Лиизаның оптикалық параметрлері: О – линзаның оптикалық центрі, F- фокусы; С1, С2 линзаның бас оптикалық осьі. f – оптикалық центр мен бас фокустың аралығы;
Линзаның формулалары:
; ;
; [ D ]= 1дптр (диоптрия).
R1 және R2 – линзаның қисықтық бетінің радиусы; n1 – линзаның абсолюттік сыну көрсеткіші; n2 – ортаның абсолюттік сыну көрсеткіші; D - линзаның оптикалық күші.
Линзада кескін тұрғызу үшін 3 сәуле қажет: 1) бас оптикалық оське параллель сәуле, сынғаннан кейін бас фокус арқылы өтеді;
2) бас фокус арқылы өтетін сәуле, сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель өтеді;
3) линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәуле, сынғаннан кейін сол түзумен кері бағытта өтеді.
Жарықтың шағылу және сыну заңдары оптикалық құралдарда кеңінен қолданылады. Мысалы, фотоаппарат, проекциялық аппарат, микроскоп, телескоп және т.б. Осыдан барлық оптикалық құралдарды екі топқа бөлуге болады:
1) экранда оптикалық кескін алуға болатын құралдар. Оларға фотоаппараттар, киноаппараттар, спектропроекторлар және басқалар жатады;
2) экранда кескін шығармай, тек адам көзімен бірлесе әсер ететін құралдар. Оларға лупа, микроскоп, телескоп және басқалар жатады. Мұндай құралдар визуальды құралдар деп аталады.
7 3 4 5 6
Адам көзі өте күрделі оптикалық жүйе, көздің тор қабатшасына түскен жарық сәулелерін электрлік сигналдарға айналдырып, оны миға жеткізеді, соның әсерінен мида көру әсері пайда болады. 3-суретте көздің негізгі элементтері салынған, көз алмасы, диаметрі 23-25 мм болатын шар тәріздес.Ол көзді сыртқы әсерлерден, механикалық жарақаттанудан сақтайтын үш қабаттан тұратын склера. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі қасаң қабық (1). Қасаң қабақтың ар жағында түсті қабық 2 орналасқан. Склера қабатының алдыңғы жағы қисық радиусы 7-8 мм болатын дөңес болып келген, сыну көрсеткіші n=1,38 тең мөлдір мүйізді қабатқа айналған. Көзге жарық сыртқы ортадан мүйізді қабат арқылы енеді. Қасаң қабық пен түсті қабықтың аралығында су тәрізді сұйық болады.