ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет76/98
Дата25.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#145703
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

5.7. Бақылау :ауызша сұрақ жауап.
Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин
1.Жұмыс дегеніміз не?
2.Энергия дегеніміз не?
3.Қуат дегеніміз не?
Сабақты қорытындылау. 5 мин
-Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин

27 сабақ


5.1.Тақырыбы:Сақталу заңы.
Сағат саны:2. 90 мин
5.2.Сабақтың мақсаты: Импульстің сақталу заңы және импульс моментінің сақталу заңы өрнегінің мінін ашу.
5.3.Оқыту міндеттері:
- Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;
-сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;
-өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;
Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин
-Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-Сабақтың мақсаты мен міндеті.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру. 5.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Импульстің сақталу заңы.
2.Тұйық жүйе. Жаңа сабақты түсіндіру: 30 мин
Сақталу заңдары — кез келген процесте немесе олардың белгілі класында кейбір физикалық шамалардың сан мәндерінің уақытқа байланысты өзгермейтіндігін тұжырымдайтын физикалық заңдылықтар. Кез келген оқшауланған физикалық жүйе үшін орындалатын маңызды сақталу заңдарына энергияның, импульстің, қозғалыс мөлшері моментінің, электр зарядының сақталу заңдары жатады. Жалпы сақталу заңдарымен бірге физикалық жүйелер мен құбылыстардың тек шектеулі кластары үшін ғана орындалатын сақталу заңдары да болады. Салыстырмалықтың арнайы теориясында масса мен энергияның сақталу заңдары қайта қаралып біріктірілді. Сақталу заңдары физикалық жүйелердің симметриялық қасиеттерімен тығыз байланысты. Егер жүйенің симметриялық қасиеті белгілі болса, онда ол үшін сақталу заңдарын немесе керісінше сақталу заңдары белгілі болса, жүйенің симметриялық қасиеттерін анықтауға болады.
Табиғаттағы барлық денелер бір-бірімен әрекеттеседі. Алайда бірқатар жағдайларда қарастырылатын жүйедегі өзара әрекеттесуші денелерге сыртқы күштердің әрекеттері елеусіз болатындықтан, олардың әрекеттері ескерілмейді. Бұл жай екі немесе одан да көп денелердің қозғалысын ғана қарастыруға мүмкіндік туғызады. Ол үшін физикада денелердің тұйық жүйесі деп аталатын ұғым енгізілген.
Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір- бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.
{\displaystyle v_{1}}және {\displaystyle v_{2}} жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалып келе жатқан массалары {\displaystyle m_{1}} және {\displaystyle m_{2}} екі шардың өзара әрекеттесуін қарастырайық. Өзара әрекеттесу күштері қандай болса да, олар Ньютонның үшінші заңы бойынша байланысады: {\displaystyle {\vec {F}}=-{\vec {F}}} немесе {\displaystyle m_{1}\cdot {\frac {{\vec {v}}_{1}^{\prime }\cdot {\vec {v}}_{1}}{\Delta t}}=-m_{2}\cdot {\frac {{\vec {v}}_{2}^{\prime }\cdot {\vec {v}}_{2}}{\Delta t}}}{\displaystyle \Delta t}мұндағы — өзара әрекеттесу уақыт аралығы, {\displaystyle {\vec {v}}_{1}^{\prime }} және {\displaystyle {\vec {v}}_{2}^{\prime }} — шарлардың өзара әрекеттесуінен кейінгі жылдамдықтары.
Шарлардың өзара әрекеттескенге дейінгі импульстерін теңдіктің бір жағына, өзара әрекеттескеннен кейінгі импульстерін тендіктің екінші жағына шығарсақ, онда {\displaystyle m_{1}\cdot {\vec {v}}_{1}+m_{2}\cdot {\vec {v}}_{2}=m_{1}\cdot {\vec {v}}_{1}^{\prime }+m_{2}\cdot {\vec {v}}_{2}^{\prime }} болады.
Теңдеудің сол жағында денелердің өзара әрекеттескенге дейінгі, оң жағында өзара әрекеттескеннен кейінгі импульстерінің қосындысы берілген және олар өзара тең. Әрбір дененің импульсі өзгергенімен, олардың импульстерінің қосындысы өзгеріссіз қалды. Сонымен, тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді (сақталады): {\displaystyle {\vec {p}}_{1}+{\vec {p}}_{2}={\vec {p}}_{1}^{\prime }+{\vec {p}}_{2}^{\prime }}
Бұл — импульстің сақталу заңы деп аталатын табиғаттың негізгі заңдарының бірі. Егер біз қарастырған мысалдағыдай екі дене ғана болмай, бірнеше дене әрекеттессе де, бұл қорытынды кезкелген тұйық жүйе үшін дұрыс болып табылады. Бұл заңның дұрыстығын адамзат тәжірибесінің өзі айқын дәлелдеп беріп отыр.
Әрине, барлық нақты жүйелер тұйық болып табылмайды. Алайда импульстің сакталу заңын көп жағдайда қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет