ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк фармацевтика академиясы техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті ДӘрігерлердің және фармацевтердің біліктілігін жетілдіру факультеті жәнеколледждің стоматология кафедрасы «Доғалы протез дайындау


Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------



бет16/33
Дата21.12.2023
өлшемі75,73 Kb.
#142340
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------5 мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------15 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
1.3-ші зертханалық кезең түрлері.
2. Доғалы протезді ауыз қуысында тексеру.
3. Жасанды тістерді дайындау.
4. Пластмассаның түрлері.
10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------40 мин(44%)
Жасанды тісерді орналастыру. Балауызды пластмассаға ауыстыру. Өңдеу, тегістеу, жылтырату.
Жасанды тістерді таңдау. Жасанды тістерді таңдау арқылы шайнау қалпына келтіруге және эластикалық көркемдік жағынан ең бастысы алдыңғы тістерді таңдау болып табылады. Олардың пішініне, түсуіне, өлшеміне басты көңіл бөлінеді. 1907 жылы Вильямс әртүрлі несіл және тайпа адамдарының бас сүйектерін тексеру нәтижесінде, ол тістердің қандай да бір нәсілге емес екендігін дәлелдейтін ойға келеді. Өз тексерулерін қорытындылай келсе, ол тістердің барлық нәсілге тән 3 түрін ажыратады. Оларға тән белгілер алдыңғы тістерде, әсіресе орталық және бүйір күрек тістерде анық бөлінеді. Бірінші тиіптігі тістер олрдың кескі шетінен басталатын ұзындықтық жартысы бойында немесе жартасынан астамында байланысу бетіндегі сызықтардың параллельді немесе соған жуық болуымен сипатталады. Екінші түптегі тістердің байланысу бетінде конвергиялық өткір сызықтар болады, оны жалғасытрғанда тістер ұшында оның қиып кетуі мүмкін. Бұл сызықтардың түзу болмауы да мүмкін кейде тістің медиальды бетінде сәл иілу мен оның дистальды бетінде біршама дөңестік байқалады. Үшінші тиіптегі тістер дистальды ал кейде медиадьды беттеріндегі 2 түрлі дөңестікпен ерекшелінеді. Бұл тиіптегі тістердің барлық беттері мен бұрыштары аса тым дөңгеленген және әдемілеу болады. Қазіргі кездегі жасанды тістердің жоғарыд айтылған 3 тиіпімен қатар өтпелі түрі де дайндалады. Бұл кезде тістердің пішіні ұзындығы және түсі де ескеріледі. Тістердің пішіні мен бет типінің арасында белгілі бір байланыстылықтың бар екендігі анықталынған. Беттің төртбұрышты (квадратты) конус тәрізді және овальды деп аталынатын 3-тиіпін ажыратады. Беттің контуры бет сүйегі мен жақ бұрышы арасында орналасқан ұрттың сол бөлігінің иілуімен анықталынады. Егер ұрт сызығы параллельді болса немесе сәл төмен қарай түссе, онда беттің пішіні төртбұрышты (квадратты) болғаны. Егер ұрт сызығы төмен қарай тым көп таралса, онда беттің конус тәрізді, яғни сопақша болғаны. Егер ұрт сызығы төмен қарай таралса, онда беттің пішіні овальды болғаны. Осы аталған 3 типтің арасында әйелдерде жиі кездесетін өтпелі жұмсақ пішінді деп аталатын түрде болады. Төртбұрышты бетпен және оның түрлерімен тістердің 1-ші типі үйлеседі. Байланысу беттері бет сызығына қарама-қарсы бағытта болатын конус тәрізді, яғни сопақша беттерге тістердің 2-ші типі қолайлылау болады. Беттің овалльды пішініне тістердің 3 типі де үйлеседі. Жасанды тістерді қою. Балауызды базис және тістем белдіктерімен орталық окклюзия моделін анықтағаннан кейін оларды төменгі жақтың қимылын туғызатын приборға бекітеді. Төменгі жақтың қимылын туғызатын приборлардың көп саны ұсынылады. Төменгі жақтың тек қана вертикальды (шарнирлік) қимылын шығаратын приборларды окклюдаторлар деп атайды. Төменгі жақтың барлық қимылдарын көп немесе аз дәрежеде шығаратын приборларды анатомиялық артикуляторлар деп атайды. Артикуляторлар: буын және күрек тістер жолдарының иілуін орташа қондыру артикуляторлары; буын және күрек тістер ығысуының иілуін (универсальды) жеке қондыру артикуляторы болып 2 үлкен топқа бөлінеді. Ал екіншісі өз алдына буынды және буынсыз болып тағы бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет