ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет35/98
Дата25.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#145703
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

3- сурет
Адам көзі түсінің әр түрлі болуы осы қабат түсіне байланысты, ал қабаттың орта тұсында саңылау – 3 бар, бұл – қарашық. Көз саңылауының артында сыну көрсеткіші n=1,4, диаметрі 8-10 мм болатын дөңес линза тәріздес мөлдір дене хрусталик 4 орналасқан, бұл көз бұршағы- 5, оны айнала қоршап жатқан бұлшық еттер қасаң қабықпен ұштастырып жатыр
Көз бұршағының арт жағында шыны тәрізді дене 6 орналасқан.Осы мөлдір дене көздің қалған бөлігін тұтас толтырып тұрады.Склераның артқы бөлігі- көздің түбі-торлама қабықпен (торлама) жабылған.Торлама 7 аса нәзік талшықтардан тұрады, олар көздің түбін тұтас жауып жатады. Бұл көру жүйесінің тармақталған жарық сезгіш ұштары болып келеді.
Көзге түскен жарық көздің алдыңғы қабатынан, қасаң қабықтан, көз бұршағынан және шыны тәрізді денеден ( яғни көздің оптикалық жүйесінен) өткенде сынады, осының нәтижесінде торламаға өзіміз көріп отырған дененің шын кішірейген, төңкерілген кескіні түседі (4-сурет).
4- сурет
Жарық торламаны құрайтын көру жүйкесінің ұштарына түсіп, оны тітіркендіреді. Бұл тітіркеніс жүйке талшықтары арқылы миға беріледі де, көру әсерін туғызады, адам нәрсені көреді.Көру процесі мида түзетіледі, сондықтан нәрсені біз тура қабылдаймыз.
Көздің жақыннан, сондай-ақ алыстан көруге бейімділігін көздің аккомадациясы (латын сөзі, бейімділік дегенді білдіреді) деп атайды.
Аккомадация салдарынан өзіміз қарастырып отырған нәрсенің


а)

кескіні көздің торламасында шығады.Бұл көз сау болғанда ғана орындалады Егер көз торламада жатқан нүктеге параллель сәулелерді күш түсірмей-ақ жинайтын болса, онда оны сау көз деп атайды (4, а сурет).


Көздің екі кемістігі көбірек белгілі- жақыннан көргіштік және алыстан көргіштік.
Көз бұлшық еттеріне күш түспеген жағдайда фокусы көздің ішінде
жататын көзді жақыннан көргіштік деп атайды (4, бсурет).


б)
Алыстан көргіштік деп көздің бұлшық еттеріне күш түспеген жағдайда фокусы торламадан әрмен жататын көзді айтады (4, в сурет).
Кескін жақыннан көретін көздің ішінде, торламаның алдыңғы жағында пайда болады. Ол торламаға барып түсу үшін көздің сәулені сындыру жүйесінің оптикалық күшін кеміту керек.Ондайда шашыратқыш линзаны қолданады.Алыстан көретін көз жүйесінің оптикалық күшін, керісінше күшейту керек, сонда кескін торламаға түседі. Ондайда жинағыш


в)

линзаны қолданады. Сонымен, жақыннан көргіштікті түзету үшін ойыс, шашыратқыш линзаны қолданады. Егер, мысалы, адамның тағып жүрген көзілдірігінің оптикалық күші -0,5 дптр ( немесе -2 дптр, - 3,5 дптр) болса, оның жақыннан көретін болғаны.


Алыстан көретін адамның тағатын көзілдірігіне дөңес жинағыш линзаны қояды. Ондай көзілдіріктің, мысылы, оптикалық күші +0,5 дптр,
+3 дптр,+4,25 дптр болуы мүмкін.
4- сурет
1- мысал. Фокус аралықтары +5см, +20см, -2м болатын линзалардың оптикалық күшін табыңдар ?
2- мысал. Бір көзілдіріктің оптикалық күші +4 дптр, екіншісінің оптикалық күші -2 дптр. Осы көзілдіріктерді киетін кісілердің қалай көретіндігі туралы не айтуға болады ?
3-мысал. Линзаның оптикалық күші 5 дптр. Оның фокус аралығын есептеңдер. Бұл линза жинағыш па, әлде шашыратқыш па?
4- мысал. Сәйкес үш линзаның фокус аралығы 1,25 м, 0,5 м және 0,04 м. Қай линзаның фокус аралығы үлкен ?
5- мысал. Зат жинағыш линзадан 40 см ара қашықтықта орналасқан. Егер линзаның оптикалық күші 4 дптр болса, заттың кескіні қандай болады ?
6- мысал. Бала су түбінде жатқан тасқа қарап тұрып, қолындағы таяқтың ұшымен тасты түрткісі келеді. Ол дәл көздеп тұрып , таяқты суға жібереді, бірақ таяқтың ұшы тасқа емес , су түбіндегі басқа нүктеге тиеді. Неліктен екенін түсіндіріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет