Егер газдың температурасы өзгермесе, онда оның берілген массасы үшін газ қысымының көлемге көбейтіндісі тұрақты болады. Яғни, Т= const болғанда, PV= const болады.
Газды сыққан кезде газдың концентрациясы мен тығыздығы артады, ізінше ыдыс қабырғасына газ молекулаларының соққы саны өседі. Керісінше газ ұлғайғанда ыдыс қабырғасымен газ молекулаларының жалпы соққы саны кемиді, сондықтан қысым бәсеңдейді. Бұны изотермиялық процесс графигі арқылы түсіндірейік.
Егер газ қысымын екі есе арттырсақ (Р2) , Бойль – Мариотт заңына сәйкес оның көлемі (V2) екі есе кемиді.
Егер қысымды (Р1) мен салыстырғанда (Р3)-ті екі есе азайтсақ, онда (V3) көлем екі есе артады. Егер осы нүктелердің барлығын қоссақ гиперболаны аламыз, ол график түрінде изотермия деп аталады.
Бірдей көлемде температураға үлкен қысым сәйкес келеді. Бұл процесте температура өзгермейді, онда V – T және P – T изотермиялары түзу сызықтар болады.
Изобаралық процесс деп - тұрақты қысымда өтетін процесті айтамыз. 18 ғасырда француз физигі Гей-Люссак тәжірибе жүзінде тағайындаған және сондықтан ол Гей-Люссак заңы деп аталады.
Р=const болғанда, V/T=const.
Изобаралық процесс кезінде температураның жоғарылауымен газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы артады. Изобаралық процесте газды ұлғайтқанда және сыққанда оның көлемі температураның өзгерісіне сәйкес өзгереді.
Гей – Люссак заңына сәйкес газ көлемі V абсолют температураға Т тура пропорционал. Бірдей массадағы идеал газдың әр түрлі қысымына сәйкес келетін изобаралар бір графиктің координат басы болатын бір нүктеден шығады, сондықтан олар бір - біріне параллель бола алмайды.
Жоғарырақ Р1 қысымға сәйкес келетін изобара төменірек Р2 қысымға сәйкес келетін изобарадан төмен жатады. Тұрақты температурады үлкен қысымға газдың аз көлемі сәйкес келеді.
Гей – Люссак заңына абсолют температура Т-ның орнына Цельсийй шкаласының t0C температурасын қойсақ, онда формула мына түрге келеді:
V=V0(1+t0), V- t0C температурадағы газдың көлемі, V0 – О0С температурадағы газ көлемі.
= - көлемдік ұлғаюдың температуралық коэффициенті.
Бір градусқа изобаралық қыздыру кезінде идеал газдың берілген массасының көлемі О0С-де газ алып тұрған көлемнің 1/273 бөлігіне артады.