Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет71/125
Дата09.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#48868
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   125
Байланысты:
Биологическая-химия-Бакалавриат-каз

7. Бақылау:Тест сұрақтары
1. Холестерин қорытылады:
а) ауыз қуысында
б) асқазанда
в) аш ішекте
г) тоқ ішекте
д) қорытылмайды
2. Қазіргі кездегі өт тас ауруын емдеуге және алдын алуға қолданатын әдіс:
а) май тағамдарын пайдалану
б) холестеринге бай тағам
в) хенодезоксихол қышқылын пайдалану
г) ақуызға бай тағамды пайдалану
д) уақытша ашығу
3. Ішекте май қорытылу процессіне ... қатыспайды.
а) өт қышқылдары
б) тұз қышқылы
в) бикарбонат
г) липаза
д) өт пигменттері
4. Майда еритін витаминдерге жатады
а) А, Д, Е, К;
б) В1, В2, В3;
в) С, Р, РР.
г) А, С, Р.
д) Д, В6, С, В12
5. Хиломикрондар ... түзіледі.
а) бауырда
б) бүйректе
в) қан тамырының эндотемиясында
г) ішектің кілегейлі қабатында
д) өкпеде
6. Липидтердің ресинтезі ... жүреді.
а) бауырда
б) қанда
в) өкпеде
г) ішектің кілегейлі қабатында
д) бүйректе
7. Хиломикрондағы ҮАГ құрамы:
а) 2%
б) 10%
в) 30%
г) 50%
д) 90%
8. Кетогенез ... жүреді
а) ішекте
б) бауырда
в) бүйректе
г) қанда
д) миокардта
9. Кетонды денелердің синтезінің ұйытқысы болып табылады:
а) ацетил-КоА
б) малонил-КоА
в) глутарил-КоА
г) ацетон
д) гидроксиметил-КоА
10. Кетондық денелер синтезделеді: а) бауырда б) бүйректе в) аш ішекте г) дәнекер ұлпасында д) теріде

4 сабақ


1. Тақырыбы: Зертханалық сабақ тақырыбы: «Қанның құрамындағы жалпы липидтерді және бета-липопротеидтерді анықтау»
2. Мақсаты:
Қандағы β-липопротеидтерді, жалпы липидтерді диагностикалық тұрғыдан сандық анықтаудың биологиялық маңызын түсіну.
3. Оқыту мақсаты:
1. Студенттерді қан плазмасындағы β-липопротеидтер мен жалпы липидтерді
анықтау әдісімен таныстыру;
2. лабораториялық жұмыс қорытындысын талдау жасай алуға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет