Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет30/125
Дата09.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#48868
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125

Ағза тіндерінде тоқтаусыз липидтер жаңаланып тұрады. Адамдарда ең көп мөлшер құрайтын липидтер- үшацелиглицерин, олар 2-18 тәулігіне жаңаланып тұрады. Кетон денелерінің түзілуі (кетогенез) бауырдың митохондриясында өтеді.Кетон денелеріне-ацетоацетат, β-гидрокси-бутират және ацетон жатады. Кетон денелері гидроксиметилглутарат айналымында синтезделінеді содан соң қанға түседі. Қалыпты жағдайда қанда 0,4-0,6 ммоль/л болады.

Холестеріннің түзілуі күрделі анаболикалық процесс. Холестериннің түзілуіне ацетил КоА 18 молекуласы және 35 фермент қатысады, үш кезеннен турады.

  1. мевалон қышқылының тузілуі;

  2. мевалон қышқылының скваленге өтуі;

  3. Скваленнің холестеринге өтуі.

Холестериннің түзілуі гиалоплазма және эндоплазматикалық торда өтеді.

Бауырда синтезделген холестерин ТТЛ, ТЖЛ және ТӨТЛ арқылы тасымалданады. Холестерин ағзада биологиялық мембрананың құрылысына, өт қышқылдарының түзілуіне, стероидты гормондардың және Д- витаминнің түзілуіне қажет.

Липидтер алмасуының негізгі патологиясы болып холестеринге байланысты-атеросклероз.

Атеросклероз – холестериннің артерияларда жинақталуы. Гиперлипопротеинемияның үш түрі кездеседі.

  1. гиперхолестеринемия;

  2. гипертриглицеринемия;

  3. аралас түрлері.

Қанда холестериннің мөлшері жоғарылап кетсе бүйректе тас пайда болуы мүмкін. Тас пайда болу себебі холестерин (70%) және биллирубин (30%) қосылып тұнбаға түседі.


4.Иллюстрациялы материалдар.

  1. «Көмірсулар алмасуы. Гликолиз. Көмірсулардың пентозо-фосфаттық жолмен ыдырау. Глюконеогенез» тақырыбы бойынша презентация

  2. «Гликолиз бен гликонеогенез» кестесі.

  3. «Глюкозаның азробты өзгеруінің энергетикалық балансы» кесте.

  4. «Пентозофосфатты шунт пен гликолиз» кестесі.



5.Әдебиеттер:

  1. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биохимия. 2004. Москва. 704с.

  2. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии. 1998. Алматы. 460с.

  3. Тапбергенов С. Медицинская биохимия. 2001. Астана. 284с.

  4. Николаев А.Я. Биохимия. 1989. Москва. 390с.

  5. Строев Е.А. Биологическая химия. 1986. Москва. 420с.

  6. Николаев А.Я. Биологическая химия. Учебник.2007. Москва. 568с.

  7. Кенжебеков П.К. Биологиялық химия Шымкент, 2005ж.

6.Кері байланыс сұрақтары:

  1. Липидтер қандай қызмет атқарады?

  2. Май қышқылдарының қышқылдануы қайда жүреді?

  3. Қай соңғы өнім, май қышқылының синтезін бастайды?





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет