Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет22/125
Дата09.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#48868
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   125
Қанағаттанарлықсыз

0-49 балл



Студент жауап беру кезінде принциптік қателіктер жібергенде,сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиетті қолданбаса, пәннің ғылыми терминологиясын пайдалана алмай, ойсыз, стилистикалық қателіктер жібергенде қойылады. Тест сұрақтарына 50% -дан төмен дұрыс жауап берді.



Рейтинг
Пән бойынша үлгерім жалпы бағамен анықталады:
ЖБ ═ ЖРБх 0,6+ҚББх0,4; мұнда:
ЖБ – жалпы баға
ЖРБ – жіберілу рейтингісінің бағасы;
ҚББ – қорытынды бақылау бағасы.
Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) пән бойынша жалпы үлгерімнің (ЖБ) 60 % құрайды.
Қорытынды бақылау бағасы жалпы бағаның (ЖБ) 40% құрайды:
Емтиханға жіберілу рейтингісінің
бағасы (ЖРБ) ═ АғББ+АрББ ;
2
Мұнда: АғББ – үлгерімді ағымдық бақылау бағасы
АрББ – үлгерімді аралық бақылау бағасы, 4 аралық бақылау:
(АрББ1 + АрББ2+ АрББ3+ АрББ4)/4
Үлгерімді ағымдық бақылау (АғББ) ═ практикалық сабақтардың орта бағасы + СӨЖ орта бағасы.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

ДӘРІС КЕШЕНІ


Пән: Биологиялық химия
Мамандығы: Фармация
Курсы: 3
.
Шымкент – 2013 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген


хаттама № . . 2013ж

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к: Есиркепов М.М..



1
1. Тақырыбы: Биохимияға кіріспе. Нәруыздардың құрылысы және функциясы.
2. Мақсаты: Сырқатқа диагноз қойып, оны емдеу үшін биологиялық химияның орнын көрсету. Нәруыздардың әр түрлі биологиялық қызмет атқаратындығын олардың құрылымдық ерекшелігінің негізінде түсіндіру.
3. Дәріс тезистері.Биологиялық химия - тіршілік туралы ғылым, яғни ағзаның құрамына кіретін заттардың құрылысын, биологиялық қызметін, энергия алмасуын және тіршіліктің негізіне жататын химиялық, физико-химиялық процесстермен тығыз байланысты екендігін молекулалық деңгейде зерттейтін ғылым.
Нәруыздың бірінші реттік құрылысына аминқышқылдардың қалдығынан тұратын сызықты полипептидтік тізбек жатады. Әрбір нәруыз өзіне ғана тән бірінші реттік құрылысының ерекшелігімен сипатталады, яғни аминқышқылдарының орналасу ретімен аминқышқылдардың сандық ара қатынасымен сипатталады. Нәруыздың бірінші реттік құрылысын ген анықтайды, әр бір ген өз ақуыз құрылысын қамтамасыз етеді. Әртүрлі жағдайдың әсерінен нәруыздың бірінші реттік құрылысының өзгеруі, ақуызға тән физико-химиялық және биологиялық функциясының бұзылуына себепкер болады.
Нәруыздың екінші реттік құрылысының үш түрі болады: α- серіппелі, β-құрылымды және ретсіз құрылым. Ал β- құрылымның өзі екіге бөлінеді; толық β – құрылымға (екі және оданда көп полипептидтік тізбектен түзілетін) және қысқа β – құрылымға (бір полипептидтік тізбектің бойында түзілетін).
α- серіппелі құрылым әрбір аминқышқылының амин тобы мен ол аминқышқылынан төртінші ретте орналысқан аминқышқылдың карбонилдік тобының арасында түзілетін сутектік байланыстардың нәтижесінде түзіледі.
Толық β- құрылым ( қатпарлы қабат) бірнеше полипептидтік тізбектерінің карбонил және амин топтарының арасында пайда болған сутектік байланыстардың нәтижесінде түзіледі. Бұл құрылым антипаралелді ( егерде полипептидтік тізбектің Ν-соңғы қарама-қарсы бағытталған болса және параллелді полипептидтік тізбектің Ν-соңғы бір жаққа қарай бағытталған болса) болады.
Қысқа β-құрылым бір полипептидтік тізбектің бойында α серіппелі және ретсіз құрылымдар мен кезектесіп орналасады. Бір полипептидтік тізбек өз өзіне қарай иілгенде оның екі бөлігі кеңістікте бір - біріне жақындайды да амин және карбонил топтарының арасында сутектік байланыстар түзіліп, антипараллелді қысқа β- құрылым түзіледі.
Нәруыздың полипептидтік тізбектерінің бөліктерінің α-серіппелі құрылым, қысқа β-құрылым және ретсіз құрылым түзуге бейімділігі олардың бірінші реттік құрылысына яғни аминқышқылдардың орналасу ретіне байланысты болады.
Глобулярлық нәруыздардың үшінші реттік құрылысы бір полипептидтік тізбектің аминқышқылдарының радикалдарының арасында түзілген сутектік, иондық, дисульфидтік байланыстардың және гидрофобтық, диполь-дипольдық әсерлесуінің қатысуымен пайда болады. Нәруыздың төртінші реттік құрылымы, үшінші реттік құрылысты протомерлердің арасында сутектік, гидрофобтық, иондық және аз мөлшерде дисульфидтік байланыстардың түзілуі нәтижесінде пайда болады.
Фибриллярлы нәруыздарға кератин, коллаген және эластин жатады. Коллагеннің үштен бір бөлігі глицинге, төрттен бір бөлігі пролин мен оксипролинге жатады. Коллагеннің бірінші реттік құрылым бір полипептидтік тізбектен, екінші реттік құрылымын екі полипептидтік тізбектен, ал үшінші реттік құрылымы үш полипептидтік тізбектен құралады. Коллаген фибриллінде қайталанып орналасатын үшінші реттік құрылысты тізбекті тропоколлаген деп атайды. Коллагеннің төртінші реттік құрылымы түзілу процессінде коллагендік фибрилдердің тропиколлагендік субтропиктері белгілі бір ретпен сатылы түрде орналасады, бірінші қатар екінші қатарға қарағанда ¼ ұзындығына дейін ығысқан және олардың ұшы бірімен бірі байланыспаған күйде болады. Коллагендік талшықтар, полипептидке тізбектер арасында түзілетін сутектік, иондық, вандер - вальстық байланыстар арқылы тұрақтандырылып, коваленттік байланыстармен байланысады.
Ағзада нәруыздар каталиттік, реттеуші, қорғаушы, тасымалдаушы, құрылымдық және қор қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет