Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ


Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)



бет48/65
Дата22.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#142957
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65
Байланысты:
Практ-заниятия-Основы-фармацевтической-технологии-3-курс-5-семестр90-сагат-каз

7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Линименттердің дәрілік түр ретінде анықтамасы.

  2. Линименттер дисперсті жүйе ретінде нені көрсетеді?

  3. Гомогенді, гетерогенді және аралас линименттердің технологиялық сатылары.

  4. Суспензиялық линименттердің тұрақтылығын қалай артыруға болады? Вишневский линиментінің құрамы.

  5. Эмульсиялық линименттер. Олардың технологиясы және қолданылатын тұрақтандырғыштар. Аммиак линиментінің құрамы.

  6. Қандай линименттер аралас линименттердеп аталады? Стрептоцидті және синтомицинді линименттер құрамы және олардың технологиясы.

  7. Линименттерді орамдап, безендіру және босату ерекшеліктері.

  8. Линименттердің сапасын қандай көрсеткіштері бойынша бағалайды?

Ситуациялық есеп
Камфорадан 1,0
Меңдуана майынан 20,0
Аммиак ерітіндісінен 5 мл
Хлороформнан 5,0
Линимент түзілгенше араластыр.
Жібер. Босат. Жіліңшікті ысқылау үшін.

Босататын құтыны тазартылған сумен шайып, студент оған 1,0 г камфораны өлшеп салды. Техникалық таразыда құтыны тарирлеп меңдуана майын өлшеді, 5 мл аммиак ерітіндісін және 5 мл хлороформды қосты, тығындады, араластырды, «Сырт тәңгең және «Қолданар алдында шайқаңызң қосымша этикеткаларымен безеңдірді.


Жазылымды латын тіліне аударыңыз. Студент ингредиенттердің қандай физико-химиялық қаситеттерін ескермеді? Хлороформды дозалауда қандай қателік жіберді? Линименттерді дайындаудың және сақтаудың ерекшеліктері қандай? Линименттің қандай типі түзіледі? Бақылау паспортын жазыңыз.


Тестік тапсырмалар
1. Олеин қышқылын мүсәтір линименті құрамына қосу мақсаты:
А) эмульгатор мөлшерін көбейту
В) мүсәтірді ұшып кетуден сақтау
С) әлсіз қышқыл орта жасау
D) дәрінің фармакологиялық әсерін жақсарту
Е) әлсіз негізді орта жасау
2. Аралас линимент:
А) синтомицинді және стрептоцидті
В) мүсәтір
С) Вишневский бойынша
D) синтомицинді және мүсәтір
Е) стрептоцидті және мүсәтір
3. Гомогенді линименттер технологиясында ........ сатысы жүргізілмейді:
А) майдалау
В) еріту
С) сапасын бағалау
D) араластыру
Е) орамдау және безендіру
4. Линименттер құрамына дерматолды ...... енгізеді:
А) суспензия түрінде
В) ерітінді түрінде
С) эмульсия түрінде
D) майлы компонентті ерітіп
Е) желатозамен ысқылап
5. Олеин қышқылынан 0,2, мүсәтір ерітіндісінен 5 мл, қара меңдуана майынан 15,0 жазылымы бойынша дәрілік түр ......... линиментке жатады:
А) эмульсиялық
В) гомогенді
С) суспензиялық
D) гетерогенді
Е) аралас
6. Официнальды суспензиялық линимент:
А) Вишневский бойынша
В) стрептоцидті
С) мүсәтір
D) ксероформды
Е) синтомицинді
7. Ұшқыш линимент құрамына суда еритін компоненттерді енгізу жолы:
А) мүсәтір ерітіндісінде ерітеді
В) судың аз мөлшерінде ерітеді
С) спиртте ерітеді
D) соңында қосады
Е) олеин қышқылымен араластырады
8. Линименттер консистенциясы бойынша:
А) қою сұйықтықтар
В) жағар майлар
С) қатты заттар
D) ерітінділер
Е) суспензиялар
9. Эмульсиялық линименттер - бұл күрделі дәрілік жүйе, құрамына эмульгатордан басқа міндетті түрде ... енеді.
A) майлы және сулы компоненттер
B) глицерин
C) спирт
D) су немесе дәрілік заттардың сулы ерітіндісі
E) суда еритін дәрілік заттар
10. Емдік қасиеті бар линимент негізі:
А) қара меңдуана майы
В) күнбағыс майы
С) эсилон-5
D) шабдалы майы
Е) вазелин майы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет