ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк фармацевтика академиясы техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті ДӘрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»



бет19/65
Дата16.06.2023
өлшемі192,7 Kb.
#101792
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
Фосфатты пішіндеуші материалдар. Гипсті пішіндеуші массалардың отқа төзімділігі өте төмен. Сонымен бірге оларды тот баспайтын болатты және хром-кобальт құймасын құйғанда қолданбайды, яғни гипсті пішіндеуші, материалды балқу температурасы 1200-16000С-қа жететін құймаларда қолдануға болмайды. Гипсті отқа төзімділігінің төмен болуы, гипс 10000С температураның өзінде ақ, күкір және кальций тотығына бөлінеді. Бұл гипстің ыдыраған өнімдері құймаға әсер етіп, оның қасиетін және тотығуына тұрақтылығынжояды. Алтын құймалардың шөгуін шамамен 1,25% , ал гипстік пішіндеуші материалдың кеңеюі алатынқұйманың шөгу коэффициенті шамасында, яғни бұл материал құйманың шөгуінің орнын толық қалпына келтіре алады. Ал тот баспайтын болаттың шөгуі 2,7%, ал мұны гипсті мүсіндеуші масса толық қалпына келтіре алмайды, сондықтан бұл кездерде фосфатты пішіндеуші материалдарды қолдануымызға тура келеді. Бұл материал тот баспайтын, шөгу коэффициентіне сай, термиялық кеңейеді де, оның орны толық толтыратын, отқа төзімді материал. Бірақ фосфатты пішіндерде гигроскопиялық кеңею қасиеті жоқ, сондықтан балауызды мүсінді температураны біртіндеп көтеру арқылы жандырады. Ал егерде бұл жағдай сақталмаса, пішінінде жарықтар, көпіршектер, саңылаулар пайда болуы мүмкін. Фосфатты материалдың ішінде кең тараған түрлері мынадай: Вировест (қаттылығы 140Н/мм2) Вироплюс (қаттылығы 190 Н/мм2); бегостал (кеңеюі 2,45%).
Сондай-ақ, бағалы материалл құймаларына арналған Германияда шығарылатын Ауровест Совет, Дегувест Совет (кеңеюі – 2,15%) т.б. түрлері бар.
Силикатты пішіндеуші материал. Тістің техникалық тәжірбиесінде, балқу температурасы жоғары тот баспайтын болаттың қолдануына байланысты, жоғары беріктілікке және отқа төзімді силикатты пішіндеуші масса ендіріледі.
Пішіндеуші массада гипс және фосфатты байланыстырғыш заттардан басқа сұйық шынының гидролизі немесе кремнийдің органикалық қосылысы кезінде түзелетін кремний гелі де қолданылады. Бұл әлсіз, эфирлі, исі бар, ашық қоңыр түсті, мөлдір сұйықтық. Кремнийдің органикалық қосылыстарынан тэтраэтилсиликат қолданылады. Металл және құймаларды құю үшін қолданатын силикатты пішіндеуші массаларға мыналар жатады: Цитрин, Лютова, манукянның массалары.
Пішіндеуші массаның құрамына кварцтың ұсақ құмы, еленген шаң және темір тотығы кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет