Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығЫ»



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата07.02.2017
өлшемі1,59 Mb.
#3611
1   2   3   4   5

Екіншіден,  хадистердің  дұрыс,  әлсіз  секілді  дәрежелерінің 

белгілі  болуы  –  үкім  шығару  үшін  жеткіліксіз.  Себебі,  ең  алдымен 

хадистердің  қайсысының  үкімінің  жалғасып,  қайсысының  мәнсұх 

болғанын білу қажет. Қайсысының қандай жағдайда айтылғанын білу 

үшін  мыңдаған  хадистерді  толық  оқып,  ондағы  нәзік  мағыналарды 

                                                             

29

 Дұрыс 


30

 Әлсіз 


31

 Хадис жеткізу 



 

 

10



 

бір-бірімен  салыстырып,  бүтіндей  білген  жөн.  Ал  мұның  бәрін 

базардағы  саудада  тұрған,  яки,  көлік  жүргізіп  жүрген  қарапайым 

мұсылмандарды былай қойғанда, арнайы бес-алты жыл діни ілім алып 

шыққан маман да біле бермейді. 

Сондықтан  бұл  төрт  мәзһаб  ислам  әлемінде  ресми  мәзһаб 

саналып,  1300  жылдан  бері  өз  ұстанымдары  бойынша  әрекет  етіп 

келеді. Ол мәзһаб иелерінің әрқайсысы білгір ғалымдар. Құран Кәрім 

мен Сүннет жолына лайық болғандықтан, «әһлус-сүннә уәл-жамаға»

32



яғни хазіреті Мұхаммед (Алланың сәлемі болсын) пайғамбарымыздың 

сүннет  жолын  ұстанып,  көпшіліктен  бөлінбей,  бірлік–ынтымақты 

жақтаушы қауым мәзһабтары атанды.        

 

Енді мәзһабтар арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріп 

көрейік 

Мәзһабтар  арасындағы  айырмашылық  олар  ұстанған  шариғат 

тармақтарында

33

  байқалады.  Бірақ,  бұл  айырмашылық  ислам 



негіздеріне  қайшы  келмейді.  Олар  мынандай  мәселелерде:  Алланың 

бірлігі,  исламның  хақтығы,  иманның  шарттары  мен  намаздың, 

оразаның, зекеттің парыздығында ортақ көзқараста.  

Біз  енді  мәзһабтардың  Құранды  түсінудегі,  хадистерге 

байланысты,  аят,  хадистерден  тыс  айырмашылықтарына  тоқталайық. 

Олар 


мәзһабтардың 

аймақтардағы 

этникалық, 

географиялық 

ерекшеліктерге орай біржола солай болып қалыптасты. 

 

Құранды түсінуде 

1.  Құран  аяттарының  астарлы  мағынада,  яки  сөздіктегі  негізгі 

мағынасында қолданылуына байланысты. 

2.  Бір  сөздің  астарлы  мағынасынан  тыс  негізгі  бірнеше 

мағынасының болуы. 

3. Аятта анық белгілеудің, шектеудің болмауы – адамзат өкілінің 

дін,  әдет-ғұрып,  ғылым,  мәдениет,  өркениеттік  ізденістерде  азат  ой 

мен  таңдау  еркі болып,  хақ  діннің  үкімін  шариғат  жолымен  ашық  та 

анық етіп ортақ орнықтыру мүмкіндігін әр қауымның өзіне қалдыру. 

 

Хадистерге байланысты 

1. 

Араб тілі грамматикасының ерекшелігіне байланысты. 

2.  Бір  мағынадағы  хадистердің  әртүрлі  сөздермен  риуаят  етілуіне 

байланысты. 

3. Бір мәселеде Пайғамбарымыздың әртүрлі хадистерінің болуы.  

4. Имамдардың хадис іліміндегі дәрежелерінің әртүрлі болуы. 

                                                             

32

 Ислам әлемінде фиқһи төрт мәзһаб аясын қолданушылар 



33

 Шариғатқа қатысты ұстанатын қағидаттық ұстанымдар 



 

 

11



 

5. Пайғамбарымыздың іс-әрекеті себептерінің әртүрлі жорамалдануы. 

6. Хадистердің дәрежелерін белгілеудегі тәсілдердің әртүрлі болуы. 

7. Имамдардың хадис – аяттарды түсіну дәрежелерінің әртүрлі болуы. 



Аят, хадистерден тыс басқа себептер 

1. Үкімдерде әдет-ғұрыптардың әсері. 

2. Сахаба пәтуаларының негізге алынуына, алынбауына байланысты. 

3. «Пәтуа шығару тәсілдерінің, ережелерінің әртүрлі болуы» 

 

Исламдағы басты фиқһи төрт мәзһаб  

Исламдағы  басты  фиқһи  төрт  мәзһаб  жайлы  да  хабардар  болу 

біздің  мұсылманша  біліктілігіміздің  нышаны.  Ал,  енді,  олар  жайлы 

қысқаша мәлімет беріп өткеніміз артық болмас. Ең әуелі Әбу Ханифа 



мәзһабы  –  ханафи  мәзһабы  деп  аталды.  Соңынан  түрлі өлкелердегі 

елдердің әлеуметтік орталарына сай – малики, шафиғи, ханбали фиқһи 

мәзһабтары құрылды. 

Сунниттік  құқықтық  мектептің  бірі  –  Малики  мәзһабы.  Негізін 

қалаушы Малик ибн Анас әл-Асбахий 713 жылы Мадинада дүниеге 

келіп,  сол  жерде  795  жылы  дүниеден  өтеді.  Малик  ибн  Анас 

Мадинадағы  атақты  ғалымдардан  дін  ғылымдарын  үйренеді.  Өз 

заманының  танымал  ғалымы  болады  және  ұстаздық  қызметпен 

айналысады.  Ол  сабақты  екі  түрлі  әдіспен  жүргізетін  болған.  Бірі  – 

хадис  сабағы  болса,  екіншісі  –  белгілі  бір  жағдайларға  байланысты 

пайда  болған  мәселелерге  үкім  шығару  сабақтары  болатын.  Малики 

мәзһабының  басты  ерекшелігі  құқықтық  бір  мәселеде  салыстырмалы 

әдіс  (қияс)  пен  логикалық  түйіндеуді  шектеулі  деңгейде  қолданады. 

Діни үкім шығару барысында қоғамға пайдалы жағы ескеріле отырып 

шешім  шығару  әдісі  мен  Мадина  халқының  дәстүрлері,  сондай-ақ 

қарапайым құқық ескеріледі. Бұл мәзһаб қазіргі таңда Солтүстік және 

Батыс Африка елдері мұсылмандары арасында таралған. 

Шафиғи мәзһабының негізін қалаушы Мұхаммед ибн-Идрис аш-



Шафиғи  болып  табылады.  Ол  767  жылы    Газзада  туып,  821  жылы 

Мысырда  қайтыс  болады.  Жастық  шағы  Меккеде  өтеді  және  діни 

білімді  сол  жерден  алады.  15  жасынан  кейін  Мадинаға  барып,  Имам 

Маликтен  (Малики  мәзһабын  құрушы)  ислам  құқығын  үйреніп,  ол 

дүниеден  өткенше  бірге  болады.  Имам  Шафиғи  Ханафи  мен  Малики 

мектебінің  негіздерін  жетік  білді.  Ирак  жеріне  келгеннен  кейін 

осындағы құқықтық мектептердің ілімін үйреніп, өзінше бір құқықтық 

мектептің  негізін  қалады.  Шафиғи  мәзһабының  басты  ерекшелігі 

белгілі  бір  құқықтық  мәселелерде  қияс  пен  жеке  көзқарасқа  (рай) 

сүйене  отырып,  үкім  шығаруға  шектеу  қояды.  Бұл  сунниттік  мектеп 

қазіргі таңда Мысырда, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Кавказда таралған.  

Келесі  бір  сунниттік  фиқһи  жол  болып  табылатын  Ханбали 

мәзһабы  Ахмад  ибн  Ханбал  тарапынан  құрылған.  Ханбали  мәзһабы 


 

 

12



 

басқа сүннит мәзһабтарына қарағанда мутазилиттерге қарсы ғылыми – 

діни тұжырымдамалықты жақтаған қозғалыс түрінде пайда болды да, 

содан  кейін  барып  құқықтық  мектеп  болып  қалыптасты.  Ахмад  ибн 

Ханбал  778  жылы  Бағдатта  дүниеге  келіп,  сол  жерде  855  жылы 

өмірден өтеді. Білім алу үшін сол дәуірдің ғылым орталықтары болып 

саналатын  Мекке,  Мадина,  Шам,  Йемен  және  т.б.  аймақтарға  сапар 

шегеді.  

Бұлар ислам әлемінде ресми мәзһаб саналып, 1300 жылдан бері өз 

ұстанымдары  бойынша  амалдарын  жүргізуде.  Ол  мәзһаб  иелерінің 

әрқайсысы мүжтаһид ғалымдар. Солардың біріне мойынсұну арқылы, 

осы  заманға  дейінгі  әртүрлі  қайшылықтардың  жолы  кесіліп, 

бұрмаланудың  алды  алынып,  мұсылман  қауымдастықтары  бірлігін 

сақтап келеді. 

 

         Ханафи мәзһабы қандай қажеттіліктен пайда болды?  

Атамыз қазақ «Ақылдасып пішкен тон келте болмас»-дейді. Өмір 

болған соң пікір қайшылығы, түрлі көзқарастар болуы заңды. Мұндай 

жағдайлар  жоғарыда  келтіргеніміздей  пайғамбарымыздың  көзі 

тірісінде  де  болған.  Сахабаларының  арасында  қандай  бір  діни  пікір 

талас  болғанда  дереу  пайғамбарымыздан  сұрап  шешіп  алатын.  Төрт 

халифа 

дәуірінде 



де 

ақида 


және 

фиқһ 


мәселелеріндегі 

келіспеушіліктерді  дереу  пайғамбарымыздың  жанында  болған 

сахабалардан  сұрап  шешетін.  Бірақ,  табиғин  дәуірінде  сахабалардың 

азайып, дүние салып кеткендіктен, мұсылмандар арасында фиқһ және 

ақидадағы  келіспеушіліктерді  шешу  қиынға  соққандықтан,  жалпы 

үмметтің  халін  ойлап  мүжтаһиттер  ақида  және  фиқһтағы  пікірлерді 

түсіндіруді  қолға  алды.  Халық  олардың  пікірлеріне  мойынсұнып, 

құптау көре бастаған. Осылайша ғұламаның ижтиһат пікірлері мәзһаб 

ретінде қалыптасты. Әйтпесе, бұл мүжтәһиттердің бірде-бірі «мен бір 

мәзһаб орнатамын деп әдейі жеке мақсат қоймаған». 

Уақыт  өте  мұсылмандардың  саны  көбейе  түсті,  жаңа  мәселелер 

туындай бастады. Өйткені өмір мен тіршілік үнемі өзгеріп, өркендеп, 

жаңарып, дамып отырды. Түрлі діни көзқарастар пайда болып, соның 

салдарынан  Исламды  әр  түрлі  талдайтын,  түрлі-түрлі  мәзһабтар 

көбейді.  

Уақыт  өте  фиқһ  саласы  бойынша  Құран  аяттарын  дұрыс  талдау 

және  хадистерді  зерттеу  арқылы  шариғатты  дамытып,  жалған 

мектептерге  қарсы  күресуші,  олардың  қателіктерін  паш  етуші  Ислам 

ғұламаларының мәзһабтары дүниеге келді.  

Солардың  бірі  ХАНАФИ  МӘЗҺАБЫ.  Бұл  бағыт  суннизмдегі 

басқа  мәзһабтарға  қарағанда  неғұрлым  байсалды,  сабырлы,  ұстамды, 

толерантты, қанағатшыл, жергілікті әдет-ғұрып, салт-сана заңдарымен 

үндесетін,  ұлттық,  дәстүрлік  нормаларымен  санасатын  мәзһаб. 


 

 

13



 

Қазақстан  Мұсылмандары  Діни  Басқармасының  ресми  түрде 

насихаттап  отырған  мәзһабы  да  осы  Ханафи  мәзһабы  болып 

табылады.  

Осы тұрғыдан  Елбасының жолдауында: 

Біз  мұсылманбыз,  оның  ішінде  Әбу  Ханифа  мәзһабын 

ұстанатын сүнниттерміз. 

Бабаларымыз  ұстанған  бұл  жол  ұлттық  салт-дәстүрді,  ата-

ананы сыйлауға негізделген. 

Ендеше,  бүгінгі  ұрпақ  та  әлемдегі  ең  ізгі  дін  –  ислам  дінін 

қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. 

Осы орайда біз мынаны айта аламыз, Ханафи мәзһабы Пайғамбар 

жолынан бөлек жеке бағыт-бағдар емес, керісінше, ол, онымен бірге. 

Сол  себепті  мәзһаб  ұғымын  дұрыс  түсіне  білгеніміз  жөн.  Және  де 

Ханафи  мәзһабының  басқаларға  қарағанда  өзге  діндегілерге 

(христиандар  мен  еврейлерге)  мейлінше  түсіністікпен  қарайтынын 

естен  шығармайық.  Мұның  басты  себебі  –  мәзһабта  ислам  дінінің 

адамзатқа  ортақ  етілген  үкім-қағидалардың  орындалуы  барысында 

үкімнің  жеке  және  қоғамдық  қарым-қатынастардың  қандайында  да 

сабыр  мен  мейірімділік,  қайырымдылық,  бейбіт  өмір  салтын  сақтап, 

әркімнің өмір сүру құқығын қорғау. 

        

Имам Ағзам Әбу Ханифаның өмірі 

Ханафи  мәзһабының  құрушысы  Имам  Ағзам  Әбу  Ханифа  – 

Нұғман  ибн  Сәбит

34

  болып  табылады.  Ол  699  жылы  Куфа  қаласында 



дүниеге келіп, 767 жылы Бағдатта қайтыс болады. Оның шыққан тегі 

туралы тарихи деректерде әр түрлі мәліметтер кездеседі. Біреулер оны 

парсы десе, келесі біреулер түркі тектес деген пікірлерді алға тартады. 

Бірақ,  тегі  араб  емес  екені  анық.  Осылардың  ішіндегі  ең  қуатты  әрі 

сенімдісі,  атасы  Зута  Кабул  аймағында  өмір  сүрген  әрі  аймақ 

билеушісі  болған  деген  мәлімет.  Әбу  Ханифаның  әкесі  Сәбит,  Хз. 

Алимен  кездескен  және  оның  батасын  алған  адам.  Әкесі  сауда-

саттықпен айналысқан, бақуатты өте жақсы адам болған. Әбу Ханифа 

да  ғылым  жолына  түспестен  бұрын  әке  кәсібі  болған  саудамен 

шұғылданған.  

 

 

 



                                                             

34

  Нұғман  Сәбитұлына  ханифа  лақап  есімін  бергендігінде  зор  мән  бар.  Адам  табиғатына  ауыр 



болмай,  керісінше,  жеңіл  келіп,  астамдық  пен  нұқсандықтан  ада  болғандықтан  әрі  әрбір 

көзқарасында  адамзатқа  ортақ  ханифтік  жол  ұсталатын  болғандықтан  Ханафи  мәзһабын 

құрушысы

қарағанда  Нұғман  Сәбитұлына  Әбу  Ханифа  деген  лақап  есім    жайдан  жай  берілмегендігін 

көрсетеді 


 

 

14



 

Имам  Ағзам  жастайынан 

пайғамбарымызды  көрген 

сахабаларды  көріп  және 

олардан  білім  алған.  Сол 

себептен 

табиғин 

(сахабаны  көргендер)  деп 

аталғандардың  санатына 

кіреді.  Имам  Ағзам  6 

жасында  Құран  Кәрімді 

жатқа 


біліп, 

пайғамбарымыздың 

(Алланың  сәлемі  болсын) 

көзін  көрген  Абдулла  ибн  Масғуд,  Абдулла  ибн  Аббас,  Әбу  Дарда, 

Убай  ибн  Қағб,  Әбу  Муса  әл-Ашғари,  Әнәс  ибн  Малик  сияқты 

сахабалардан  дәріс  алып,  хадис  тыңдап,  дін  іліміне  сусындап  өсті. 

Абдулла  ибн  Масғуд  пайғамбарымыздың  қасында  22  жыл  бірге 

жүрген  көп  білетін  сахабалардан.  Пайғамбарымыз  (Алланың  сәлемі 

болсын):  «Құранның  қатесіз,  дұрыс  халде  және  маған  түскендей 

үйренуді  қаласаңдар,    Абдулла  ибн  Масғудтан  үйреніңдер»,-деді. 

Соған  байланысты  Имам  Әбу  Ханифа,  Абдулла  ибн  Масғудтың 

ілімінен көп нәрсе алған. 

 

Ұстазы: 

Әбу  Ханифа  ұстазы  Хаммад  ибн  Сүлейменнен  жүйелі  түрде  18 

жыл  дәріс  алған.  Ұстазы  дүниеден  өткенге  дейін,  одан  ажырамаған. 

Өйткені, ол ұстазын жақсы көріп, оның асыл қасиеттерін, даналығын, 

парасаттылығын, 

тақуалығын, 

әсіресе, 

кеңпейілділігі 

мен 

жомарттығын жоғары бағалап, өзіне үлгі тұтқан. 



Шәкірттері: 

Әбу  Ханифаның  жолын  жалғастырып,  фиқһ  мәселелерін 

толықтырған,  әрі  дамытқан  шәкірттері:  Имам  Зуфар  ибн  Һузайл

35



Имам Әбу Юсуф

36

 және Имам Мұхаммед ибн Хасан



37

 еді. 


Еңбектері: 

1.  Рисалай  Радди  Хауариж  уа  Радди  кадария.  Бұл  Имам 

Ағзамның усулуд динге

38

 байланысты жазған ең алғашқы кітабы. 



2.  Әл-Фикһул  Әкбар.  Ақида  саласына  байланысты  болып  Әһли 

сүннет көзқарастарын қамтыған. Әбу Ханифаның еңбектерінің ішінде 

осы кітап ақида саласында өте маңызды деп есептелген. 

                                                             

35

 Өмір сүрген жылдары, 727–774 



36

 Өмір сүрген жылдары, 730–798 

37

 Өмір сүрген жылдары, 748–804 



38

 Діннің негіздері 



 

 

15



 

3.  Әл-Фикһул  Әбсат.  Имам  Ағзам  бұл  еңбегінде  адамның  күші, 

жақсылық пен жамандық, қаза мен тағдыр мәселелерін қамтыған. 

4.  Китабул  алим  уәл-Мутааллим.  Бұл  кітап  Әһли  сүннет 

ақидасына байланысты жүйелі түрде сұрақ-жауап бөлімі қамтылған. 

5. Әл-Муснәдул Имам Ағзам ли Әби Ханифа. Әбу Ханифа үкім 

шығарғанда қолданылған хадистерді жинақтаған. 

 

Үш мәзһабтың ұстазы Имам Ағзам 

Имам  Ағзам  фиқһ  ілімінің  білгірі  болды.  Бұл  туралы  имам 

Шафиғи:  «Кімде-кім  Әбу  Ханифаның  ілімін  оқымаса  ол  толық 

білім  ала  алмайды»,  -  десе,  ал  имам  Малик  ибн  Әнәс:  «Мен 

пайғамбарымыздың  ең  сахих  хадистерін  толық  білуде  және  оны 

түсіндіруде  имам  Ағзамнан  артық  адамды  көрген  жоқпын»,  - 

деген. Имам Маликтің осы сөзінен-ақ оның имам Ағзамды өзіне ұстаз 

тұтқандығы  білінеді.  Шынында,  имам  Ағзам  имам  Маликтің  ұстазы 

болса,    имам  Малик  имам  Шафиғидің  ұстазы,  ал  имам  Ахмад  ибн 

Ханбал  имам  Шафиғидің  шәкірті  болады.  Яғни,  соңғы  үш  имам  өз 

ілімдерінің  негізін  хазреті  имам  Ағзамның  салған  ілім  жолы  арқылы 

қалады.  Басқа  үш  мәзһаб  хазреті  имам  Ағзамды  өздеріне  ұстаз  етіп 

санаған. 



 

      Имам  Мәлік,  Әузағи,  Абдуллаһ  ибн  Мубарак  және  т.б. 

ғалымдардан Әбу Ханифа жайында айтылған сөз – «атылған оқ» боп, 

бізге,  біздің  дәуірімізге  жетті.  Алайда,  әл-Хатиб  әл–Бағдадидің 

«Тарихында»  осы  ғалымдардың  бірде  Әбу  Ханифаны  жерден  алып, 

жерге салып жатып кеп жамандаса, басқа бір жерде мақтағандықтары 

жазылған. Осынау пікір қайшылығының түп төркіні неде? Біріншіден, 

Әбу Ханифаны  кейде даттап кейде мақтап ол туралы пікірін өзгертуі 

ақылға  сыймайды.  Олай  болса,  бұл  еңбектегі  сенімсіз  адамдардың 

аттары  аталатындықтан,  ұлы  тұлға  жайындағы  жағымсыз  пікірлердің 

дені  солардың  аузынан  шықты  дегенге  кім  сенеді?  Екіншіден, 

жоғарыда  келтірілген  мысалдардан  байқағанымыздай,  Әузағи  секілді 

кейбір ғалымдар Имамның әдіснамасын дұрыс түсінбегендіктен, әуелі 

қарсы  шығуын  шыққанмен,  оны  жақыннан  танығаннан  кейін 

көзқарастарын өзгерткен болуы кәдік.  

   


     Ең  бастысы,  оны  қарапайым  халық  емес,  заманның  хадис  пен 

фиқһта  танымал  болған  ғалымдар  мақтап,  өз  лебіздерін  білдірген 

болатын. Әбу Ханифа 55 мәрте қажылық жасаған, Меккеде, Мәдинада 

және  Басра  мен  Бағдатта  қаншама  ғалымдармен  жолығып,  оларға  өз 

ойын  айтып,  ижтихадының  негізгі  қағидаларын  түсіндірген.  Осының 

арқасында ғалымдар Әбу Ханифаның ижтихадындағы әдістерін және 

кейбір  хадистерді  алмау  себептерін  ұғып  білді.  Осылайша,  оның 


 

 

16



 

фиқһының  өзінен  бұрынғы  ғалымдардың  жолынан  өзгеше  емес 

екендігін көптеген ғалымдар мойындаған болатын. 

        


 Қади  Иад  «әд-Мадарик»  атты  еңбегінде  мына  бір  оқиғаны 

келтіреді.  «Әбу Ханифа мен  Имам Мәлік бір  күні Мәдина  қаласында 

жолығып,  бірнеше  мәселелерді  талқылайды.  Содан  соң  Имам  Мәлік 

ол  жерден  үсті  малмандай  болып,  терлеп  шығады.  Ләйс  ибн  Сағыд 

Имам  Мәлікке:  «Қара  терге  түсетіндей  не  жағдай  болды?»  -  деп 

сұрағанда,  Имам  Мәлік:  «Әй,  Мысырлық!  Әбу  Ханифамен 

тілдескендіктен  осындай  күйге  түстім.  Күмәнсіз,  ол  нағыз  фиқһ 

ғалымы» деп, Әбу Ханифаның фйһтағы терең ілімін мойындаған екен. 

    

  Имам  Мәлік  Әбу  Ханифаның  кітаптарын  (шәкірттері  арқылы 



жеткен  еңбектерін)  оқығандығы  жайында  Ибн  Әбил  Ауам  әс-Сағди, 

Әби  Абдуллаһ  ибн  Али  әс–Саймиари,  әл–Муаффақ  әл-Харезми  және 

басқалары  сахих  тізбекпен  жеткізген.  Имам  Мәлік  Әбу  Ханифаның 

егжей–тегжейлі  зерттеген  алпыс  мыңға  жуық  мәселелерін  жинаған 

екен.  Олай  болса,  хадисте  танымал,  фиқһ  ілімін  терең  меңгерген 

ғалым  Имам  Мәлік  Әбу  Ханифаның  еңбектерін  оқып,  біліміне 

таңырқап  бас  шайқаса,  былайғы  жұрттың  ол  туралы  жағымсыз  пікір 

қалыптастырды дегенге кім сенеді? 

       Мәзһаб  имамы  Ахмед  Ханбәл  да  Әбу    Ханифаның  көзін 

көрмеген, бірақ, Әбу Ханифаның өзінен болмаса да оның шәкірті Әбу 

Юсуф  арқылы  еңбектерін  оқып,  ижтихад  жасаған  мәселелерінен  көп 

нәрсе  үйренген.  Бұны  Имам  Ахмедтің  өзі:  «Үш  жыл  ішінде  Әбу 

Юсуфтан  үш  кітап  толы  еңбек  жаздым»  деп,  оның  ілімінің  мол 

екендігін тілге  тиек  еткен.  Сонымен  қатар,  Әбу  Ханифаның  тағы  бір 

шәкірті  Имам  Мұхаммедтің  де  еңбектерін  оқыған.  Имам  Ахмедтен 

мұндай  егжей-тегжейлі  мәселелерді  қайдан  алғандығын  сұрағанда: 

«Имам Мұхаммедтің кітаптарынан»

39

 деп жауап берген.  



 

Имам  Шафиғидің  Әбу  Ханифа  жайында  жағымсыз  сөздер  айтуы 

мүмкін  емес,  өйткені  ол  Әбу  Ханифаны  жолықтырмаған,  тек,  оның 

шәкірттерін ғана яғни, Мұхаммед ибн әл-Хасанды ғана жолықтырды. 

Осы  шәкірті  арқылы  Әбу  Ханифаның  кітаптарын  оқыған.  Имам 

Шафиғидің  Әбу  Ханифаны  жамандауы  мүмкін  емес,  өйткені,  Имам 

Шафиғидің өзі Әбу Ханифа жайында: «Әбу Ханифа – фиқһ саласында 

адамдардың атасы» деп мақтаған.

40

 

 



                                                             

39

 Кәсәри, Танибул-Хатиб, 180-б.  



40

 М. әс-Сыбаи, әс-Сунна, 474-476-б.  



 

 

17



 

 

 



 

 

 

18



 

Дін  ғұламаларының  Әбу  Ханифа  туралы  айтқан  ғибратқа  толы 

сөздері  көп.  Соның  өзінен-ақ  оның  қандай  діндар,  ғалым,  парасатты 

адам  болғанын айқын  аңғаруға  болады.  Мысалы:  Халифа  Һарун  әр  – 

Рашид

41

,  Әбу Ханифа туралы бір оқиғасында: 



«Имам  Әбу  Юсуф  халифа  Һарун  әр  –  Рашидтің  алдына    кіріп 

келді.  Оған  халифа  Һарун:  «Маған  Әбу  Ханифаның  мінезі  туралы 

айтып бергін», - деді. Ол кісі: «Аллаға ант, Әбу Ханифа шариғат тиым 

салған  істерге  жоламайтын,  дүниеқорлықтан  алыс,  үндемей  көп 

жүретін, әрдайым өз пікірінде болатын, бос сөз сөйлемейтін, сұралған 

мәселені  білсе,  жауабын  беретін адам  еді.  Ей,  мүминдердің  әміршісі, 

мен  ол  кісінің  барлық  нәрседен  өз  нәпсісін  тиятындығын  көрдім, 

барлық адам туралы жақсы сөз ғана айтады. Сонда һарун әр – Рашид: 

«Бұл ұлылардың мінезі», - деді»  

Тағы бір мысал келтірер болсақ, Имам Әузаи

42

 сынды ғалым Әбу 

Ханифаны бидғатшы (жаңалық енгізуші) деп кінәлаған. Алайда өзімен 

Меккеде  кездесіп,  әңгімелесудің  сәті  түскенде  Әбу  Ханифа  туралы 

«Бұл  адамның  білімінің  көптігіне  қайранмын.  Үлкен  қателікке  бой 

алдырыппын. Өйткені ол мен естігендердің барлығына қарама-қайшы, 

өте ғұлама адам екен» деген сөзінен жағдайды аңғаруға болады. 

Дәл  сол  секілді  ғалым  Мұхаммед  Бакирға

43

  сұрақ  қойып,  жауап 



беру  арқылы  мәселені  түсіндіргеннен  кейін    Мұхаммед  Бакир 

орнынан тұрып Әбу Ханифаның маңдайынан сүйгені де анық дәлел. 

Басқа да даналықтарында, ой ұтқырлығына байланысты көптеген 

мысалдарды келтіруге болады.  



Мұны  біле  жүрсеңіз,  артықтық  етпейді,  достарыңыз, 

туыстарыңыз,  әсіресе  балаларыңызға  айтсаңыз  олардың  ұйып 

тыңдайтыны анық. Алдымен өзіңіз оқып көріңіз. 

 

Даналық, ұтқыр ой 

«Имам  Ағзам  Куфаның  орталық  мешітінде  жұма  күні  уағыз 

айтатын.  Бір  күні  жұмадан  соң    оған  бір  құл    келіп:  «Ұстаз,  сізден 

өтініш.  Құлды  азат  етудің  артықшылығы  мен  сауабы  туралы  да 

уағыз  айтыңызшы.  Мүмкін  қожамның  көңілі  жібіп,  мені  азат 

етер»,–  дейді.  Әбу  Ханифа:  «Жарайды,  сен  айтқаныңдай  болсын»,– 

деп жауап береді. (Ол кез құлдық заманы болатын.)  

Келесі  жұма  да  жетті.  Бірақ,  Имам  Ағзам  уағызын  басқа 

тақырыпқа  арнайды.  Тағы  бір  жұма  өтеді.  Құлдың  өтініші  тағы 

орындалмай  қалады.  Үшінші  жұмада  Имам  Ағзам  құлды  азат  ету 

                                                             

41

 Аббаси мемлекетінің бесінші халифасы, 763–809 



42

 Абдуррахман бин Амр бин Мұхаммед 707-774, Шамның фиқһшы ғалымы 

43

 Пайғамбарымыздың тегінен имам, 676-733 



 

 

19



 

және  оның  мән-маңызы  мен  артықшылығы  туралы  тартымды  да, 

әсерлі уағыз айтады.  

Жұмадан  соң  әлгі  құлдың  қожасы  келіп:  «Ұстаз  куә  болыңыз. 

Алла  ризалығы  үшін    құлымды  азат  еттім»,–  дейді.  Әбу  Ханифа: 

«Алла  сізден  разы  болып,  істеген  ізгі  амалыңызды  сауаптан 

жазғай»,– деп бата береді.  

Бостандық  алған  құл  Имам  Ағзамға  рахметін  айтып,  одан: 

«Ұстаз,    бір  сұрағым  бар.  Екі  апта  бұрын  айтқан  өтінішімді  неге 

бүгін  ғана  орындадыңыз»,  –  деп  сұрайды.  Әбу  Ханифа:  «Ол  күні  құл 

азат етуге жететін ақшам жоқ еді. Сол үшін, екі апта бойы жұмыс 

істеп,  ақша  жинадым.  Базардан  құл  сатып  алып,  оны  азат  еттім. 

Содан  рухани  жеңілдік  пен  әлдеқандай  рахатты  сезіндім.    Бұл 

амалды өзім істемей тұрып, басқаға  бұйырғанымда, оның ешқандай 

әсері болмас еді, қожаң да саған азаттық бермес еді», – деген екен. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет