Ағза тіндерінде тоқтаусыз липидтер жаңаланып тұрады. Адамдарда ең көп мөлшер құрайтын липидтер- үшацелиглицерин, олар 2-18 тәулігіне жаңаланып тұрады. Кетон денелерінің түзілуі (кетогенез) бауырдың митохондриясында өтеді.Кетон денелеріне-ацетоацетат, β-гидрокси-бутират және ацетон жатады. Кетон денелері гидроксиметилглутарат айналымында синтезделінеді содан соң қанға түседі. Қалыпты жағдайда қанда 0,4-0,6 ммоль/л болады.
Холестеріннің түзілуі күрделі анаболикалық процесс. Холестериннің түзілуіне ацетил КоА 18 молекуласы және 35 фермент қатысады, үш кезеннен турады.
Холестериннің түзілуі гиалоплазма және эндоплазматикалық торда өтеді.
Бауырда синтезделген холестерин ТТЛ, ТЖЛ және ТӨТЛ арқылы тасымалданады. Холестерин ағзада биологиялық мембрананың құрылысына, өт қышқылдарының түзілуіне, стероидты гормондардың және Д- витаминнің түзілуіне қажет.
Липидтер алмасуының негізгі патологиясы болып холестеринге байланысты-атеросклероз.
Атеросклероз – холестериннің артерияларда жинақталуы. Гиперлипопротеинемияның үш түрі кездеседі.
гиперхолестеринемия;
гипертриглицеринемия;
аралас түрлері.
Қанда холестериннің мөлшері жоғарылап кетсе бүйректе тас пайда болуы мүмкін. Тас пайда болу себебі холестерин (70%) және биллирубин (30%) қосылып тұнбаға түседі.
4.Иллюстрациялы материалдар. «Көмірсулар алмасуы. Гликолиз. Көмірсулардың пентозо-фосфаттық жолмен ыдырау. Глюконеогенез» тақырыбы бойынша презентация
«Гликолиз бен гликонеогенез» кестесі.
«Глюкозаның азробты өзгеруінің энергетикалық балансы» кесте.