Тестік тапсырмалар
1. Жалбызтікен тамырының сулы сіріндісінен 5,0 - 180 мл дайындауға қажетті шикізат пен су мөлшері (шығын коэффициенті 1,3):
А) 11,7 243 мл
В) 6,0 172,2 мл
С) 7,8 192 мл
D) 9,0 180 мл
Е) 18,0 218 мл
2. Төмендегі шикізаттардың бірінің сулы сіріндісін дайындағанда алдын ала салқын сумен шайылған шикізатты ыстық сумен 15 минут бойы шайқап араластырып, сүзсе жеткілікті. Ол:
А) зығыр дәні
В) сасық шөп шөбі
С) салеп түйнегі ұнтағы
D) шайқурай шөбі
Е) жалбыз тікен
3. Құрамында шырышы бар өсімдік:
А) жалбызтікен
В) шүйгіншөп тамырсабағы
С) термопсис шөбі
D) итшомырт қабығы
Е) аюқұлақ жапырағы
4. 5:100-150 мл тұнба алуға қажетті жалбызтікен тамыры мен экстрагент мөлшері /шығын коэффициенті 1,3/:
А) 9,75 195 мл
В) 15,0 195 мл
С) 9,75 159,57 мл
D) 7,5 195 мл
Е) 7,5 195 мл
Сабақ 11
1. Тақырыбы: Гомогенді және гетерогенді линименттерді дайындау.
2. Мақсаты: Дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттерін ескере отырып әр түрлі дисперстік жүйелі линименттер дайындауды және олардың сапасын бағалауды және босатуға безендіруді үйрену.
3. Оқыту мақсаты
Студент білуге тиіс:
линименттерді дайындаудың теориялық негізін;
линименттер құрамына енетін ингридиенттердің қасиеттерін;
дәрілік түрлерді дайындау, сапасын бағалау және дәріханадан босату туралы НҚ талаптарын.
Студент істей алуға тиіс:
линименттердің тиімді технологиясын таңдай білу;
линименттерді дайындау кезінде негізгі технологиялық операцияларды іске асыру (өлшеу, араластыру, майдалау, еріту және эмульгирлеу);
дайындалған линименттердің сапасын бағалау;
дайын дәрілік түрді тығындап, босатуға безендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |