9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 10 мин
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру:14 мин
Ішкі секреция бездерінің аурулары Эндокриндік жүйеге кіретін шеттегі эндокриндік бездер өзара және гипофизбен тығыз байланысты. Бұл жүйенің жұмысын гипофиздің гормондары үйлестіріп отырады. Ал, гипофиздің жұмысына үнемі орталық нерв жүйесі, әсіресе гипоталамус және эпифиз де бірсыдырғы әсер етеді.Эндокриндің жүйе иммундық жүйемен айыршық без арқылы сабақтас. Сонымен, гомеостазды қамтамасыз ететін біртұтас нерв- гуморалды- иммундық реттеуші жүйе бар деуге әбден болады. Эндокриндік жүйеге көптеген ағзалар мен тканьдерде шашырай жайғасқан диффузды эндокриндік жүйе- APUD – жүйе де жатқызылып жүр. Бездердің бірі, әсіресе гипофиз зақымдалса, іле басқа бездердің де құрылысы мен қызметі өзгереді. Бездердің көбі бірден зақымдалып, бұл жағдайдың клиникасы айқын болса ,плюригландулалық эндокринпатия деп талады.
Гипофиз Гипофиздің қызметі осы безде ісік немесе аутоиммундық өзгерістер, қабыну, некроз сияқты процестер өрістегенде және гипоталамус пен орталық нерв жүйесінің басқа да аймақтары зақымдалғанда бұзылады. Сондықтан кейбір жағдайларды ми (гипоталамус ) –гипофиздік аурулар деп атауға әбден болады. Бұл аурулардың ең маңыздылары: 1) акромегалия; 2) гипофиздік нанизм; 3) ми-гипофиздік кахексия; 4) Иценко- Кушинг ауруы; 5) алипоза- гениталдық дистрофия; 6) қантсыз диабет(сусамыр) және 7) гипофиздік ісіктер.
Қантсыз диабет (diabetes insipidis)гипофиздің артқы бөлімі зақымдалғанда дамиды (ісік, қабыну, склероз, жарақаттану т.б.). Гипофиздің артқы бөлімімен қоса үнемі аралық ми да өзгереді. Антидиурездік гормонның әсері тоқтап, бүйрек несепті қанықтыра (концентрациялай) алмайтындықтан, қантсыз шыжың (несахарное мочеизнурение) орын алады. Бұның салдарынан тәліктік несептің мөлшері артып(полиурия ),науқас үнемі шөлдеп, суды тым көп ішеді (полидипсия). Қантсыз диабеттің зардабынан организмде су азайып, минералдардың алмасуы бұзылады.