1. Тақырыбы №10: Вирусты этиологиясы бар аэрозольді инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және алдын алу бойынша нормативті-құқықтық құжаттар. Бактериалды этиологиясы бар аэрозольді инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және алдын алу бойынша нормативті-құқықтық құжаттар. Желшешек және эпидемиялық паротит ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар.
2. Мақсаты:студенттердің вирусты этиологиясы бар аэрозольды инфекциялар және бактериальды этиологиясы бар аэрозольды инфекциялардың эпидемиологиясының теориялық негіздері жөнінде білімдерін қалыптастыру. Эпид.анамнезін дұрыс жинауға, инфекция ошағында контактта болғандарды анықтауға, эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын белгілеуге үйрету.
3. Тапсырма: Вирусты және бактериальды этиологиялы аэрозольды инфекциялардың анықтамасы
Вирусты және бактериальды этиологиялы аэрозольды инфекциялардың этиологиясы және эпидемиологиясы, берілу жолы
Желшешек, эпидемиялық паротиттің эпидемиологиясын оқып үйрену.
Студент құрастырған нақты есепті шешу, ошақтағы эпидемияға қарсы шараларды белгілеу.
Вирусты және бактериальды этиологиялы аэрозольді инфекциялардың эпидемиологиясының теориялық білімдерін қолдана отырып, осы инфекциялар ошағында алдын алу шараларын белгілеу.
Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.
Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу