8. Бақылау (тесттер, есептер): 1. Микоздардың диагностикасында қолданылмайтын әдіс:
А) Тцанк жасушаларын жағындыда анықтау
Б) Вуд лампасының астында қарау
В) қабыршақ және шаштың микроскопиялық зерттеу
Г) Вальцер сынамасын жүргізу
Д) культуральды зерттеу
2. Эпидермофитияның дисгидротикалық түрінің ең жиі шоғырлануы:
А) табан
Б) аяқтың беткейі
В) саусақ аралық қатпарлар
Г) алақан
Д) қол-білек
3. Инфильтративті-іріңді трихофитияның симптомы –
А) «бал» симптомы
Б) стружка симптомы
В) жасырын қабыршақтану симптомы
Г) козырек симптомы
4. Шаш зақымдалмайтын дерматоз:
А) кандидоз
Б) беткейлі трихофития
В) инфильтративті-іріңді трихофития
Г) микроспория
Д) фавус
5. Терең микоздар тобына жататын дерматоз
А) бластомикоз
Б) кандидоз
В) рубромикоз
Г) эритразма
Д) трихомикоз
6. Асқынған қотырға тән симптом
А) Арди-Горчаков симптомы
Б) стеаринді дақ симптомы
В) Никольский симптомы
Г) Кебнер симптомы
Д) Бенье симптомы
7. Балалардағы қотырдың типті орналасуын көрсетіңіз
А) алақан мен табан
Б) қолдың саусақ аралық қатпарлар
В) бастың шашты бөлімі
Г) бет пен мойын
Д) арқа
№1 жағдайлық есеп Аэропорттың жеке басты алдын алу пунктінің фельдшеріне 25 жасар пациент қаралды: айқын түнгі қышыну, «Қотыр, екіншілей инфекциямен асқыну» диагнозы. Диагноз Египетте қойылды. Бойдақ. Тұратын жатақханасындағы бөлмесінде 3 адам тұрады – «ол үйге барғысы жоқ, басқаларды жұқтырмау үшін».
Осы жағдайдағы фельдшердің дұрыс тактикасын көрсетіңіз:
фельдшер пациентке, тек ЖЖБИ алдын - алуын жүргізетіні туралы түсіндіреді
медбике санэпидрежим және этико-деонтологиялық принциптерді сақтай сотырып фельдшердің бақылауымен заманауи тиімді препараттардың (20% мазь бензил-бензоата, аэрозоль Спрегаль) қолдануымен ем жүргізеді.
этика мен деонтологиялық принциптерді және өзгелерден диагноз құпиясын сақтай отырып, жатақхана бойынша көршілерін фельдшер тексеруге шақырады
Жатақханада барлық тұрғындарға және өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып жұмыстағы ұжымға алдын-ала қаралу; алдын-алу бойынша санитарлы-ағарту дәрістер мен әңгімелер жүргізіледі. Бөлмені өңдеу үшін СЭС шақырылады.
Фельдшер тез арада ТВД-ге қаралуға кеңес беріп, «Тексеру» диагнозымен жолдама жазады.
№2 жағдайлық есеп Отбасыда кіші бала бала-бақшаға барады, ата-анасына жолдасы – көп балалы отбасынан шыққан баланың «мысықтан залалданғантықтан» бала-бақшаға бармайтынын айтты.
Қате ұғымды көрсетіңіз
Кіші бала микология бөлімшесіне тез арада міндетті түрде жатқызылуы қажет.
Осындай науқасқа күтім жүргізу – емінде өте маңызды, баланы тыныштандырып, этико-деонтологиялық принциптерін сақтай отырып, тізбек бойынша таблеткаларды беріп, өскен шаштарды қырып, санэпидрежимді сақтай отырып, пластырьды жабыстырып, тағайындалған мазьдерді жағып отыру, әрдайым орамалдың тағуын, іш киімнің ауыстырылуына бақылау жүргізу, жеке бас гигиенасын сақтау
Патогенді саңырауқұлақтармен залалданған жануарлардан әдетте балалар бастың шашты бөлімінің және терінің микроспориясын жұқтырады.
ТВД-дің көмегімен бала-бақшада барлық балалар мен қызметкерлердің медициналық қаралу, қорытынды және ағымды дезинфекция; отбасында – барлық қатынаста болғандарды тексеру, дезинфекция ұйымдастырылады.