Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Қорытылуы мен сіңірілуі. Асқазан жолы мен тіндердің нуклеазалары



бет33/125
Дата09.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#48868
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   125
Байланысты:
Биологическая-химия-Бакалавриат-каз

Қорытылуы мен сіңірілуі. Асқазан жолы мен тіндердің нуклеазалары. Жануар өнімдері нуклеопротеидтерге бай. Тұз қышқылының әсерінен асқазанда нуклеопротеидтер нуклейн қышқылдары мен нәруыздарға ыдырайды. Нуклеаза ферменттері 31-51-фосфодиэфирлік байланыстарды гидролиздейді. Нуклеазаларды 2-ге бөледі: ДНҚ-азалар мен РНҚ-азалар. ДНҚ-ның полинуклеотидтік тізбегін ДНҚ-азалар, ал, РНҚ-ның полинуклеотидтік тізбегін РНҚ-азалар гидролиздейді.
Полинуклеотидтік тізбектің гидролизі нәтижесінде мононуклеотидтер (АМФ, ГМФ, ЦМФ, УМФ, dАМФ, dГМФ, dЦМФ, dТМФ) түзіледі. Мононуклеотидтер ішек нуклеотидазаларының әсерінен нуклеозидтер мен фосфор қышқылына гидролизденеді.
НОН
АМФ аденин+фосфор қышқылы;
нуклеотидаза

НОН
ГМФ гуанин+фосфор қышқылы;


нуклеотидаза
Нуклазидтер ішек сөлінің нуклеазидазаларының әсерінен азоттық негіздер мен пентозаға (рибоза мен дезоксиробоза) ыдырайды:
НОН
d тимидин тимин+дезоксирибоза;
нуклеотидаза
НОН
уридин урацил + рибоза.
нуклеотидаза

Нуклеозидтер, азотты негіздер, пентозалар мен фосфор қыщқылы ішек қабырғасы арқылы сіңіріледі. Нуклеопритеидтердің қорытылуынан түзілген өнімдер әрі қарай ішек қабырғасынан өтіп, қан ағысымен бауырға жеткізіледі, одан әрі басқа ұлпалар мен ағзаларға таратылады. Осылай нуклеаза, нуклеотидаза және нуклеозидазалар әсерінен нуклеопротеидтер құрылымдық мономеріне дейін ыдырайды. Одан әрі олар пуринді және пиримидинді негіздеріне қарай тін ішілік ыдырауға түседі.


Пуринді нуклеотидтердің катоболизмі. Тіндердегі пуринді нуклеотидтердің ыдырауы фосфаттың, рибозаның немесе фосфорибоза қалдықтарының гидролитикалық үзілуі арқылы жүреді. Бұл реакциялардың жүруі аданизин мен гуанозиннің гидролитикалық дезаминденуінен басталады, немесе гидролитикалық дезаминденудің алғы заты аденозин мен гуанозин болып табылады. Дезаминдену кезінде АМФ-тан инозинмонофосфат түзіледі. Аденозин дезаминденгенде инозин түзіледі. Инозин одан әрі гипоксантинге гидролизденеді. ГМФ дезаминденгенде ксантинмонофосфат пен аммиак түзіледі. Гуанозин дезаминденгенде ксантозин түзіліп, әрі қарай ксантин мен рибозаға дейін гидролизденеді. Ксантин одан әрі ксантиноксидазаның әсерінен несеп қышқылына дейін тотығады. Гипоксантиннің ксантин және несеп қышқылын түзу реакциялары да ксантиноксидазамен жүреді.
Пуринді нкулеотидтердің соңғы өнім несеп қышқылын түзуі бауырда жүреді. Ағзадағы күнделікті түзіліп, несеппен шығарылатын несеп қышқылының мөлшері 0,5-1,0 грамм аралығында болады. Дені сау адамның қанындағы несеп қышқылының мөлшері 0,16-0,57 ммоль/л-ге тең. Несеп қышқылы суда нашар еритін қосылыс. Қанда несеп қышқылы қан нәруыздарымен байланысқан және солармен тұрақтандырылады. Аздаған гиперурикемия бұлшық еттерде, қан тамырларында, шеміршекте, тері мен бүйректе несеп қышқылының (урат натрия) кристалл тұздарының жинақталуы мен кристаллдануына алып келеді. Подагра кезінде несеп қышқылының тұздары майда тамырларда жинақталып, олардың деформациясы, қабыну, ауырсыну мен функциясының бұзылуы байқалады. Бүйрек қабынуында ураттардың жинақталуы, бүйректе тас пайда болуына алып келеді. Бүйректе тас жиналу подагра кезінде асқындайды. Подаграның басты себебі гиперурикемия екеніне, барлық ересектердің 0,3-1,7пайызы ауыратынын ескерсек, оны тәжірибелі емдеудің және аллопуринолдың алдын алу дәлел. Аллопуринол гипоксантиннің құрылымдық аналогы ретінде ксантиноксидазаның бәсекелес ингибиторы болып табылады. Аллопуринолды тәулігіне 0,2-0,8 г мөлшерінде қабылдау, қандағы несеп қышқылының мөлшерін қалыпты деңгейге дейін төмендетіп, суда жақсы еритін және несеппен шығарылатын гипоксантин мен ксантиннің мөлшерін жоғарылатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет