Эндоцервикоз.Оның даму барысында жатыр мойнының қынаптық бөлімінің іргесін безді құрылымдар жайлап, сол бездерді астарлайтын эпителийлік қабат өзгереді.
Полип мойнының каналында жиірек, қынаптық бөлімінде сиректеу байқалады. Ол шырыш түзетін призмалық эпителийден қалыптасады.
Жатыр мойнының эндоцервикозы, аденоматозы мен полиптері- ракалдылық процестер.
Сүт безінің қатерсіз дисплазиясының (синонимдары:мастопатия, фиброзды-кисталы ауру) даму барысында эпителий дұрыс жетілмей, атипиялы болып, гистологиялық құрылымы бұзылады, бірақ ол базальдық мембранадан аспайды және кейде кері дами алады. Бұл ауру эстрогендер тепе-теңдігінің бұзылуымен сабақтас.
Мастопатияның екі негізгі түрі бар: пролиферациясыз және пролиферациялы.
Жыныс ағзалары мен сүт безінің қабынулық аурулары
Жыныс ағзаларында дамыған қабыну процесінің көбі туберкулез, сифилис (мерез), гонорея (соз) сияқты негізгі ауруардың бір кқрінісі болып табылады.Олардың ішінде ең маңыздылары- жатырдың кілегейлі қабықшасының қабынуы (эндометрит), сүт безінің қабынуы (мастит), еннің қабынуы (орхит) және қуық безінің қабынуы (простатит).
Эндометрит. Ол жедел және созылмалы ағымды болады.
Жедел эдометриттің біразы жаңа босанғандарда немесе түсіктен кейін, түрлі микроорганиздердің (стрептококк, стафилококк, анаэробтық бактериялардың, ішек таяқшасының) әсерінен дамиды.
Созылмалы эндометрит кілегейлі қабықшаның гиперплазиясына ұласса, гипертрофиялық эндометрит деп аталады. Оны жатырдың кілегейлі қабықшасының гиперплазиясынан ажырату қиын.
Мастит- сүт безінің қабынуы;ол да жедел және созылмалы ағымды. Жедел ағымды іріңді (флегмоналы ) мастит көбіне жаңа босанған әйелдерде, әдетте стафилакоктың әсерінен дамиды. Созылмалы маститтің көбі жедел масттиттен өрбіп, іріңді болады.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 10 мин
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау
2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу
Макропреарат:
А) «Жатыр түтігінің атрофиясы» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Микропрепарат:
А) «Жатыр безді гиперплазиясы» препартаттың микроскопиялық зерттеуі
3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау
Достарыңызбен бөлісу: |