Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасы



жүктеу 248 Kb.

бет2/3
Дата21.12.2016
өлшемі248 Kb.
1   2   3
Мұратбеков  әлемі // Түркістан. - 2006. - 25 қазан. 

17.

 

Күсен – Күсеке // Жалын. – 2006. - № 2. 

18.

 

Құпия кездесу // Жалын. – 2010. - № 4. – 26-28 б. 

19.

 

Менің қарындасымнан басталған жол // Түркістан. – 2011. 

– 17 қараша. – 10 б. 

20.

 

Отау үй // Жамбыл. – 2010. - № 3. – 203-208 б. 

21.

 

Өмір суреттері // Жалын. – 2010. - № 4. – 24 б. 

 

 

14 



 

22.

 

Өмір жырын шерте білген Сайын Мұратбеков 

шығармаларындағы адам образы // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 31 

наруыз. 

23.

 

Сайын Мұратбеков туралы сөз // Қазақ әдебиеті. – 2011. – 

12 тамыз. – 6 б. 

24.

 

Сайын Мұратбеков туралы эссе // Егемен Қазақстан. – 

2006. – 13 қазан. 

25.

 

Сайын даланың Сайыны [Эпистолярлық эссе] // Парасат. 

– 2008. - № 2. – 11-13 б. 

26.

 

Таланты мен жандүниесі үйлесіп тұратын // Жұлдыз. – 

2008. - № 2. –   204–208 б. 

27.

 

Ұмытпайық // Егемен Қазақстан. – 2011. – 14 сәуір. – 6 б. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 



 

Орыс тілінде 

 

1.

 

Владимиров В. Возвращение к истокам: Правдивое 

слово о прекрасной жизни и вечных книгах верного друга и 

побратима Сайына Муратбекова // Нива. – 2008. -  № 12. – с. 92 -

124. 

2.

 

Владимиров В. Притяжения Слова и Дела // 

Казахстанская правда. – 1996. – 12 октября. 

3.

 

Муратбеков С. Не повторять пройденного // 

Литературная газета. – 1986. – 19 февраля 

4.

 

Руденко- Десняк А. Мир за горизонтом [о писателе 

С.Муратбекове] // Литературная газета. – 1979. -17 января. – с. 6.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 



 

С.Мұратбеков шығармалары бойынша түсірілген көркем 

фильмдер 

 

1976 

г. 

 

«

Телі өскен ұл

». Көркем фильм 

«Ұлтуған». 

Көркем фильм 

9 қысқа метражды фильм 

түсірілген 

Жүзден астам көркемсуретті 

фильмдерді 

қазақ тіліне аударған     

 

фильмография 

 

 

Возвращение сына

 

 

Любимая

 

 

 

Осенние 

извилистые дороги

 

 

 

Сайын Муратбеков 

 

СЦЕНАРИСТ 

1983 

Осенние извилистые дороги

 

(короткометражный)

 

 

1977 

Возвращение сына

 

 

1975 

Любимая

   

 

 

 

 

17 



 

Сайын Мұратбеков туралы лебіздер 

 

«Көп ұлтты әдебиетіміздің гүлдеп тұрған мәуелі бағында Сайын 

Мұратбековтің жас талдай желкілдеп бой көтерген тамаша прозасы 

бітік шығып, алыстан көзге түсіп, көз тартары сөзсіз».  



Ғ. Мүсірепов 

 

Сайын Мұратбеков шығармаларының қазақ әдебиеті тарихынан 



алар орны зор. Оның шығармалары мазмұнының тереңдігімен, тілінің 

көркемдігімен, айшықты қолданыстарымен ерекшеленіп, төл әдеби 

тілімізді байытуға өзіндік үлесін қосты. 

Арай Ахметжанова 

 

Бізде шағын жанр әңгімені жаңа форма, тың тақырыппен байыта 



отырып, оны жоғары деңгейге көтерудің ізгі нышандары байқалуда. 

Оған жас жазушы Сайын Мұратбековтің «Менің қарындасым» 

әңгімесін мысалға келтіруге болады. Оймақтай нәрседен ой 

түйіндеуге тырысқан бұл шығармада мөлдірлік, табиғилық, сыршыл 

лиризм мен адам жанына барлау жасаған психологизм ұшқындары 

бар. 


Тахауи Ахтанов 

 

Сайын Мұратбековтің «Таңғы шық», «Райгүл» сияқты алғашқы 



әңгімелері мен «Басында Үшқараның...», «Жусан исі» сияқты 

повестері барша оқырман қауымды елең еткізді. Алматы жоғары оқу 

орындарындағы жатақханаларда бұл шығармалар қолдан-қолға өтіп 

оқылды. Студенттер жай оқып қана қоймай, ақ езу, көк езу болысып, 

өзара талқыласып та жатты. 

Ұзақбай Доспанбетов 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

18 



 

Жалпы, қазақ әдебиетінде шағын жанр, әңгіме жанрын шыңға 

шығарған сөзсіз дүлдүл Бейімбет Майлин еді. Оның жолын қумаған, 

ықпалына түспеген жан прозада кемде-кем. Бәрімізді Бейімбеттің 

шекпенінен шықтық деп айтуға болады. Сол Би-ағаңның жолын 

қуған, шағын жанрға бүкіл өмірін арнаған жалғыз жазушы болса, ол 

Сайын Мұратбеков еді. ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ 

әңгімесін жаңа белеске көтерген осы қаламгер десем қателеспеймін. 

Мен Сайынды мақтағым келмейді. Кез келген көзі ашық оқырман 

оның прозасына көз жүгіртсе, оның ірі талант, жазғандары шетінен 

дүр дүние екеніне көз жеткізер еді. 

Смағұл Елубаев 

 

Стиль  -  адам. Ал адамның жаратушысы Құдай. Бұлардың бәрі 



пенденің санасынан тыс бірінен-бірі өткен құпия. Сол себептен де 

өнері баяғыда-ақ Үшқараның басына ұя салған Сайын Мұратбеков 

әдебиет жайлы 40 жыл әңгіме шертсе де, өз шығармаларына тән сөз 

сиқырын, яғни өз өнерінің мәйегін ашып бере алмапты. Өйткені 

жоғарыда айтқанымыздай талант иесінің маңдайына жазылған сый - 

Тәңір берген суреткерлік тылсым өнерпаздың қолындағы, ырқындағы 

құбылыс еді. 

Смағұл Елубай 

 

«Жусан иісі» Сайын Мұратбековтің творчествосындағы үздік 



жетістіктерінің бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы жылындағы 

ауыртпалықты суреттейтін шығарма да, бала кейіпкер де мол. Бірақ 

бұл туынды олардың ешқайсысына да ұқсамайды. Оқиғаның өрбуі 

мен құрылымы да, логикалық ақыл-ойдың дара сабақтаса дамуы да, 

лирикалық шығарманың ішкі жан-дүниесі де оқшау. Көз алдыңнан 

қара жолдың шаңын аспанға шығара жарысып бара жатқан 

балалардың соңында аяғын сылтып басып, жете алмасын білгенде: 

«Әй, тоқтаңдаршы, бір қызық ертегі айтайын»,  -  деп соқпақ шетіне 

отыра кететін Аянның бейнесі кетпейді. 

Тұрсын Жұртбаев 

 

 



 

 


 

 

19 



 

Сайынның туындылары  -  оқиға желiсiнiң шыншылдығымен, 

тiлiнiң көркем де өрнектiлiгiмен, кейiпкерлерiнiң биiк адамгершiлiк 

қасиеттерiмен бiр сөзбен айтқанда, табиғи нанымдылығымен 

ерекшеленiп, оқырманын баурап отырады. Қазақ ауылының қиын 

кезеңiн шынайы бейнелеп, полотнолық ғажап шығармалар жазған 

бақытты жазушы. 

Төлен Қаупынбайұлы 

 

Сайын Мұратбеков шығармашылығындағы шынайылығы, 



өмірсүйгіштік қуаты арқылы бұл көркемдік тенденцияның қоғам 

тынысын,  әсіресе жарқын тұстарын  барынша жан-жақты бейнелеу 

талаптарын жүзеге асырудағы елеулі үлесіне күмән тудырмайды. Ол 

роман жазған жоқ. Оның романы  -  әңгімелері. Ал әңгімелері 

мәңгілік даңқтың иелігіне шақыру алған. Қаламгер бақыты сондай-ақ 

болсын... 



Бақытжан Майтанов 

 

Зергер сөздің шебері жазушы Сайын Мұратбеков, өмірдің 

болмысын шынайы бейнелейтін таңғы шықтай мөлдір шығармалары 

арқылы оқырмандардың жан жүрегін баурап, ықылас-құрметіне 

бөленген сирек дарын иесі. Сайын біздің  - ұлттық құндылығымыз, 

оның шығармасының ғұмыры ұзақ. Бүгін болмаса ертең, ұлтына 

қарамай-ақ өз оқырманымен ажырамастай табысатыны кәміл.       

Шерхан Мұртаза 

 

Сайын Мұратбеков өзіне ғана тән тақырыптық, жанрлық, 



стильдік даралығы, ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар 

шығармалармен танылады. 



Мырзатай Серғалиев 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20 



 

«Мұхитқа түскен желқайық» 

тақырыбында өткізілген оқырман 

конференциясының сценарийі 

 

1.Жүргізуші:  

Сәлеметсіздер  ме  құрметті  кітапсүйер  қауым.  Бүгінгі  «Бір  ел  –бір 

кітап»  акциясын  өткізу  мақсатында  «Мұхитқа  түскен  желқайық» 

тақырыбында  болатын  оқырман  конференциясына  қош  келіпсіздер.  Бұл 

акцияның мақсаты:Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқу 

және 


насихаттау,рухани 

мұрамызды 

сақтау,ана 

тіліне 


деген 

қызығушылығын ояту,әрі оқырманды кітап оқуға тарту «Бір ел –бір кітап» 

жобасы  АҚШ  –та  дамыған.  Бұл  елдің  бүкіл  тұрғыны  бір  кітапты  оқыса 

деген жобаға негізделген.Шарт бойынша қала тұрғындары бір мезгілде бір 

шығарманы оқуға тиіс. «Бір ел- бір кітап» жобасы Испания, Латын Америка 

және Оңтүстік Кореяда пайдаланылады.Біздің елімізде рухани мұрамызды 

сақтау  мақсатында  жыл  сайын  өткізіп  келе  жатқаны  белгілі.Биылғы  «Бір 

ел-бір кітап» акциясының жыл таңдауына С.Мұратбековтың «Жусан иісі» 

және  «Басында    Үшқараның»  повестері  таңдалды.Бүгінгі  оқырман 

конференциямыздыңмақсаты жазушының шығармаларына тереңдей түсу, 

повестер мазмұнымен жақын таныс болу. 

2.Жүргізуші: Жазушының өмірбаянымен  таныстыру.  

Сайын  Мұратбеков  1936  жылы  Алматы  облысы  Қапал  ауданында 

дүниеге  келді.  Ол  жазушы,  аудармашы,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген 

қайраткері. «Жұлдыз» журналында және «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім 

меңгерушісі, Қазақстан жазушылар одағында әдеби қызметкер және көркем 

әдебиетті насихаттау бюросының директоры болып қызмет атқарды.  

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 15-ші желтоқсанындағы «Әдебиет, Өнер 

және  сәулет  саласындағы  мемлекеттік  сыйлықтарын  беру  туралы» 

қаулысымен әдебиет және өнер саласындағы қызметі үшін «Жабайы алма» 

романы  үшін  сыйлықпен  марапатталды.  2004-ші  жылғы  ҚР  «Қазақстан 

меценаттар»  клубы  әдебиет,  ғылым,  музыка,  театр,  бейнелеу  өнері, 

киномотография  және  ағарту  саласында  жетістіктерге  жеткен  үшін 

«Тарлан» сыйлығын алды.  

С.Мұратбековтың  және  де  «Менің  қарындасым»,  «Ауыл  оты», 

«Көкорай»,  «Отау  үй»,  «Жабайы  алма»,  «Дос  іздеп  жүрмін»,  «Өліара», 

«Камен-тугай»  атты  шығармалары  бар.  Бұл  шығармалар  орыс,украин 

,белорус,азербайжан,  өзбек,литва  тілдерінде  басылып  шыққан.  «Жусан 

иісі» повесті араб тілінде жеке кітап болып басылған. 



1-жүргізуші: 

«Сайын жайлы  замандас көзқарасы» 



 

 

21 



 

Ғалым, жазушы Бақыт Кәрібаева Сайын жайлы былай дейді: «Сайын 

айтпайтын,  тек  сезіндіретін  еді».  Сайынның  сарабдал  сөздері  кездейсоқ 

төбеден  түсе  салған  дүние  емес.  Үлкен  мектеп  өтіп  келген,  қазақтың     

жазба көркем әдебиетінің асыл мұрасы. Халық жазушысы атағын ол іздеген 

жоқ,  атақ  өзі  іздеп  оны  тапты  дейді.  Сайынды  мен  зерттедім,  Сайын  – 

ұлттық үрдістің бірден бір кепілі тілді өнер дәрежесінде үкілеген жазушы. 

Қазақ тілінің бауырын жазатын тіл талғамын тәрбиелейтін осы жазушы сөзі 

– халық тілінің мәйегі болса керек, деп жазады.  

Сайынның замандасы ақын жазушы Төлеухан Аязбаев Сайынға арнап 

әзіл өлеңін  жазылған былай дейді: оқырманымыз оқиды:  

Оқушы: 

Жусан исі аңқыған сайын дала, 

Сияқты көкірегіңіз Сайын аға.  

Қапалдың «Қалың қары» кеткен еріп 

Көк орай шалғын қырмен сайлары да 

«БасындаҮшқараның»,  «Отау үй» тұр,  

Етекте ауыл оты шашады нұр. 

«Отау үйдің» төрінде малдас құрып,   

Мен дос іздеп жүрмін деп Сәкең отыр.  

«Камен-тугай» ішінде серуендер  

Ойға  шомып толғанып, тебіренер.  

Қыз қырқындар  кезіксе қутың қағып 

«Менің  қарындасым» деп еміренер.  

«Жабайы алма» ішінде  сейілдейді, 

Жетпіске жеткені еш сезілмейді.  

Алла жазса бұл Сәкең қара да тұр  

Жетпіс тұрмақ тоқсанға берілмейді.  

Томпаң қағып тоқсанға  толған тойда  

Томпиып қыздармен  би-билейді.  

 2-жүргізуші: 

Енді  құрметті  оқырмандар    Сайын  Мұратбековтың  «Жусан  иісі» 

повесіне повесіне шолу жасаймыз.  Сайын Мұратбеков қазақ әдебиетінің 

дамуына өзіндік үлес қосқан   кіші және орта көлемді эпикалық жанрлардың  

мазмұнын жаңа леппен, дара мәнерлеп байытқан.  «Жусан исі» повесінде 

жазушы    соғыс  жылдарындағы  қазақ  ауылының  тіршілігі,  ауыл 

адамдарының күйініш – сүйініштері жайын толғаған. Шығарма сюжетіне  

терең үңілсек  Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде 

болған  оқиғаларға  негізделеді.  Әкесі  соғыста.  Анасы  жоқ.  Арқа  сүйеген 

жалғыз  әжесі  бар  еді,  ол  да  қайтыс  болды.  Озі  тобығын  тайдырып  алып 

аяғын  сүйрете  басады.  Аян  өмірінің  сырт  көзге  көрінетін  шындығы 

осындай.  Көзге  ұрып  тұрған  ешқандай  жарқылда,  қарқында  жоқ  сияқты. 



 

 

22 



 

Соған  қарамастан  шығарманың  өн  боыйында        үзілмей  өріліп  жатқан 

қасиет  бар.  Жазушы  ол  қасиетті  Аянның  ішкі  болмысынан  тайған 

тобығының  азабынан  да  ауыр  жан  жарасынан  таратып  баяндайды. 

Жанында жарасы бар, жүрегінде қаяуы бар жасөспірім баланың достарына 

мейірімін  де,  тағдыр  тауқыметіне  төтеп  берген  шыдамы  бейнеленген. 

Майдандағы  әкесі  жарық  дүниедегі  жалғыз  жанашыры  келіп  қалатындай 

сезінеді.  Кейіпкер  Аян  бір  күні  достарына    «Мен  бүгін  түсімде  әкемді 

көрдім».  Жатар  алдында  әкемнің  пальтосын  басыма  жастап,  иісін  иіскеп 

жатқамын.  Әкемнің  иісі  сіңіп  қалыпты  бір  түрлі  жусанның  иісі  сияқты. 

Әжем  ылғи  әкемді  анау  жусанды  төбенің  үстінде  мал  қайырып  жүріп 

тапқанмын дейтін. Менің әкемде жусан иісі содан қалған дейді. Балалардың 

бәрі  де  майдандағы  ет  жақындарының  үйлерінде  қалған  киімдерін  еске 

алып,  олардан  да  жусан  иісі  шығып  тұратынын  айтып  мәз  болысады. 

Барлығы Аянның омырауын иіскелейді. Бірақ Аянның әкесі соғыста қаза 

тапты ол енді шын жетім. Шолақ Тұржан деген бригадир оны сабалайтын. 

Аянның  шыбын  жанына  пана  болар  ешкім  енді  жоқ.  Жан  айқайын 

тыңдайтын  пенде  жоқ  ол  тұмсығын  омырауына  тығып  Жусан  иісі  ұзақ 

иіскейтін.  

Аян  қазақ  әдебиетінде  теңдесі  жоқ  трагедиялық  бейне.  Жусан  иісі 

жазушының суреттеуінде ерекше киелі қасиетке айналды. Сағыныштарын 

басатын осы қасиет. Жаралы жанға нәр беретін, жаралы тәнге әл беретін де 

осы  жусан  иісі.  Адамның  абзал  сырымен  өмірдің  мәнін  осы  жусан  иісі  

ашады.  


1-жүргізуші:  

Енді  құрметті  оқырмандар  Сайын  Мұратбековтың  «Басында 

Үшқараның»повесіне  назар  аударамыз.  «Басында  Үшқараның»  повесі 

Сайын  Мұратбековтың    шығармашылығының  шыңы.  Осы  әңгімеде 

жазушы    таланты  бар  қырынан  ашылып,  шарықтайды.  Бұл  повесте  Әсет 

атты  кейіпкер  араға  20  шақты    жыл  салып  өз  туған  ауыла    оралады.  Ол 

далаға  көз  тастаған  сол  баяғы  талай  рет    аттылы-жаяулы    жол  шеккен 

белестері көрініп тұр. Сол бұлақ сол дөңестер бәрі де баяғы қаз қалпында. 

Әсеттің  келгеніне  жалғыз  әпкесі  қуанып  көршілерін    қонаққа  шақырады. 

Бала  кезде  бірге  өскен  талай  қыздарды  Әсет  танымай  қалды.  Біразы 

салпыетек бәйбіше болған. Солардың ішінде балалық алғашқы махаббаты 

Зейнеп  те  бар.  Әсет  сыртқа  беттеді.  Қыз  келіншектер  мәз.  Солардың 

ортасында басындағы орамалы бір жағына қисайып кеткен Зағипа әндетіп 

отыр.  


Басында үш қараның қос барабан 

Сол таудан дария шалқар су тараған. 

Сұлу қыз көркем жігіт бәрі сонда 

Апырмай неге келдім сол арадан 



 

 

23 



 

Әсеттің байқауынша ол әндетіп жылап отыр екен Әсеттің көңілі түсті, 

ойға  шомды.  Жеткізбейтін  асыл  армандар  етегінде  қиялдарымыз  желдей 

ұшады. Не үшін өмір сүріп жүрміз? Не үшін тіршілік етеміз? Аңсаған шақ 

қимас сәттер неге баянсыз болады осы? Әне Зағипа да аңсап отыр ғой сол 

бір  шақты.    Жастық  шақ  балауса  сезімдер  туралы  және  солардың    бәрін 

сағымға  айналдырып    сынаптай  жылжып    өткен  жылдар  туралы,  уыста 

тұрмаған  өмір  шіркін    жайлы  шырқап  салған  әндей  осынау  қара  сөзбен 

жазылған ғажайып толғау осылай аяқталады.  

2-жүргізуші: Қорытынды бөлім: Пікір алмасу бөлімі. 

Құрметті  оқырмандар,    міне  бүгінгі    «Бір  ел-бір  кітап»  акциясына 

арналған  оқырман  конференциямыз  соңына  жетіп  қалды.  Енді  сіздермен 

жазушының  повестері  бойынша  пікір  алмассақ.Алдымен  жазушының 

повестерінен  адам  бойындағы  қандай  қасиеттерді  көбірек  бағалайтынын 

сездіңіздер? Осы «Жусан иісі» повесінен қандай әсер алдыңыздар? Соғыс 

жылдарындағы ауыл тіршілігінің ауыр болғанына қарамай бір –біріне деген 

мейірімдері бізге қандай ой салады? 

Кейіпкер Аян бізге аянышты болғанымен біздің кейіпкерден өзімізге  

алатын жақсы тұсы және құрметке лайық әрекеті қайсы деп ойлайсыздар? 

Жазушының  «Басында  Үшқараның»  повесіндегі  Әсеттің  сезімдері 

сіздерге таныспа?Әсеттің көкейінде жүрген сұрауы: Не үшін өмір сүреміз? 

Өмірдің  мәні  неде?Неге  барлығы  баянсыз?Осы  сұрау  бойынша  өз 

ойларыңызбен бөліссеңіздер. 

1-жүргізуші: 

Осымен  «Бір  ел  –бір  кітап»  акциясына  арналған  оқырман 

конференциясы соңына жетті. Ден қойып тыңдағандарыңыз және белсене 

қатысып,қызығушылық  білдіргендеріңіз  үшін  сіздерге  үлкен  рахмет:Қош 

сау болыңыздар.

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24 



 

С.Мұратбековтің фотосуреттері 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25 



 

 

 

26 



 

 

 

 

 

 

 

 

27 



 

С.Мұратбековтің шығармалары 

 

 

 

 

 

 

28 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

29 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

30 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

31 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

32 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

33 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

34 



 

 

 

 



1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал