5.7. Бақылау : ауызша сұрақ жауап.
Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин
1.Сақталу заңы дегеніміз не?
2.Импульстің сақталу заңы дегеніміз не?
Сабақты қорытындылау. 5 мин
-Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин
№28 сабақ 5.1.Тақырыбы:Максвелл теңдеуі.
Сағат саны: 2. 90 мин
5.2.Сабақтың мақсаты: Электромагниттік индукция құбылысын.Фарадей және Максвелл түсіндірмесі мен теңдеуінің мағынасын ашу.
5.3.Оқыту міндеттері Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;
-сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;
-өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;
Ұйымдастыру кезеңі:10 мин
-оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-сабақтың мақсаты мен міндеті.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20 мин - оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру5.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Электромагниттік индукция.
2.Магнит өрісі.
Жаңа сабақты түсіндіру: 30 мин Электромагниттік құбылыстар физикасына Фарадейдің қосқан негізгі жаңалығы Ньютонның алыстан әсер ету теориясынан бас тартып, кеңістікті күш сызықтарымен толтырып тұратын өріс ұғымын енгізуі еді. Ұлы Ньютонның таңқаларлық математикалық шеберлігі мен ерекше физикалық интуициясы арқылы Галилейдің негізгі идеяларын дамытқаны белгілі.
1860—1865 жылдары Максвелл электр және магнит өрістері туралы Фарадейдің идеялары негізінде және көптеген тәжірибелер нәтижелерін қорыта келе, зарядтар мен токтар жүйесі туғызатын электромагниттік өріс теориясын жасады. Максвелл теориясы ортаның ішінде өтіп жатқан, әрі электр және магнит өрістерін туғызушы ішкі механизм құбылыстарын қарастырмайды. Электромагниттік өріс теориясының негізін Максвелл теңдеулері деп аталатын теңдеулер жүйесі құрайды. Бұл теорияның математикалық аппараты күрделі болғандықтан, ол теңдеулерді қарастырмаймыз. Біз электромагниттік өріс және электромагниттік толқын туралы осы теорияның кейбір маңызды идеяларымен танысамыз. Магнит өрісі өзгергенде айнымалы электр өрісінің пайда болуы
1831 жылы Фарадей ашқан электромагниттік индукция құбылысын терең зерттей отырып Максвелл мынадай қорытындыға келді: магнит өрісінің кез келген өзгерісі қоршаған кеңістікте қуйынды электр өрісін туғызады.
Фарадей тәжірибелеріндегі тұйықталған өткізгіште индукциялық ЭҚК-ін тудыратын осы құйынды электр өрісі екен. Бұл құбылыстың ерекшелігі сол, құйынды электр өрісі тек өткізгіште ғана емес (ол өрістің бар-жоғын көрсететін қосымша құрал), бос кеңістікте де пайда бола алады. Кеңістіктің кез келген нүктелеріндегі магнит өрісі индукциясының {\displaystyle {\frac {\Delta B}{\Delta t}}} өзгерісі кезінде құйынды электр өрісі туындайды. Электр өрісінің күш сызықтары магнит индукциясының сызықтарын орап қоршайды және оның жазықтығына перпендикуляр орналасады (3.1, а-сурет)