Веналық толыққандылық Веналық толыққандылық кезінде қанның әкетілетін мөлшері азайып (әкету қыйын), мүше мен тінге жиналады. Бірақ келетін қанның мөлшері өгермейді де, азаймайды да. Сондықтан іркілген веналық қан (іркілулік гиперемия) веналар мен капиллярларды кернеп, гипоксия дамып капиллярлардың базал мембранасының өткізгіштігі артады
Веналық гиперемияның жалпы және жергілікті түрі болады.
Веналық жалпы толыққандылық.
Веналық жалпы толыққандылықтың дамуына жүрек патологиясы, яғни жүрек қызметінің (жүрек-тамыр) жедел немесе созылмалы жеткіліксіздігі себеп болады. Веналық толыккандылық жалпы немесе жергілікті болуы мүмкін.
Веналық жалпы жедел толыққандылық - жүрек қызметінінің жедел жеткіліксіздігі деп аталатын синдромның (миокардтың инфарктыдан жиырылу қабілетінің жеткіліксіздігі, жедел миокардит) бейнесі. Нәтижесінде, тін-қанаралық (гистогематикалық) бөген гипоксиядан зақымдалып, капиллярлардың өткізгіштігі күрт артады да, плазма сіңген тіндер суланып ісінеді, диапедездік қанды дақтар пайда болады, паренхималық мүшелерде дистрофиялық және некроздық өзгерістер өрістейді. Веналық қан жедел ірікілген мүшенің құрылым-әрекеттік.
Веналық жалпы созылмалы толыққандылық жүректің бірқатар созылмалы ауруларының (кемістік, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы миокардит, эндокард фиброэластозы, т.б.) асқынулық зардабы - жүрек қызметінінің созылмалы (жүрек-тамыр) жеткіліксіздігі синдромына тән. Оның даму барысында мүшелер мен тіндерде ауыр және қайтымсыз өзгерістер қалыптасады. Гипоксия ұзақ мерзімді болғандықтан, плазмаррагия, суланып ісіну, стаз, қан дақтары дамып қана қоймай, атрофиялық және склероздық үдерістер өрістейді. Өйткені созылмалы гипоксия фибробластылар мен фибробласт тектес жасушалардың коллаген түзу әрекетін жандандырып, данекер тін талшықтары көбейеді, яғни склероз дамиды. Стаз (латынша: stasis - тоқтау) - микроцеркуляциялық арнаның тамырларында, әсіресе капилярларда қан ағысының тоқтауы.
Қан ағысының тоқтауы, әдетте, оның күрт бәсеңдеуінеі басталады; ол стазалдылық ахуал, яғни престаз деп аталады.
Сладж-феномен (ағылшынша: sludge- батпақ) феноменнің басты ерекшеліктері - эритроциттердің, лейкоциттердің немесе тромбоциттердің бір біріне жабысып қан плазмасының тұтқырлығы артқандықтан, қанның микроциркуляциялық арна тамырлары арқылы ағысы қыйындайды. Сладж-феномен - стаздың бір түрі.