеліктері қандай? Бояғыш заттардың тізімі.
Қиын ұнтақталатын заттармен ұнтақтар технологиясында этанолдың қажеттігін қалай негіздеуге болады?
Қандай жағдайларда ұнтақтарды босату үшін крахмалды және желатинді капсулалар қолданылады?
Глютоидты капсулалар қалай дайындалады?
Құрамында күшті әсер ететін, улы және есірткі заттары бар ұнтақтарды босатуға безендіру ерекшеліктері.
Ұнтақтарды орамдау және босатуға безендіру, сапасын бағалау.
Ситуациялық тапсырмалар
Дәріханаға рецепт қабылданды. Жазылым құрамы:
Rp.: Atropini sulfatis 0,0005
Codeini phosphatis 0,015
Ephedrini hydrochloridi 0,03
Phenobarbitali
Coffeini natrii benzoatis ana 0,02
Analgini 0,25
Misce fiat pulvis
Da tales doses N. 20
Signa. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.
Фармацевт-технолог рецепті қабылдау кезінде, барлық 20 доза ұнтақ дайындау үшін қосымша рецепт керек екендігін, пациентке ескерту жасады. Берілген рецепт бойынша қанша ұнтақ дайындауға болатынды және неге?
Жоғарыда келтірілген жазылым бойынша ұнтақ технологиясының оптимальды вариантын ұсыныңыз.