ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу


Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер)



бет59/64
Дата15.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#123562
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
метод-СРС-эпидем-ОЗ-каз

8. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):
Сұрақтар:
1. Клиникалық эпидемиология туралы түсінік
2. Клиникалық эпидемиологияның әдістері
1 жағдайлық есеп
Тұрғылықты мекен-жайда 3 күн бойы жедел ішек инфекцияларының аурушаңдық көрсеткіштері 2 есе көбейген. Ошақтар көбіне бір микроауданда пайда болған. Ошақтардың 10 % 2 науқастан анықталған, 3 % - 3. Науқастардың арасында балалар жиі ауырған. 70 % науқаста ауру қоздырғыштың бір ферментативті түрімен шақырылған.
Эпидемиялық үдерістің түрін анықтаңыз.
2 жағдайлық есеп
Жұқпалы аурулар бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы жұмыстардың дәрежесін анықтауда негізгі қажет көрсеткіштерін анықтаңыз?
3 жағдайлық есеп
С. қаласында 2007 ж. қызамықпен 3-6 жас аралығында 17 бала ауырды, оның ішінде 13-і бұрын қызамыққа егу алған. Осы жас топтағы жалпы бала саны - 8800, оның 8700 балаға қызамыққа қарсы активті жоспарлы иммунопрофилактика жүргізілді, әр түрлі себептермен 100 бала егілмеген.
Иммунизация тиімділігіне баға беріңіз.
Тесттер:
1. Қауырт эпидемиологиялық талдаудың мақсаты неде?
а. Қауырт санитарлы-эпидемиологиялық талдаудың маңызы неде?
б. Негізгі статистикалық көресткіштерді атаңыз.
в. Қауырт эпидемиологиялық талдаудың анықтамасы, оның негізгі бағыттары
г. Қауырт эпидемиологиялық талдаудың құрылымы.
д. Қауырт эпидемиологиялық талдаудың бағыттары.
2. Аурушандық дәрежесі анықталады:
А) эндемия;
Б) спорадикалық жағдай;
В) эпидемия;
Г) пандемия;
Д) өршу.
3. Тұрғылықты ортасы – бұл:
А) эпидемиялық шоғырлануды пайда болу, даму және жоюдың ерекшеліктерін сипаттайтын эпид.үдерістің сипаттамсы;
Б) ошақтардың пайда болу динамикасы;
В) бір сәтте пайда болған ошақтар саны;
Г) аймақта ошақтаың шоғырлануы.
4. Аурушандықтың нормативті (бақылаулық) дәрежесі деп түсінуге болады:
А) тәулік бойы науқастардың абсолютті саны;
Б) 1 аптада аурушандықтың көрсеткіші;
В) 1 айда аурушандықтың көрсеткіші;
Г) 1 жылда аурушандықтың көрсеткіші;
Д) белгілі нозологиялық түрдің белгілі аймақта аурушандықтың әр мезгілдегі орташа көрсеткіші.
5. Аурушандық дәрежесінің апта бойы 2 есеге көбеюі немесе азаюыдағы эпидемиялық жағдайды қалай бағалауға болады:
А) қалыпты;
Б) тұрақсыз;
В) қауіп-қатерлі;
Г) қалыпсыз
6. Аурушандықтың баяу тұрақты көтерілгенде эпидемиологиялық жағдайды қалай бағалауға болады:
А) қалыпты;
Б) тұрақсыз;
В) қауіп-қатерлі;
Г) қалыпсыз
7. Үлкен көлемдегі аурушандықтың оперативті бақылауы ... пайдаланғанда біршама жеңілдейді.
А) статистикалық әдісті;
Б) эпидемиологиялық әдісті;
В) бактериологиялық әдісті;
Г) картографиялық әдісті.
8. Эпидемиологиялық талдаудың бастамасы және негізі болып табылады:
А) жұқпалы аурулар ошағының эпидемиологиялық зерттеуі
Б) аймақта эпидемиологиялық бақылау жүргізу
В) санитарлы фон
Г) аурушаңдық туралы мәлімет
9. Эпидемиологиялық талдау арқылы болады:
А) эпидемиялық үдерістің бағыты мен түрінің дұрыс ұсынысын құрастыру
Б) эпидемиялық үдерістің ішкі маңызын ашу
В) эпидемиологиялық болжамды анықтау
Г) жұқпалы аурушаңдықтың төмендету жоспарын құрастыру
10. Қауырт эпидемиологиялық талдауға тән емес талдау бөлімін көрсетіңіз:
А) алдыңғы жылмен салыстырғанда аурушаңдықтың дәрежесі мен
құрылымын талдау
Б) белгілі эпидемиялық жағдайды бағалау
В) аурушаңдықтың дәрежесі, құрылымы, динамикасын бақылау
Г) халықтың аурушаңдығының себептерін анықату және тексеру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет