Николаев А.Я. Биологическая химия. Учебник.2007. Москва. 568с.
Кенжебеков П.К. Биологиялық химия Шымкент, 2005ж.
6.Кері байланыс сұрақтары:
Құрамында көмірсуы бар аралас биополимерлердің көрінісі.
Көмірсулардың гидролизі қайда жүреді.
Гликолиз бен глюконеогенездің айырмашылығы.
5 .7. Гликогеннің ыдырауының гидролиз арқылы жүруі қайсы мүшеде жүреді?
8. Қандай ферменттердің активтілігі нашарлағанда галактоземия ауруы дамиды?
9. Глюкоза-6-фосфатаза ферментінің белсенділігі нашарлағанда қандай ауру пайда болады ?
10. Қандай процесстер гликогеноздар деп аталады?
№ 6
1.Тақырыбы: Липидтерің алмасуы.
2.Мақсаты: Студенттерді липидтердің биологиялық маңызды қызметтерімен таныстыру. Май қышқылдарының және глицериннің қышқылдану заңдылықтарын қарау, үшглицерид фосфолипид биосинтезі және май қышқылдарының сұрақтарына студенттердің назарын аудару. Адам және жануарлар ағзасында жиі кездесетін липидтерге түсінік беру. Үшглицедтердің алмасуына және энергетикалық қызметіне түсінік беру. Кетон денелеріне түсінік беру. Жиі кездесетін липидтер алмасуының патологияларына түсінік беру.
3.Дәріс тезисі Липид- суда ерімейтін, полярсыз ерітінділерде еритін табиғаттағы органикалық зат.
Липидтердің негізгі қызметтеріне: энергетикалық (40% энергия), судонорлы (эндогенді судың көзі), электрожылуизомерлеуші, эмильгирлеуші қызметтері жатады.
Липидтердің тәуліктік қажеттілігі 60-80 г., олардың 20-25 г. өсімдік липидтері.
Липидтердің қорытылуы негізінен ішекте жүреді. Липидтер өт қышқылының әсерінен эмульгирленеді: хол, хенодезоксихол қышқылы липидтерді қорытатын ферменттер – липазалар, фосфолипазалар, холестеролэстераза, церамидаза ұйқы безінен түседі. Ферменттер өт қышқылымен және колипазаның кофакторымен белсендіріледі.
Ыдыраған липидтердің қорытылуы жай диффузия жолымен жүреді және хол жиынының құрамында өт қышқылының көмегімен сіңіріледі.
Ішек қабырғасында майлардан май қышқылының глицерин, моноглицерин, азоттыспирт және холестериннің ресинтезі жүреді. Содан соң ресинтезделген майлар хиломикрондарға айналады, яғни тағамның ресинтезінен майлардың тасымалдаушы түрі. Моно- , диглицериндердің, хиломикрондардың бір бөлігі ішек қабырғалары арқылы бауырға өтеді және хиломикрондардың негізгі бөлігі лимфа ағынымен жүрекке және өкпеге барады, ол жерден қанға түседі. Қанда хиломикрондардан гепаринмен белсендірілетін липопротеинлипазаның көмегімен ыдырайды.
Жасушаішілік майлар липолитикалық каскадтың көмегімен ыдырайды. Осының нәтижесінде пайда болған глицеринмен май қышқылы басқа ағзалар мен тіндер де қышқылданады.
Глицериннің қышқылдануы негізінде диоксиацетонфосфат түзіледі, ол гликолизге қатысады.
Глицериннің аэробты ыдырауы – 22 АТФ
Глицериннің анаэробты ыдырауы – 1 АТФ
Май қышқылының В – қышқылдануы митохондрйде жүреді, олар 4 ферменттің қатысуымен, Ацетил КоА, ФАДН2 – ге дейін қышқылданады.
Май қышқылының малонил КоА – дан қышқылдануы цитоплазмада жүреді, ол Ацетил КоА – дан түзіледі.
Перифирикалық орналасқан 6 ферменттен және АТН – қ орталығында орналасқан май қышқылдарымен синтезделінетін ферментті атаймыз (ацетилтасушы нәруыз).
Фосфолипидтердің және үшглицериннің биосинтезі, диацилглицериннің және фосфатты қышқылдарының синтезделу сатысына дейін ұқсас болып келеді. Ең маңызды фосфолипидтерге фосфотидилэтаноламин, фосфотидилхолин, фосфотидилсерин жатады. Фосфолипидтердің биосинтезі мембрананың жаңаруымен байланысты.
Липотропты факторға холин, инозит, серин, метионин, ТГФК және ГФ жатады.