1. Тақырыбы №9: Туа біткен қызамық синдромы кезіндегі шаралардың стандартты және алгоритмдері. Қызылша кезіндегі шаралардың стандартты және алгоритмдері. Күлдің ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар. Менингококкты инфекциялар ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар. Мақсаты: студенттердің туа пайда болған қызамық, қызылша инфекцияларының, күл және менингококкты инфекциялардың эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру. эпид.анамнезін дұрыс жинауға, инфекция ошағында қатынаста болғандарды анықтауға, эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын белгілеуге үйрету.
3. Тапсырма: Туа пайда болған қызамық синдромының, қызылшаның, күл және менингококкты инфекцияның анықтамасы.
Туа пайда болған қызамық синдромының, қызылшаның, күл және менингококкты инфекциялардың этиологиясы және эпидемиологиясы, берілу жолы.
Студент құрастырған нақты есепті шешу, ошақтағы эпидемияға қарсы шараларды белгілеу.
Туа пайда болған қызамық синдромының, қызылшаның, күл және менингококкты инфекция синдромдарында эпидемиологияның теориялық білімдерін қолдана отырып, осы инфекциялар ошағында алдын алу шараларын белгілеу.
4. Орындау түрі: Реферат дайындау және қорғау
Тапсырма құрастыру
Шаралар алгоритмі және стандарты
5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:
Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.
Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу