8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------5 мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------15 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
1. Параллелометрияны оқып үйрену.
2. Нея жүйесінің Аккер кламмері.
3. Нея жүйесінің Роуч кламмері
10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------40 мин(44%)
Параллеолметрия. Доғалы протездің қаңқасын гипстік мүсінде сызу. Нея жүйесінің кламмерлері. Отқа төзімді мүсін алу.
Параллелометр екі және одан да көп тіс бетінің және жақтың басқа бөліктерінің, мысалы альвеолярлық өсіндінің салыстырмалы паралльдігін анықтайтын прибор болып табылады. Параллелометрдің көп құрылығысы ұсынылды, бірақ оның негізінде бір ғана принцип жатыр. Қандай да бір ығысуда вертикальды стержень барлық жағдайда өзінің бастапқы орнына параллель болып табылады. Бұл тістерде параллельды стержень барлық жағдайда өзінің бастапқы орнына параллель болыпа табылады. Бұл тістерде параллельді вертикальды жазықтықтарда орналасқан нүктелерді анықтауға мүмкіндік береді. Параллелометр стерженьдер жиынтығынан анализдейтін, тістің астңғы ішін өлшеуге арналған әртүрлі диаметрдегі дискісі бар стерджендерден, меже сызығын сызатын графитті стерженьнен балауыздың артығын алып тастайтын алмастан тұрады. Анализдейтін стержень жалпақ болып жасалады. Ол меже сызығынң анағұрлым қолайлы бағытын анықтайды, осыған байланысты протездің кедергісіз кіргізілуін және оның жақсы бекінуін қамтамасыз ететін кламмерлердің де орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Протезді кіргізу және шығару жолдары. Кіргізу жолдары протездің кламмерлік элементтерінің тіреу тістерімен бастапқы жанасуынан бастап протез орны тістеріне дейінгі жасайтын протез қимылы болып табылады. Мұнан кейін окклюзиялық жапсырмалар протез орнына қойылады, ал базисті протез орынан бетіне дәл етіп орналастырады. Протезді шығару жолы оның кері бағыттағы қимылымен анықталынады. Яғни базистің протез онны шырышты қабатынан тіреу тістермен тіреп және ұстап тұратын элементтерінің жанасуы толық жоғалғанға дейінгі ажырауы болып табылады. Кіргіу жолы кламмердің орналасуына байланысты болады, яғни оның көркемдік жағына да әсер етуі мүмкін. Сондықтан кламмерлерді онша бөлінбейтін және алдыңғы тістердің талаптары да, мысалы оның бекітілуін де орындауымызға тура келеді.
Протезді кіргізудің төмендегідей жолдарының болуы мүмкін.
1. Вертикальды (бұл кезде жақсы ретенция қажет болады). Өйткені жабысқақ тамақ тістердің бір-бірінен ажырауында протезді ығыстыруы мүмкін.
2. Вертикальды оң/шын мәніндегі вертикальды қимылдан сәл оңға қарай өтеді.
3. Вертикальды сол.
4. вертикальды артқы.
5. Вертикальды алдыңғы
Кіргізу жолы таңдау кездесойық нәрсе емес, белгілі бір жағдайларға байланысты болады. Оларға протезді кіргізу және шығару барысындағы тістердің астыңғы ішкі жағындағы және альвеолярлық өсіндінің ойығы түрде байқалатын кедергілерді жатқызуға болады. Кедергісі аз болатындай жолды таңдаған жөн болады. Протездің қызмет кезіндегі бекінуін де ескеру қажет болып табылады. Алдыңғы тістерге қойылатын кламмерлердің көрінбеуі тиіс, өзіне сәйкес болатындай пішіні мен реңі болуы қажет. Барлық жағдайда кірістірілген ақауларда сәйкес келетіндей пішін беретін сауыттармен тісті қаптайды. Параллелометрдегі модельді зерттеу тістің меже сызығын яңни тіс бетін окклюзиялық (тіреу) және ретенциялық (ұстап тұрушы немесе мойын аралық деп аталатын 2 бөлікке бөлетін сызықты анықтаудан тұрады.
Меже сызығы мен қызылиек қыры арасындағы астыңғы ішкі бөлік, яғни кламмердің эластикалық-созылмалы бөлігінде протез ретенциясы қаматамасыз ететін белдеу орнласады.