ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет36/64
Дата15.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#123562
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64
Байланысты:
метод-СРС-эпидем-ОЗ-каз

Жағдайлық есеп
Науқас К., орманшы, жұқпалы аурулар стационарына басының қатты ауыруына, бұлшық еттерінің ауыруына, құсуына, жарықтан қорқуына, тітіркенгіштігіне, жоғары қызбаға (39-400 С) шағымданып түсті.
Объективті: айқын желке бұлшық еттерінің ригидтілігі, Кернинг, Брудзинский симптомдары оң мәнді, пульсі – минутына 129 рет, АҚ – 150/95 мм сын.бағ. Жұлын сұйықтығының анализі: ағысты ағу, Панди реакциясы +++, 46 клетка цитозы, оның ішінде 30 лимфоцит, белок – 1,3 г/л, қант – 2,7 ммоль/л. Эпиданамнез: ауырғанынан 2 апта бұрын аяғына жабысқан екі кенені алып астаған. Науқасқа “Кенелік энцефалит, менингеальды түрі, ауырлығы орташа дәрежеде” деген диагноз қойылды.
Жағдайды бағалаңыз және кенелік энцефалиттің мүмкін болатын шығу себептері жайлы гипотеза айтыңыз. Эпид. ошақтағы шараларды бағалап, оның жүргізілу қажеттігін негіздеңіз.
1. Тақырыбы №18: Эпидемиялық бөртпе сүзегі және қайталамалы бөртпе сүзегі (Брилль-Цинссер ауруы) кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері. Сіреспе және газды гангренаның этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары.
2. Мақсаты: студенттерге эпидемиялық бөртпе сүзегі, қайталамалы бөртпе сүзегі, сіреспе, газды гангрена эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру; эпидемиологиялық анамнезді дұрыс жинауды үйрету; инфекция ошағында жанасқандарды бөлу; эпидемияға қарсы алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.
3. Тапсырма:

    • Эпидемиялық бөртпе сүзегі мен Брилл ауруы, сіреспе және газды гангренаның анықтамасы.

    • Эпидемиялық бөртпе сүзегі мен Брилл ауруы, сіреспе және газды гангренаның этиологиясы және эпидемиологиясы.

    • Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құраған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

    • Теориялық білімді қолдана отырып, эпидемиялық бөртпе сүзегі мен Брилл ауруының осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет