Келесі оқиғада бір кісі теңгесін көміп, кейін қайда көмгенін
ұмытып қалады. Сөйтіп: «Тауып беріңіз», – деп Әбу Ханифаға келеді.
Имам: «Бұл фиқһ емес, алайда саған бір жолын айтайын. Бүгін
түнде таңға дейін намаз оқы, сонда есіңе түседі», – дейді. Әлгі кісі
түнде намазға тұрады. Түннің төрттен бірі енді өте бергенде
теңгесін жасырған жер есіне түсіпті. Барып ақшасын тауып алып,
қуанышы қойнына сыймай имамға келіп рахметін айтады. Сонда
имам: «Сені шайтан түні бойы құлшылық еткізіп қоймайтынын
білген едім. Бірақ сен Алла Тағалаға шүкіршілік ретінде
құлшылығыңды түні бойы жасағаның жөн болар еді», – деген екен.
Әдетте, ғибратты әңгімелер адамның жанын байытады, ой
салады. Ендігі кезекте сіздің Ханафи мәзһабының қалай құрылып,
дамығаны жөнінде білуге құштар болып отырғаныңызға біз
сенімдіміз.
Имам Ағзам Әбу Ханифаның зеректігі
Имам Ағзам жас шағында Басра қаласында бір мәжусимен
кездеседі. Қалаға сауда жасау мақсатымен келген мәжуси «Мен отқа
Алла деп табынамын. Өйткені, ол отты көремін. Ал сендер сеніп
жүрген Алла жоқ, бар болса маған көрсетіңдер, әрине, сендер көрсете
алмайсындар. Ғалымдарыңды, ұстаздарыңды шақырыңдар, маған
көрсетсін» деп халықты қатты састырады. Аспаннан түскендей елдің
құтын қашырып мазасын алған мына неменің аузын жабу үшін жұрт
бір жас баланы шақыртпақ болады. Егер оны жеңсе ұстазын
шақыртпақ. Бірақ, мәжуси «Менің майда-шүйделермен дауласып
отыратын уақытым жоқ» дейді. Ақыры не керек, ертеңінде ел болып
жиналып мешітте белгілі уақытта жолықпақшы болады.
20
Келесі күні келіскен уақытта мешіт іші лық толып жас жігіт
пен мәжусидің пікірталасын тамашаламақ болады. Мәжуси ерте келіп
ап орындыққа жайғасып, жас жігітті күтеді. Бірақ, белгіленген уақыт
әлдеқашан өтіп кетсе де жас жігіт Әбу Ханифа кешіге береді. Ол
кешіккен сайын мәжуси «Оқымыстыларың қорыққанынан келмейтін
болды» дейді көтеріле түсіп. Халық та мазасыздана бастайды.
Біраз уақыт өткеннен соң Әбу Ханифа алты айрығынан тер
ағып жетеді:
- Айыпқа бұйырмаңыз, ағайын! Кешігіп қалдым. Өзеннің арғы
жағалауынан бер жағына өтетін көлік іздеп тұрғанмын. Ешкім
көрінбеді, сіздерден ұят болды-ау деп, не істерімді білмей тұрғам,
кенет басыма бір ой сап ете қалды. Өзеннің жағалауындағы ағаштарға
«Әй, ағаштар, бірің қайық, бірің ескек болыңдар, мен өзеннің арғы
жағына өтейін» дедім. Айтып ауыз жиғанымша болған жоқ, сіздерге
өтірік, маған шын, ағаштар әп-сәтте бірі қайық, бірі ескек боп мені
көзді ашып-жұмғанша бергі жаққа алып өтті, - дейді. Сол-ақ екен,
орындықта отырған мәжуси қарқылдау тұрып күлсін кеп.
- Ғалым деп алып келгендерің мынау болса жетіскен
екенсіңдер, -дейді, -айналайын-ау, ағаштың өз-өзінен қайық болғанын
қай атаңнан көріп ең? Дәл осыны күткен Әбу Ханифа дереу:
- Ағаштың өз-өзінен қайық болмайтынына сенбейсің де,
мынау үлкен ғаламды жаратушысыз болуы мүмкін дейсің бе? –
дегенде, мешіт іші қуаныштан тәкбір айтып, шулап қоя береді.
Орындықта отырған мәжуси:
- Олай болса, Алла деп жүргендерің неге көрінбейді. Егер бар
болса көрінуі керек емес пе? Ол жоқ болғандықтан көрінбейді, - дейді.
Әбу Ханифа мәжусиге:
- Сенің ақылың бар ма екен осы? – деп қарсы сұрақ қояды.
«Бар» дейді мәжуси.
- Олай болса, ақылыңды көрсет бізге, -дейді мәжусидің өз
сұрағын өзіне қойып. «Оны көрсету мүмкін емес» деген мәжусиге Әбу
Ханифа рух, ақыл секілді кейбір бар нәрселердің де көріне
бермейтінін айтқанда жамағат дереу тәкбір айтып, қатты қуанады.
Әбден тығырыққа тірелген мәжуси ашуланып:
- Басы мен соңы болмайтын біреудің болуы мүмкін бе екен? –
деді. Сонда жас жігіт Имам Ағзам Әбу Ханифа саспастан:
-
Сен санау білесің бе? – дейді.
-
Білемін, - дейді мәжуси.
-
Бірдің алдында неше бар?
-
Бірден бұрын сан жоқ.
-
Дәл сол сияқты Алланың да алдында ешқандай жаратылыс жоқ.
«Жығылған күреске тоймас» дегендей мәжуси осы жерде мына
сұрақты қояды қырсыға түсіп:
21
- Жарайды, Алланы бар дейік. Онда ол қай жаққа қарай бағыт
алып барады? Бұл сұраққа имам Ағзам хазіреті:
- Шамды жаққанда оның жарығы қай жаққа бағыт алады? –
дейді.
- Барлық жаққа жайылады, - деп жауап береді мәжуси. Сонда
имам Ағзам:
- Шамның жарығы барлық жерге тарайды екен де, жер мен
көктің нұры Алла тағала барша жерді қамти алмай ма екен? Мұны
күннің өзі дәлелдеп тұрған жоқ па? – дейді. Жеңілгенін біле тұра
ақтық рет амал қылып қалайын дегендей былай дейді:
Мәжуси соңғы сұрағын қояды. Бірақ, басындағыдай емес,
алғашқы арыны басылып даусы бәсең шығады:
-
Сендердің Алла деп жүргендерің дәл қазір не істеп жатыр, соны
айтшы.
Әбу Ханифа мәжусидің орындығынан түсуін сұрап, орнына өзі
отырып алады да:
- Қазір Алла тағала сен секілді ақымақ біреуді орнынан түсіріп,
мен секілді жас баланы әлемге ғибрат болсын деп басқалардан бір
саты биікке көтерді, - дейді.
Сөзге тоқтаған мәжуси имам Ағзам Әбу Ханифаның ақылы
мен зеректігіне таң қалып, рахметін айтып, дереу сол жерде тілін
кәлимаға келтіріп мұсылман болады.
Тағы бір жолы Имам Ағзамның құзырына бірнеше адам
келген еді. Имамға дауыс көтеріп, анадайдан айқайлап жатты. Әбу
Ханифа намазда «Фатиха» сүресін оқыса, артында оған ұйыған
жамағат оқымайды деген еді.
44
Сөздің төркінін түсінбеген жамағат
Имам Ағзамға қарсы шықты. Мынау келгендер де сол дауды айтып,
Имамды үкім бердіге санап келген екен. Имам Ағзам қаптаған мына
адамдарға қарап:
-Мен қазір сіздердің барлықтарыңызбен қалайша бір уақытта
сөйлесемін. Араларыңыздан бір өкіл тағайындаңыздар, сол маған
барлық мән-жайды түсіндіріп берсін, әйтпесе мен түкке түсініп тұрған
жоқпын, - дейді. Олар имам Ағзамға араларынан біреуін таңдап
көрсетті де, мына кісі бәріміздің атымыздан сөйлейді деп бір адамды
алға шығарды. Сонда Имам Ағзам: мен осы кісімен сөйлессем,
баршаңызбен сөйлескен боламын ғой, солай ма? –деді.
- Иә, бәріміздің сөзімізді осы кісі жеткізеді,- дейді. Имам
Ағзамға да керегі осы, жұлып алғандай:
44
Ханафи мәзһабында имам жамағатпен намаз оқығанда «Фатиха» сүресін оқиды, ал имамға
ұйығандар оқымайды. Жамағаттың оқуы мәкруһ болады. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.)
«Имамның оқуы жеткілікті» деген және артындағы сахабалар оқымаған.
22
- Өз сөздеріңізді өздеріңіз қайшы келесіздер. Дәл қазір мына
кісі сіздердің орындарыңызға барлығын маған айтады. Намазда да дәл
осылай емес пе? Имамның оқуы жамағаттың оқығанымен тең, - дейді.
Жамағат мұндай салыстыру тәсіліне таңырқап, Имам Ағзамның
пәтуасының дұрыс екенін мойындады.
Сол уақыттарда Куфада дәулетті біреу хазірет Османды (р.а)
яхуди дейді екен. Ғалымдар қаншама рет олай айтып, былай айтып,
оны пасық ойынан қайтара алмайды. Ешқандай нәтиже шықпаған соң
келіп жағдайды Әбу Ханифаға жеткізеді. Әбу Ханифа байға барып:
-Саған
құдалыққа
келдім.
Алланың
әмірі,
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) шешімімен
қызыңды айттырамын, -дейді.
- Кімге? – дейді бай күтпеген «құдаға».
- Өте тақуа бір адамға. Дәулет десе дәулет бар, білім десе
білім бар. Өзі Құранның хафызы. Жомарттығында шек жоқ. Түні бойы
ғибадаттан бас алмайды. Алладан қорыққаны соншалық, бір сәтке де
көздері құрғамайды...
- Жетер-жетер. Осы қасиеттердің бірін ғана иеленген адамның
өзіне қызымды қазір беруге дайынмын.
- Бірақ, бір кемшілігі бар, - дейді Әбу Ханифа, - июдаизм дінін
ұстанады.
- Құдай сақтасын! Басқа адам таппағандай менің қызымды
қайдағы бір яхудиге бермек болдың ба? Мені кім деп тұрсың өзің?
Имамның да күткені осы еді. Жұлып алғандай байға былай дейді:
- Сен бір қызыңды яхудиге бермегенде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алейһи уә сәлләм) екі бірдей қызын яхудиге қалайша
бермек? Осыны ойладың ба?
Бай сөздің төркінін сонда ғана түсініп, тәубе еткен екен.
45
Ханафи мәзһабының құрылуы және дамуы
Ханафи мәзһабының қалыптасуында Әбу Ханифадан бұрын Ирак
аймағында ортаға шыққан «Рай мектебінің» үлкен ықпалы болды.
Сөздік мағынасы «жеке көзқарас, ой және тоқтам» дегенді білдіретін
«Рай» сөзі фиқһ терминологиясында «мужтаһидтің діни мәселені
шешу барысында Құран және Сүннеттен дәлел табылмаған жағдайда
мәселені соған ұқсас мысалдар жолымен шариғатты басшылыққа ала
отырып ортаға қойған жеке көзқарасы» деген мағынада қолданылады.
Мұндағы басты шарт, мәселені шешу кезінде ең басты негіз ретінде
Құран мен Хадисті басшылыққа алу арқылы оларда айтылғанға қарап
айтылмағанды да қарастыру, түсіндіру жолы болып табылады. Яғни
алынған шешім Исламның негіздеріне қайшы келмеу керек.
45
әт-Тирмизи, 1-т., 111-112-б.
23
Ханафилердің ижтиһад туралы түсініктері: тілдік ұғымда
«қайрат көрсету, бүкіл күшін жұмсау, алғанынан қайтпау,
қиыншылық көру» деген мағынада болса терминдік мағынада
ижтиһад ұғымы - «бір мәселеде қолдан келген қайратты көрсету,
қол жеткізу үшін бүкіл күшті жұмсау» дегенді білдіреді.
Ижтиһад жасау Хз. Мұхаммед пайғамбар дәуірінен басталып
сахаба, табиун және атақты мужтаһид ғұламалар кезінде де жалғасын
тапқаны тарихтан белгілі. Ижтиһад, Құран және Сүннеттен шешімі
табылмаған мәселелерді ақылды қолдану арқылы адамның жеке
көзқарасына сүйеніп жағдайдан шығу дегенді білдіргендіктен, ол ой
қорыту, дүниетаным және көзқарас болып табылады. Ақылдың
қызметіне сүйенген көзқарас болғандықтан ижтиһад тікелей болмаса
да жанама түрде бастауын Құраннан алады. Өйткені Құранда
мұсылманды ойлануға, әлемдегі ерекше тәртіппен орналасқан
дүниелерге қарап ғибрат алуға, ақылдарын қолдануға шақыратын
аяттар өте көп.
Ижтиһадтың екінші қайнар көзі Хадис болып табылады. Хз.
Мұхаммед пайғамбардың дүниелік мәселелерді сахабаларымен
ақылдаса отырып, кейде олардың пікірлерін құптап, тікелей ижтиһад
жасағаны және осы жолға сахабаларды да шақырғаны деректерде
айтылған. Сүннеттен кейін ижтиһадтың үшінші дәрежедегі бастауы
сахабалардың ижтиһадпен байланысты айтқан сөздері мен іс-
әрекеттері саналады.
Хадистер Исламда мұсылман үшін даулы бір мәселенің шешімін
табуда маңызды болумен қатар, Құранды бәрінен артық білетін,
аяттарда айтылған мақсаттың не екенін жақсы түсінетін Хз.
Мұхаммед пайғамбардың көзқарасы ретінде де ерекше орынға ие. Хз.
Мұхаммед пайғамбардың адамдарға сөздері арқылы түсіндіріп, іс-
әрекеттерімен
қалай
орындалатынын
көрсеткен
Алланың
бұйрықтарының басында намаз, ораза, зекет және қажылық сияқты
құлшылықтар келеді. Намаздың қай уақытта қалай оқылатындығы,
оразаның қалай ұсталатындығы, зекеттің қандай мөлшерде нендей
нәрселерден берілетіндігі Құранда көрсетілмеген. Бұлардың барлығы
хадистер арқылы білдірілген. Хадистер Құранда орын алмаған кейбір
мәселелерді түсіндіріп, олардың тәжірибедегі қолданысын көрсетіп
берген. Құранда айтылумен қатар қанағаттанарлық мәлімет
берілмеген ақырет өмірімен байланысты жәйттер хадистер арқылы
үйретілген. Мінез-құлық қағидалары мен рухани кемелденуді
қамтамасыз ететін құралдар, жақсы отбасы болу үшін қажетті
жәйттер, адамдар арасындағы қатынасты реттейтін діни үкімдер,
басқарушылар мен қызметкерлердің арасындағы байланыстар және
тағы басқа осыған ұқсас мәселелерде хадистерде молынан мәлімет
беріледі.
24
Осы ғылыми әрекет сахабалардан кейінгі буын табиундар
кезеніңде де өз жалғасын тапты және ұстаз-шәкірт қатынасына
негізделген ғылыми топтар құрылып, танымал ғұламалар шықты.
Ханафи мәзһабының діни ілмінің жүйеленуі мен жайылуында
ықпалы зор болған Ирак жері, соның ішінде Куфа қаласы Омейядтар
46
мемлекеті тұсында әр түрлі наным-сенімдер, діндер және
мәдениеттермен тығыз қарым-қатынаста болған, әр түрлі ұлттар мен
ұлыстар мекен еткен, әлеуметтік және дүниетанымдық ағымдардың
араласып жатқан орталығы еді. Осыған байланысты табиундар
кезеңінен бастап бұл аймақта белсенді түрде дамыған ғылым мен
мәдениетті, дінді түсіндіруде ақылға сүйенген ұстаным мен дәлелдің
басым болғандығын байқауға болады. Себебі, қисындық жауаппен
адасушылардың пікірлеріне тойтарыс берілді. Алайда Ирак фиқһы
табиундар кезеңінде емес, олардан кейінгі ұрпақ атбаут-табиундар
47
кезеңінде жүйеленіп, бір ізге түседі. Алғашқы кездерде Ирактықтарға
Рай өкілдері деп айтылғанымен уақыт өте келе Әбу Ханифаға тән
құқықтық мектеп ретінде аталды. Әлбетте мұның өзіндік себептері
бар.
Егер Сізді тарих қызықтырса...
Осы себептердің бірі Әбу Ханифаның айналасында топтасқан
ғалымдар кеңесі алдыңғы буыннан жеткен Құран және хадис
білімдерін, Рай және түсіндірмелерін мұқият талдап, ой елегінен
өткізіп, өмірдің барлық саласын қамти алатындай дәрежеде дамытып,
бүкіл қажеттіліктерге жауап беретіндей деңгейге жеткізуінен болып
табылады.
Келесі бір себебі Әбу Ханифа өз замандастарының арасында
және шәкірттерінің алдында ұстаз болып, ілімімен өзін мойындатуы.
Сонымен қатар көзқарастарының фиқһ ілімімен дәстүрінде әрі сан әрі
сапа жағынан салмақты болуы жатыр. Осыдан барып Әбу Ханифа
және оның шәкірттері қалыптастырған фиқһтың Рай дәстүрі діни
ілімді жағымды тұрғыдан түсіндіріп, Құран мен Хадис арасындағы
тепе-теңдікті сақтауынан көпшілік тарапынан қолдау тапты.
Әбу Ханифаға негізделген Ирак фиқһ мектебінің қалыптасып
халық тарапынан, мемлекет билеушілері тарапынан ресми мәзһаб
ретінде қабылдануы және Ислам әлемінде кеңінен тарала бастауының
өзіндік себептерінің бар екені ақиқат. Жалпы мәзһабтардың
қалыптасуына әсер еткен ішкі және сыртқы факторлардың барлығын
талдай келе Ханафи мәзһабының қалыптасуы мен дамуында
маңызды себептер ретінде:
46
765-1031 жылдары билік жүргізген
47
Табиундарды көрген кісілер
25
1. Әбу Ханифадан дәріс алған және оның ғылыми кеңестеріне
қатысып жүрген шәкірттері мен дос-жарандарының Ханафи
мәзһабының құрылуы мен таралуында еңбектері зор болды.
2. Ханафи мәзһабының алғашқы буындары саналатын Әбу Юсуф,
Имам Мухаммед, Зуфар, Хасан бин Зияд сияқты мужтаһид
ғалымдардың тәрбиелеген шәкірттері, әсіресе, Хорезм, Батыс
Түркістан, Хорасан және Мәуреннахр сияқты халқы жаңадан
мұсылман болған аймақтарға барып, ұстаздарының көзқарастарының
танылуында және таратылуында үлкен рөл атқарған.
3.
Ханафи
мәзһабының
қалыптасып,
дамуының
маңызды бір себебі Әбу
Ханифа және шәкірттерінің
қалыптастырған
фиқһ
ғылымы
өз
уақытында
жинақталып
қағазға
түсіріліп, бұл әрекеттің одан
кейінгі
уақыттарда
да
жалғасын тапқандығында.
Кейбір пәтуалар мен фиқһи
мәселелер Әбу Ханифадан
бұрын да қағазға түсіріліп,
жазыла басталғаны туралы
деректер бар. Мысалы Қады Шурайх, Ибраһим ән-Наһаи және
Хаммад бин Әбу Сулейманның фиқһ жинақтары болғанымен Куфа
мектебіне негізделген Ирак фиқһы алғаш рет Әбу Ханифа дәуірінде
жүйелі әрі кең ауқымда жинақтала бастағаны белгілі.
4. Ханафи мәзһабының таралуында Аббасидтер әулетін
48
кейін
Селжук
49
және Осман
50
мемлекеттерінің рөлі үлкен болды. Селжук
билеушісі Тұғрул Бейдің Нишапур, Исфахан, Хамадан секілді
ханафиліктің аз танылған аймақтарында ханафи қазыларды
тағайындауы мәзһабтың жайыла түсуіне жағдай жасады. Осман
билеушілері бүкіл діни мәселелерді осы мәзһабқа сүйеніп, шешіп
отырғандықтан мемлекеттің саясатында да маңызды орынға ие болды.
Тек бұл жерде Ханафи мәзһабы биліктің арқасында ғана күшейіп,
дамыған деген бір жақты көзқарас қалыптаспауы қажет. Ханафи
48
Билік құрған жылдар, 750-1250
49
Билік құрған жылдар, 1040-1157
50
Билік құрған жылдар, 1299-1922
26
ғалымдары қажырлы еңбек етіп, басқа мәзһаб ғұламаларымен ғылыми
пікірталастарға барып отыратын және мәзһабты орнықтыру жолында
бар күш-жігерлерімен еңбек еткен. Осы ғұламалардың еңбегінің
арқасында мәзһаб көптеген елдерге таралып, танымал болды және
мемлекет тарапынан қолдау әлсіреген кезде де дамуы бәсеңдемеді.
5. Құқықтық мәзһабтардың пайда болып, мұсылман елдеріне
таралуында, сол мәзһабтың имамының және ғұламаларының
(мужтаһид) басқа аймақтармен қарым-қатынас жасауы аталмыш
мәзһабтың жайылуына ықпал етті. Мысалы, Ибн Халдун
51
Малики
мәзһабының Солтүстік Африкадағы ұстанатын бірден-бір мәзһаб
болуын Мадина қаласының сол аймақ халқының қажылық жолында
орналасуымен және Хижаздың олар үшін бейне бір сыртқы әлемге
ашылған есік іспеттес болуымен түсіндіреді.
Осыған байланысты Ирактың шығыс елдері үшін Хижаз
аймағына өткел болуы және Ислам әлемімен байланыс нүктесі
қызметін атқаруы ханафиліктің қалыптасуында және бірінші кезекте
шығыс елдерінде жайылуында үлкен ықпалының болғанын айтуға
болады.
Қорыта келгенде Әбу Ханифа және Ханафи ғұламаларының
мәзһабты таратуда сіңірген еңбектері, Аббасидтер мемлекетінің бұл
мәзһабты ресми мәзһаб ретінде қабылдап, аталған мәзһаб имамдарын
жоғарғы сот, бас қазылық қызметтерге тағайындауы және осыған
ұқсас бірінші және екінші деңгейде ықпал еткен себептердің
нәтижесінде Ханафи мәзһабы әуелі Ирак аймағында танылып, содан
Хорасан, Батыс Түркістан, Хорезм секілді шығыс елдерінде кеңінен
танылып, жайыла түскен.
Түркілердің Х ғасырдан бастап жаппай мұсылмандықты
қабылдауларының нәтижесінде Ханафилік үнемі үстем мәзһаб ретінде
сақталып келді. Селжуктар мен Османдықар тарапынан Анадолы
және Балқан түбегіне дейін жеткенін байқауға болады.
51
Ибн Халдун Абдурахман Әбу Зейд ибн Мухаммед 1332-1406, араб тарихшысы әрі
әлеуметтанушысы
27
▬
Ханафи мәзһабының таралған аймақтары; Орта Азия
мемлекеттері, Түркия, Балқандар, Босния, Қырым, Әзірбайжан,
Кавказ, Қазан, Уфа, Сібір және Қытай-Жапон мұсылмандары,
Ауғанстан, Үндістан, Пакистан, Мысыр мұсылмандарының көпшілігі
Ханафи мәзһабын ұстанады. Ханафилер саны Йемен, Хижаз,
Палестина, Алжир және Тунисте өте аз мөлшерде. Ал Эфиопия,
Сирия және Иракта аталған елдерге қарағанда көбірек.
▬
Малики мәзһабының таралған аймақтары; Солтүстік және
Батыс Африка елдері мұсылмандары арасында таралған.
▬
Шафиғи мәзһабының таралған аймақтары; Мысырда,
Оңтүстік-Шығыс Азия (Малайзия, Индонезия) мен Кавказда
таралған.
▬
Ханбали мәзһабының таралған аймақтары; Парсы
шығанағы аймағындағы халықтар ұстанады.
Ханафи мәзһабы туралы тереңірек білгіңіз келсе...
Ханафи мәзһабының методикасы мен көзқарастары
Сахаба және табиун кезеңінде Иракта басталған Құран және
Сүннетке негізделген діни білімнің Рай және ижтиһадпен байытылып,
толықтырыла түсу жолындағы әрекет VІІІ ғасырдың орталарында Әбу
Ханифа және шәкірттерінің еңбектерінің арқасында бір жүйеге түсіп,
мектеп халіне келгенін айтуға толық негіз бар.
28
Бұл жерден Әбу Ханифаның алдымен Құранға, одан кейін
Сүннетке
52
, одан кейін сахабалардың сөздеріне жүгінгендігін
байқаймыз. Құран мен сүннетке сүйеніп үкім шығару осы қағидатқа
негізделіп жасалады. Әбу Ханифаның шариғат заңдарын жасау
барысындағы қолданған әдістері мына жеті қағидатқа негізделеді:
Достарыңызбен бөлісу: |