7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.) Қандай ерітінділерді концентрлі деп атайды?
Концентрлі ерітінділерді дайындау қажеттілігі неде?
Концентрлі ерітінділерді қандай жағдайда дайындайды? Асептика ережелерін сақтау.
Өлшегіш ыдыс бар және жоқ жағдайларында концентрлі ерітінділерді дайындау технологиясы қандай?
Микстуралар технологиясында қолданылатын концентрлі ерітінділерді қанықтыру және сұйылту қажеттілігі неде?
Көлем ұлғаю коэффициенті (КҰК) дегеніміз не және КҰК концентрлі ерітінділерді дайындауға байланысты есептеулерде қалай қолданылады?
Концентрлі ерітінділерді бақылау және сақтау жағдайлары?
8. Сұйық дәрілік түрлерді салмақ-көлемдік әдіспен дайындаудың салмақтық әдістен
айырмашылығы неде?
9. Құрамындағы құрғақ дәрілік заттардың мөлшері 3% дейін және 3% жоғары
микстураларды қалай дайындайды?
10. Микстура құрамындағы күшті әсер ететін және улы заттардың дозаларын тексеру
қалай жүргізіледі?
11. Бюреткалық қондырғылар. Құрылымы, жұмыс істеу ережелері.
12. Микстуралар құрамына сұйық экстракт тұнбаларын, шырындарды, жаңа галендік және
басқа да препараттарды енгізу тәртібі қандай?
13. Құрамында хош иісті суы бар микстураларды дайындаудың ерекшеліктері қандай?
14. Нормативті құжаттар талаптарына сәйкес дайын дәрілік түрлерді босатуға безендіру,
сапасын бағалау.
Ситуациялық есептер
Rp.: Natrii hydrocarbonatis
Natrii benzoatis ana 0,02
Sirupi simplicis 10 ml
Aquae purificatae ad 150 ml
Misce.Da. Signa. 1 диссерт қасықпен күніне 3 рет сәбиге 3 апта бойы.
Студент түссіз құтыға 10 мл натрий гидрокарбонат ерітіндісін, 5 мл натрий бензоат ерітіндісін, 10 мл қант шырының, 150 мл тазартылған суды өлшеп құйып, бұралатын тығынмен тығындады. Ішуге арналған этикеткамен безендірді. Студенттің есептеуін тексер. Микстура технологиясының оптимальды вариантын ұсын.
Rp.: Codeini 0,3
Hexamethylentetramini 4,0
Solutionis Calcii chloride 10% - 200 ml
Adonisidi 8 ml
Misce. Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 4 рет.
Безендірілген рецепт бойынша студент 0,2 г кодеин, 10 мл гексаметилентетрамин ерітіндісін, 20 мл кальций хлорид ерітіндісін, 8 мл адонизидті, 162 мл суды өлшеп құйды. Құтыны бұралатын пластмасс тығынмен тығындады, ішуге арналған этикеткамен безендірді. Препаратты дайындау кезінде және босатуға безендіргенде нормативті құжаттардың қандай баптарын сақтамады?