Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығЫ»



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата07.02.2017
өлшемі1,59 Mb.
#3611
1   2   3   4   5

 

1.  Құран.  Құран  –  Шариғаттың  тірегі,  ислам  заңдарының  өзегі. 

Құран  –  барлық  діни  үкімдердің  бастау  алар  қайнар  көзі  және 

барлығы  одан  шығарылады.  Мысалы:  «Сондай  абыройлы  әйелдерге 

зина жаласын жапсырғандар; кейін төрт айғақ келтіре алмаса, онда 

оларға сексен дүре соғыңдар»  (24 Нұр сүресі 4 аятындағы)  «сексен» 

сөзі, мағынаға нақты дәлел болады, басқалай жорамалдауға келмейді. 



 

2.  Сүннет.  Сүннет  –  Алланың  кітабын  (Құранды)  түсіндіруші. 

Ол  жерде  ашылмаған  мәселелер  сүннетте  көрсетіледі.  Мәтін  ретінде 

бұл хадистер арқылы көрініс табады.  

Хз. Пайғамбардың сүннеті үш түрде жүзеге асқан:  

2.1.  Сөздік  сүннет:  Хз.  Пайғамбардың  сөздері  осы  топқа  кіреді. 

Мысалы:  Ол  былай  деген:  «Амалдар  ниеттерге  байланысты  және 

барлығыңа ниеттеріңе қарай беріледі...» (Бухари, Бәду-л уахи 1, Иман 

41; Муслим, Имара155). 

2.2. Іс-әрекеттегі сүннет: Оның намаз оқуы, дәрет алуы, қажылық 

жасауы,  ұрының  оң  қолының  білектен  кесілуін  бұйыруы  сияқты 

әрекеттер жатады. Құранда бар үкімдерді егжей-тегжейлі түсіндіретін 

әрекеттерінің барлығы осы топқа жатады. Мәселен, «Мен қалай намаз 

оқыған  болсам,  сіздер  де  солай  оқыңыздар»  (Бухари,  Азан,  18,  Әдәб, 

27,  Ахад,  1)  хадисі,  Хз.  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  Құранда 

бұйырылған  намаз  оқуды  іс-әрекетімен  түсіндіргендігін  көрсетеді. 

Сондай-ақ  дәрет  пен  таяммумда  тірсектерге  дейін  мәсіх  тарту  да 

осыған жатады.  

2.3. Тақрири сүннет: Оның құзырында басқаларының істеген ісін 

көргенде  немесе  сөйлескендерін  естігенде  ештеңе  айтпай  қабыл  етуі 

деген  мағынаға  келеді.  Басқаларының  әрекеттері немесе  сөздерін  Хз. 

Пайғамбарға  жеткізуі,  оның  мұны  қабыл  етуі  тақрири  сүннет  болып 

есептеледі.  Бұған  мысал  мына  оқиға:  Бірде  пайғамбарымыз 

сахабаларына  аср  намазын  Бани  Қурайза  мекенінде  оқуды 

міндеттейді.  Жолда  келе  жатқанда  аср  намазының  уақыты  кіреді. 

Сонда сахабалардың біразы аср намазын оқып алайық дейді. Жартысы 

бізге  Пайғамбарымыз  Бани  Қурайза  мекенінде  оқыңдар  деген,  –  деп 

кейінге қалдырады.  

Сөйтіп  жамағат  екіге  бөлініп,  жартысы  сол  жерде  оқып, 

жартысы  Пайғамбардың  айтқаны бойынша  Бани Қурайзаға барғанда 

                                                             

52

 Мұхаммед пайғамбарымыздың сөздері мен іс-қимыл әрекеттері 



 

 

29



 

оқиды.  Содан  олар  болған  жағдайды  Пайғамбарға  баяндап  береді. 

Сол кезде Пайғамбарымыз екі жамағаттың да істегенін құптайды.  

 

3.  Сахаба  сөздері.  Сахабалар  -  пайғамбармен  бірге  болғандар 

және  оның  айткандарын  бізге  жеткізушілер.  Сондай-ақ  кұран 

аяттары  мен  пайғамбардың  хадистерінің  мән-мағынасын  жетік 

білетін тұлғалар болып табылады. 

Әбу  Ханифа,  Әбу  Юсуф  және  Имам  Мұхаммед  сахабаның  сөзі 

болған  жерде  көбінесе  қияс  жасамайтын.  Әбу  Ханифаның  бұл 

жайындағы мына сөзі мәшһүр: «Хз. Пайғамбарымыздан келген сөздің 

төбемде  орны  бар.  Бұл  жайында  сахабалардың  әр  түрлі  көзқарасы 

немесе пәтуасы бар болса олардың арасынан таңдағанымызды аламыз, 

бірақ,  олардың  көзқарастарынан  асып  кетпейміз.  Табиғундарға  келер 

болсақ,  біз  де  олар  секілді  адам  баласымыз.  Олар  қалай  ижтиһад 

жасаған болса, біз де ижтиһад жасаймыз» 



 

4.  Ижма.  Ижма  дегеніміз  белгілі  бір  ғасырда  өмір  сүрген  ислам 

ғұламаларының  бір  мәселе  бойынша  ортақ  көзкараста  болуларын 

білдіреді.  Бұл  дегеніміз  белгілі  бір  мәселеде  ғалымдардың  ортақ 

келісімдері  де  үкім  ретінде  жүретіндігін  көрсетеді.  Мысалы:  Құран 

мен  сүннетте  арақ  т.б.  мас  қылатын  заттарды  қолданғандардың 

жазасының  мөлшері  белгіленбеген.  Хз.  Омар  мұның  мөлшерін 

бекіткісі  келді.  Сахабаларды  жинап  пікірлерін  білді.  Хз.  Али  былай 

деді:  Арақ  ішкен  адам  мас  болады,  мас  болған  адам  жүйесіз  бос  сөз 

сөйлей  бастайды  және  жала  жабады.  Жала  жабудың  жазасы  Құранда 

сексен дүре соғу ретінде белгіленген. Хз. Омар және басқалары да Хз. 

Алидың  көзқарасын  қабыл  етіп,  намысты  әйелге  зина  жасады  деп 

жала жапқанға берілетін жазаға (хадду-л қазф) қияс жасалып, ішімдік 

ішкен адамға сексен дүре соғу керек деп шешім қабылдады. 

 

5.  Қияс.  Әбу  Ханифа  белгілі  бір  мәселенің  шешімін  Құран  мен 

сүннеттен  немесе  сахабалардың  сөздерінен  таппаған  жағдайда  осы 

әдісті  пайдаланған.  Қияс  дегеніміз  құран  мен  сүннет  бойынша  үкімі 

жоқ,  бірақ  араларындағы  себеп-салдар  (иллә)  ұқсастығына  қарай 

онымен  сәйкес  мәселелерді салыстыра  отырып,  үкім  шығару  жолы 

болып  табылады.  Әбу  Ханифа осы әдіс арқылы үкім шығаруда үлкен 

жетістіктерге  қол  жеткізген.  Бұған  бір  мысал  келтірейік.  Арақтың 

харам  болуына  қатысты  Құранда  аят  бар  (Маида  сүресі  90  аят). 

Коньяктың үкіміне қатысты аят жоқ. Арақтың харам етілуіндегі иллет 

(себеп) ондағы зиянды элементтердің адамды ақылдан ажыратып, мас 

қылуы. Коньяк т.б. ішімдіктердің құрамын зерттейтін болсақ, олардың 

да  осындай  ерекшелігі  бар.  Сол  себепті  араққа  қияс  жасап,  оның  да 

үкімі  харам  деген  тұжырымға  барамыз.  Бұл  жерде  негізгі  арақ, 


 

 

30



 

тармағы  коньяк,  себебі  ағзаға  зиян  келтіруі,  еркінен  тыс  әрекеттерге 

алып баруы, мас қылуы, сөйтіп үкімінің харам болуы. 

 

6. Истихсан. Истихсан дегеніміз белгілі бір құқықтық мәселелерді 

шешу  барысында  ашық  қиястың  үкімінен  бас  тартып  жасырын 

қиясқа  сүйеніп,  соған  жақын  бір  үкім  шығару  дегенді  білдіреді.  Бұл 

әдіс  негізінен  жаңадан  туындаған  мәселенің  кейбір  ерекшеліктеріне 

қияс  үкімінің  сәйкеспеуі  барысында  қолданылады.  Мысалы:  ораза 

кезінде  білмей  ішіп-жеп  қою  оразаны  бұзбайды.  Бұл  жерде  әрекет 

негізінде  дұрыс  ниет  жатқандықтан  истихсан  қолданылған.  Яғни  діни 

рүкіндеріне байланысты ораза бұзылу керек еді бірақ, истихсан арқылы 

оразаның бұзылмайтындығына үкім берілген. 

Сүннетке байланысты истихсан: Ақшасын қолма-қол беріп затты 

кейін  әкеліп  беретін  сауданы  сәләм  келісімі  деп  атайды.  Сәләм 

келісімі  истихсан  жолымен  жүзеге  асады.  Негізінде  қияс  бойынша 

келісім  уақытында  сол  жерде  жоқ  затты  саудалау  жарамсыз.  Хз. 

Пайғамбар истихсан ретінде сәләм саудасына рұқсат еткен.  

Ижма  мен  ғұрыпқа  байланысты  истихсан:  Шеберге  бір  нәрсенің 

жасалуын  тапсыру  осыған  жатады.  Өйткені  шеберге  тапсырылған 

істің  бағасын  алдын-ала  белгілеу,  тартысқа  жол  ашуы  мүмкін.  Бірақ 

Хз.  Пайғамбарымыз  кезеңімізден  бері  қарай  рұқсат  етілген,  әдетпен 

қазіргі таңға дейін жалғасып келді. 

 

7.  Әдет-ғұрып.  Әдет-ғұрыптар  да  өзінше  бір  дәлел  және  үкім 

ретінде  қолданылады  және  "дұрыс",  "бұрыс"  болып  екіге  бөлінеді. 

Дұрыс  әдет-ғұрыптарға  діни  үкімдер  мен  ұстанымдарға  қайшы 

келмегендері  жатқызылады  да,  бұрыс  әдет-ғұрыптарға  қандай  да  бір 

діни  негізге  кайшы  келгендері  жатады.  Соңғысы  яғни,  бұрыс  әдет-

ғұрып дінде дәлел ретінде қолданылмайды .  

Ғұрып  жайында  ғұлама  айтарлықтай  анализдер  жасаған.  Егер 

ғұрып  негізгі  насстарға

53

  қайшы  келсе  алынбайды.  Мысалы  құмар 



ойнау, пара беру, пара алу, қабірлерге шырақ жағу секілді іс-әрекеттер 

бір  қоғамда  әдет  халіне  келген  болса  да,  шариғат  насстарына  қайшы 

келгендіктен жүзеге асатын әдет ретінде қабыл етілмейді.  

            

 

 

 



 

 

 



 

                                                             

53

 Құран және Сүннет 



 

 

31



 

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ ШАРИҒАТ ТАЛАБЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

32



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

33



 

Үкім  шығарып  жатқанда  шариғат  насстарына  қайшы  келмейтін 

әдеттер  назарда  болады.  Ақыл-есі  дұрыс  адамдардың  әлеуметтік 

өмірге  қатысты  біршама  тәртіптерді  әдетке  айналдырулары,  Ислам 

тарапынан  қабыл  етілген  әдеттер  болып  саналады.  Сауда-саттық 

әдеттері,  жалға  беру,  үйлену,  саяси  шаралар  мен  қарым-қатынастар, 

сот  ісінің  жүргізілу  тәртібі  сияқты  жүйелер  осыған  жатады.  Бұл 

нәрселер әр қоғамда әр түрлі болуы мүмкін.  

Құқықтың  мақсаты  қоғамның  тепе-теңдігін  сақтау,  әділетті 

жүзеге асыру, қиыншылықтарды шешімін табу болып саналады. Бұған 

қосымша көмек ретінде дұрыс әдеттер қабыл етіледі. 

 

Ақида ілімі және 



Әбу Ханифаның сенімге қатысты көзқарастары 

Ақида  –  араб  тіліндегі  ақд  «түйіндеп  байлау»  деген  түбірден 

туындаған  есім  сөз.  Дәл  осы  түбірден  туындаған  иман  ұғымына 

синоним  ретінде  қолданылатын  иғтиқад  сөзі  «Шын  пейілмен  илану, 

түйіндеп  байлап  қойғандай  жармасу»  деген  мағынаға  саяды.  Олай 

болса, ақида дегеніміз  – ақиқатқа шын  жүректен сенуді білдіреді.  Ал 

термин  ретінде  «Ислам  дінінің    негізгі  ереже  –  қағидаттары,  иман 

келтіру  міндет  болып  табылатын  үкімдер»  дегенді  білдіреді.  Яғни, 

ілімнің осы саласы Ислам дінінің иман негіздерін зерттеп, дәлелдеуді 

басты  мақсат  етеді.  Осы  ерекшелігін  назарға  ала  отырып,  кейбір 

ғалымдар  ақида  мен  «кәләм»  ілімін  бір-бірінен  бөлек  қарастырған. 

Осыдан  барып  «Ақида  Алла  тағаланың  (Өзі),  сипаттары, 

пайғамбарлық  пен  ақыреттегі  жағдайларға  қатысты  мәселелерді 

талқылайды»,  ал  «кәләм  –  әрі  осы  тақырыптармен  қатар  соның 

негізінде  күллі  әлем  жайлы  сөз  қозғайтын  ілім  саласы»  деген. 

Сонымен  қатар,  ақида  ілімі  діннің  негізгі  үкімдері  жайлы  сөз 

қозғағандықтан  оны  «усулуд-дин»  (дін  негіздері),  сондай-  ақ,  Алла 

тағаланың  жалғыз  –  даралығы  мен  сипаттарын  баяндайтындықтан, 

«илмут-таухид уәс-сыфат» деп аталған

54

.  



1. Улухият (Тәңір жайлы түсінік) 

      Әбу  Ханифа  Алла  тағаланың  бар  екендігін  дәлелдеу  мақсатында 

һәм  діни  мәтіндерге  һәм  ақылға  негізделген  дәлелдерді  қолданумен 

қатар, көбіне Жаратқанның бар екенін қабылдамайтын дінсіздер және 

дінбұзарларға  (бидғатшылар)  қарсы  күрескендіктен,  рационалдық 

дәлелдерге жиі жүгінген. Оның өзін Құраннан алған. 

      Имам  Ағзамның  түсінігі  бойынша,  Алла  тағала  ғаламды  да,  өзге 

барлық  жаратылыстарды  да  жоқтан  бар  етіп  жаратқан.  Көктер  мен 

жердің  мінсіз  жаратылуы,  жаратылыстардың  түрден  түрге  енуі-  бәрі 

де  асқан  білім,  хикмет  иесі  бір  Жаратушының  бар  екенінің  ап-айқын 

                                                             

54

 А. Саим Кылавуз, Акаид, Ислам анссиклопедиси, ТДУ, Стамбул, 1989, 2-т., 212-213-б. 



 

 

34



 

дәлелі.


55

  Жал-жал  толқындарға  қарамастан,  өз  бағытынан  жаңылмай 

жүзіп  бара  жатқан  кемені  көре  тұра,  оны  шебер  басқарушысыз  өз 

бетімен  жүзіп  барады  деу  ақылға  қаншалықты  қонымсыз  болса, 

алысқа  бармай-ақ  күн  ғаламшарында  аспан  денелерінің  бір-бірімен 

соқтығыспай,  белгілі  бір  бағытта  қозғалатынын  білеміз.  Ендеше, 

аспан денелерін мінсіз басқарып тұрған, бәрін білетін, бәріне құдіреті 

жететін  Жаратушысыз  өздігінен  қозғалады  деу  де  қисынсыз.

56

 

Осыларға ой жіберген әр адам Алланың бар екендігі жайлы ақиқатқа 



көз  жеткізе  алады.  Осы  себепті,  өзін  ешкім  дінге  тікелей  шақырмаса 

да, әр адам Алла тағаланың бар екеніне, бір екендігіне әрі ұлылығына 

сенуге тиісті.  

        Алла тағаланың сапаттары 

       Ақылмен бойлай отырып, ұлы  Аллаға есімдер  таңылмайтындығы 

секілді сипаттарды да ешкім таңа алмайды. Алла өзін қай есімдер мен 

сипаттар  арқылы  білдірген  болса,  сол  есім,  сипаттармен  ғана 

танылады.  Оның  ілім,  ирада  (қалау),  хаят  (тіршілік),  құдірет,  кәлам 

(сөйлеу), самғ (есту), басар (көру) секілді субути (Алланың кемелдігін 

білдіретін сипаттар), жарату, рызық беру, тірілту, өлтіру секілді фиғли 

(Алланың  қалауына  қатысты)  сипаттары  бар.  Әбу  Ханифа  бойынша 

Алла бар, бірақ, басқа болмыстардың бірде-біреуіне ұқсамайды. Алла 

«тірі»,  бірақ,  басқа  тіршілік  иелері  секілді  емес.  Сипаттары  Өзінен 

бөлек қарастырылмайды. Бүкіл есімдері мен сипаттары әзали (бастауы 

жоқ  мәңгі)  болғандықтан,  ешқайсысы  кейіннен  (хадис)  пайда 

болмаған.  Өзгеру,  түрлену  секілді  жағдайлар  жаратылғандарға  тән. 

Кімде-кім  оларды  жаратылған  (махлұқ),  кейіннен  пайда  болған  деп 

санаса, яки, олар жайлы күмәнданса, күпірлікке бой алдырады. Иләһи 

сипаттар әзали болумен қатар, олардың нәтижесінде пайда болғандар 

(мафғул)  кейіннен  жаратылған  болып  табылады.  Алла  материалды 

болмыс  емес,  оның теңі я  ұқсасы  да  жоқ,  сан  тұрғысынан  да  теңдесі 

болмағандықтан, Ол – дара.  Иләһи болмысымен қатар сипаттарының 

ешқайсысы  жаратылыстарға  және  сипаттарға  ұқсамайды.  «Ықылас» 

сүресі де осыны меңзейді.

57

 



    Құранның  кейбір  аяттары  мен  бағзы  хадистердегі  Алла  тағалаға 

қатысты  айтылған  тура  мағынасы  белгілі  бір  ағзаны  немесе 

жаратылғандарға  тән  іс-әрекеттерді  білдіретін  сөздерге  «Мүтәшабиһ 

аят-хадистер»  (мағынасы  анық  емес  аят-хадистер)  немесе  «Аятус-

сифат», «Ахадисус-сифат» (Алла тағаланың сипаттарына қатысты аят-

                                                             

55

 Баязизаде, Ишаратул-мәрам, 75-85 б. 



56

 Нәсафи, Тәбсиратул-әдилла (баспаға дайындаған: Клаудия Салама), Дамаск, 1993, І, 148-149; 

Баязизаде, Ишаратул-мәрам, 90-127, 212-219 б. 

57

 Ю. Шевки  Явуз, Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери ве сунни келамын олушумуна еткилери, 2-



т., 145-б. 

 

 

35



 

хадистер),  яки,  «Ас-сифатул-хабария»  яғни,  хабари  сипаттар 

делінеді.

58

 



      Аяттар мен хадистердегі Аллаға телініп айтылатын йәд (қол), нәфс 

(болмыс),  уәжх  (жүз),  нузул  (түсу)  секілді  сипаттардың  пішіні 

белгісіз.  Бұларды  тіршілік  иелеріндегі  ағзаларға  ұқсатуға  да  немесе 

кәлам  ілімімен  айналысатын  мұғтазилиттер  секілді  жорамалдауға  да 

болмайды.  Өйткені,  «йәд»  сөзін  құдірет  деп  түсіндірген  секілді  бұл 

сипаттарға  қатысты болжам  жасау да оларды иләһи сипат  қасиетінен 

айырады.  «әл-Фиқһул-абсат»  атты  кітабында  «Алланың  қолы 

қолдарының  үстінде»

59

    деген  аяттағы  иәд  (қол)  жаратылғандардың 



қолы  секілді  емес,    белгілі  бір  ағза  да  емес.  Ол-қол  атаулының 

барлығын  жаратушы...  «Оған  ұқсайтын  еш  нәрсе  жоқ.  Ол  Естуші 



һәм Көруші», - дейді

60



      Алла  зәру  болмаса  да,  көктердің  үстіндегі  Арышқа  орныққан.  әл-

Уасияда  «Алла  тағала  Арышты  және  оның  тысындағыларды  еш 

нәрсеге  кіріптар  етпей  қорғауда.  Егер  ол  мұқтаж  болса, 

жаратылғандар секілді күллі ғаламды жаратып, оны басқаруға шамасы 

келмес  еді.  Егер  Алла  тағаланың  отыруға  немесе  бір  мекенге 

қажеттілігі болса, Арышты жаратпастан бұрын қайда еді? Алла тағала 

–  мұндай  сипаттардан  пәк  әрі  ұлық».  Мекенге  қажеттілік  сезінген 

Алла затымен емес, ілімі мен иләһи көмегі арқылы тіршілік иелерінің 

қасынан  табылады.  Алла  тағала  пайда  болатын  тіршілік  иелері  мен 

құбылыстардың бәрін де әлі болмай тұрып алдын ала біледі, Ол бұны 

білмейді  деген  адам  мұсылман  бола  алмайды.  Неге  десеңіз,  Аллаға 

білмеу,  яқи  хабарсыздық  тән  емес.

61

  Алла  Өзі  қалаған  бейнеде,  бізге 



беймәлім кейіпте мүминдерге жаннатта көрінетін болады. 

       Хасан ибн Мұса ибн Нәубахтиге тән «әл-Ара уәд-Диянат» секілді 

кейбір  еңбектерде  «Әбу  Ханифа  Аллаға  болмыс-бітім  теліген»  деген 

риуаяттар кездескенімен, олардың сенімсіздігі әшкереленіп, өз пікірін 

жаюға  тырысқан  Ғассан  әл-Куфи  тарапынан  жабылған  жала  екендігі 

белгілі  болған.

62

  Әбул-Муин  ән-Нәсәфи  Әбу  Ханифаға  қарата 



айтылған  бұл  сөздің  негізсіз  екенін  білдіргеннен  кейін,  оның 

мәзһабын  ең  жақсы  білетін  Әбу  Мансұр  әл-Матуридидің  «Китабут-

таухид»  пен  «Мақалатта»  да  оған  бұндай  көзқарас  таңбағандығын 

айтқан.  Өйткені,  бір  тектес  болу  (мүжанәсат)  мағынасына 

                                                             

58

 Қ. Жолдыбайұлы, Дін мен діл, 129-б. 



59

 «Фәтіх» сүресі, 10-аят 

60

 «Шура» сүресі, 11- аят 



61

 Нәсәфи, Тәбсиратул-әдилла (баспаға дайындаған: Клаудия Салама), Дамаск, 1993, ІІ, 705; Әбу 

Ханифа, әл-Уәсия, Стамбул, 1981,б. 73; Баязизаде, Ишаратул-мәрам, 186-198-б. 

62

 Мақдиси, әл-Бәд уәт-тарих (Клемент Хуарт), Париж, 1899, І, 184; Тәфтазани, Шәрхул-мақасид, 



Стамбул, 1277, ІІ, 50. 

 

 

36



 

келетіндіктен,  Әбу  Ханифаның  мұндай  жаңсақ  пікірде  болуы  мүмкін  

емес.

63

 



      Осы  тұста  мына  бір  маңызды  мәселені  айта  кеткен  жөн.  Қазіргі 

таңда кейбір бауырларымыз «Сендер ханафилікті ұстанамыз дей тұра, 

әрі матуридиміз дейсіңдер, ал Әбу Ханифа сәләфи болған. Матуриди 

және  әшғарилар  секілді  хабари  сипаттарды  жорамалдамаған.  Олар 

адасқан, нағыз сәләф бізбіз»

64

 деген секілді сырттан келіп жатқан шикі 



пікірлерді таратып, жамағаттың жүрегіне күмән ұялатуға тырысуда.  

     Жалпы  сунниттік  көзқарастағы  ғұламалардың  хабари  сипаттарға 

байланысты ұстанымдары мына екі бағытта өрбиді: 

     «Біріншісі,  көпшілік  салаф  ғалымдарының  көзқарастары.  Салаф  – 

бұрынғылар  дегенді  білдіреді.  Оған  ең  әуелі  Пайғамбарымызды  көзі 

көрген сахабалар, сахабаларды көзі көрген табиғиндер, табиғиндарды 

көзі көрген атбағут-табиғиндер кіретіні талассыз. 

       Салаф ғалымдары аят, хадистердегі хабари сипаттарды білдіретін 

сөздердің  ағза  мағынасындағы  тура  мәнін  қабылдамастан  әрі  Алла 

тағаланы  жаратылғандарға  ұқсатпастан  және  мұндай  сөздердің  Алла 

мұрат  еткен  мағынасының  бар  екенін  қабылдай  отырып,  жалпылай 

иман  келтіреді.  Салаф  ғалымдарының  мұндай  аяттардағы  мүтәшабиһ 

сөздердің  ауыспалы  мағынасын  таңдап,  астарлы  мәніне  үңілуден  бас 

тартуының астарында үлкен сақтық жатыр. Себебі, мұндай сөздердің 

бірнеше  ауыспалы  мағынасы  уә  һәм  бірқатар  астарлы  мәні  болуы 

мүмкін  болғандықтан,  оның  нақты  қайсысы  Алла  үшін  мақсат  етіліп 

тұрғандығы  белгісіз.  Яғни,  олардың  көзқарасы  бойынша  Аллаға 

тікелей қатысты мәселелерде тәуил

65

 жасап, жорамалға бару - қатерлі. 



      Ал  хабари  сипаттарды  түсінудегі  екінші  бағыт  -  Алла  тағаламен 

байланыстырыла  айтылған  тура  мағынасы  белгігі  бір  ағзаны  немесе 

жаратылғандарға тән іс-әрекеттерді білдіретін сөздердің араб тіліндегі 

Ұлы  Жаратушыға  лайық  келетін  басқа  ауыспалы  мағынасын  іздеп, 

астарлы  мәніне  жорамал  жасау  бағыты.  Бұл  бағыт  салафус-

салихиндердің  кезінде  аз  да  болса  кездесетін.  Бірақ  кейіннен  Ислам 

жағрафиясының  кеңеюі  нәтижесінде  мұсылмандар  арасында  түрлі 

философиялық  ағымдар  пайда  бола  бастаған  шақта,  бұл  бағыттың 

кеңінен  өріс  алғанын  байқаймыз.  Себебі,  кейбір  топтар  хабари 

сипаттардағы сөздердің тура мағынасын негізге алып, «Алланың көзі, 

жүзі, екі қолы, саусақтары, екі жаны, аяғы бар, тағына отырады» деп, 

Ұлы Жаратушыны жаратылғандарға ұқсата бастаған еді. 

                                                             

63

 Нәсафи, Тәбсиратул-әдилла, І, 161-62, Нәубахти, Фирақуш-Шия, Стамбул 1931, 7-14 б.  



64

 Кейбір ғалымдар өздерін «сәләфиміз» деп танытып жүрген топтың кейін пайда болған барып 

тұрған бидғатшылар, яғни, дінбұзарлар екенін атап көрсетуде. Р. әл-Бути, Салафия, Ансар 

баспасы, Москва, 2008. 

65

 Тәуил жасау- сөздің астарлы мәніне үңіліп, ауыспалы мағынасын таңдау арқылы жорамалдау. 



 

 

37



 

     Бұл  жайлы  Әбу  Ханифа  былай  дейді:  «Батыс  пен  Шығыстан  екі 

жаман  пікір  келді.  Олар  Жәһим  муъаттила  «Алланы  пәктейміз»  деп, 

онда  айтылған  сипатты  толықтай  жоққа  шығарушылар  мен  Мұқатил 

мүшаббиһа  (сөздің  тура  мағынасын  негізге  алып,  Алланы  басқа 

жаратылғандарға  ұқсататындар)».  Осындай  «Мүшаббиһа»  сияқты 

топтардың философиялық негізде жая бастаған түрлі қате пікірлеріне 

қарсы  салафус-салихиндердің  ұстанған  «Алла  тағала  мұндай  сөздер 

арқылы  нендей  мағынаны  мұрат  етіп,  қандай  сипатты  қаласа,  соған 

жалпылай  иман  келтіреміз»  деген  шынайы  мойынсынушылықты 

білдіретін  тәсілі  жеткіліксіз  еді.  Міне,  осындай  қым-қиғаш  кезеңде 

қарапайым  мұсылмандардың  санасына  сызат,  көңілдеріне  күдік 

түсірмеу  үшін  философиялық  пікірлерге  Ислами  қисын  жолымен 

жауап беру қажеттілігі туындады. Осындай қажеттіліктің нәтижесінде 

әлгіндей  тура  мағынасы  Алла  тағаланы  басқа  жаратылғандарға 

ұқсататын  сөздердің  ауыспалы  мағынасын  таңдап,  басқа  астарлы 

мәндеріне  жорамал  жасау  тәсілі  көптеп  қолданыла  бастады.  Бұл 

жайлы  Абдуллаһ  Дираз  өзінің  «әл-Мұхтар  мин  кунузус-сунна»  атты 

еңбегінде  былай  дейді:  «Халафты  тәуил  жасауға  итермелеген 

себептердің  бірі-мүшаббиһа,  мүжәссима  және  сол  сияқтылардың 

бидғаттарының шығуы еді».  

     Байқағанымыздай,  салаф  ғалымдары  болсын,  халаф  білгірлері 

болсын,  барлығының  мақсаты  –  Алла  тағаланы  жаратылыстарға  тән 

кемшіліктерден  пәктеп,  ұлықтылығына  бас  ию.  Олардың  тәсілдері 

түрлі  болғанымен,  мақсаты  біреу.  Салаф:  «Мұндай  сөздердің  тура 

мағынасы  Алла  үшін  мүмкін  емес.  Бұл  сөздердің  Алла  тағаланың 

ұлықтығына  лайық  мағынасы  бар,  бірақ,  біз  оны  нақты 

білмегендіктен, ауыспалы мағынасын таңдап, тәуил жасамаймыз» деп, 

ақылдарына тоқтау салу арқылы толық мойынұсынушылыққа барған. 

Ал халаф болса, Құран араб тілінде түскендіктен, онда арабтардың өз 

араларында қолданатын ауыспалы мағынаны білдіретін  тәсілдері мен 

астарлы мәнді меңзейтін әдістері де қолданылған. Сондықтан, белгілі 

бір ағзаны яки жаратылыстарға тән іс-әрекеттерді білдіретін сөздердің 

тура мағынасын Алла тағалаға қолдануға болмайтындықтан, олардың 

ауыспалы  мағынасы  мен  астарлы  мәніне  қарай  жорамалдау  қажет 

деген.  Жасалған  жорамал,  таңдалған  мағына  Құранның  анық 

аяттарында  білдірілген  Алла  тағаланың  ұлықтығына  лайық 

сипаттарына сай жүргізілгендіктен, тәуил жасауды қате санамаған».

66

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет