2. Мақсаты: Стандартты фармакопеялық сұйықтықтарды сұйылтуды, сулы және бейсу ерітінділерін дайындауды теориялық ережелер негізінде және нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес бағалауды үйрену.
3. Оқыту мақсаты: Студент білуге тиіс:
сұйық дәрілік түрлердің сапасын бағалау және босатуға безендіру бойынша нормативті құжаттар талаптарын;
Студент істей алуға тиіс:
фармакопеялық стандартты сұйықтықтың жазылу тәсілін ескеріп, дәрілік препарат және еріткіш мөлшерін есептеуді;
дәрілік заттардың ерігіштігін және еріткіш табиғатын ескеріп бейсу ерітінділердің оптимальды технологиясын таңдауды;
майларды және тұтқыр сұйықтықтарды өлшеуді;
дәрілік заттардың спирттік ерітінділерін дайындауды және нормативті құжаттар талаптарына сәйкес оларды безендіруді;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Тақырып бойынша латын терминологиясы.
Математикалық есептермен қабілеттілігі.
Стандартты сұйықтықтарды сұйылту тапсырмасы бойынша есептеулер жүргізу.
Еріту диффузиялық-кинетикалық процесс ретінде. Оны динамизациялау жолдары.
Бейсу ерітінділер. Бейсу ерітінділер технологиясында қолданылатын еріткіштер және олардың сипаттамасы.
Ұшқыш және ұшқыш емес еріткіштерде дайындалатын бейсу ерітінділер технологиясының ерекшеліктері және олардың сулы ерітінділер технологиясынан айырмашылығы.
Этанол еріткіш ретінде. Сұйылту тәсілдері. Этанолмен жұмыс істеу ережелері. ҚР ДСМ 18.04.00 ж. N 224 “Этил спиртін шығындау нормативтері мен есепке алу тәртібі” бұйрығы