II класс: жеделдеу стенокардия (48 сағаттан – 1 ай аралығында тыныштық жағдайда стенокардия ұстамалары болса).
III класс: жедел стенокардия (соңғы 48 сағат аралығында бір рет ангинозды ұстама болса).
- А класс — екіншілік тұрақсыз стенокардия, екіншілік қоздыратын факторлар (мысалы, анемия, инфекционды аурулар, тиреотоксикоз салдарынан).
- В класс — біріншілік тұрақсыз стенокардия.
- С класс — постинфарктті стенокардия (МИ кейін 2 аптадан аз уақыт өткенде пайда болады).
Миокард инфарктісі- абсолютті немесе салыстырмалы коронарлы жеткіліксізден пайда болатын жүрек тініндегі жедел некроздық ошақ.
Острый коронарный
синдром.
Жедел миокард инфарктісінің жіктелуі. 1. ST-T сегментінің көтерілуімен жүретін жедел миокард инфарктісі (трансмуральді, эпикардиальді аймақты қанмен қамтамасыз ететін коронарлы артерияның окклюзиясы). Жиі толық окклюзия болғанда патологиялық Q- тісшесі пайда болады. - Q толқынды миокард инфарктісі. 2. ST-T сегментінің көтерілуінсіз жүретін миокард инфарктісі (интрамуральді, коронарлы артерияның толық емес окклюзиясымен немесе олардың стенозында пайда болады), жиі патологиялық Q тісшесінсіз жүреді (ұсақ ошақты МИ).
Жедел коронарлы
синдром
Зақымдалу тереңдігіне қарай: Трансмуральді- -миокардтың барлық бөлігі зақымданған; интрамуральді– белгілі бір қарыншалар қабырғасы ішінде, эндокардқа және эпикардқа жетпейді; - субэпикардиальді; - субэндокардиальді ЭКГ: ST-T депрессиясы– субэндокардиальді ишемия, ST-T инверсиясы - трансмуральді ишемия, QS комплексінің пайда болуы, R тісшесінің – некроз аймағында болмауы, трасмуральді инфаркт белгісі, терең Q тісшесі, R тісшесі сақталғанда- интрамуральді МИ, Q тісшесінсіз, T тісшесінің инверсиясы - ұсақ ошақты МИ.
Жедел коронарлы
синдром
Орналасуына қарай:
- Алдыңғы қабырғалық, алдыңғы және аралық аймақты қамтыған, алдыңғы қабырғасынан сол жақ қарыншаның бүйірлі қабырғасын қоса қамтыған миокард инфарктісі – сол жақ қарыншаның негізгі «насостық» бөлігі зақымданғандықтан болжамы өте қолайсыз, ол кардиогенді шокқа, кенеттен өлімге әкеледі.
- Сол жақ қарыншаның бүйірлі қабырғасы
- Артқы, төменгі қабырғасы - АВ-блокады II сатысы Мобитц 2, III сатысы дамуына үлкен қауіп.
- Оң жақ қарыншаның миокард инфарктісі.
Достарыңызбен бөлісу: |