Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет16/30
Дата13.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#56825
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
метод-Анатомия-Практ-занят-Фармация-каз

Жағдайлық есептер:
1. Жүрекке операция жасағанда перикардтың қандануын күшейту керек. Бұғана асты артериясының қай тармағын байлау керек екенін көрсет
Жауап: Хирург ішкі кеуде артериясын, перикардио – диафрагмальды артерия шыққаннан кейін байлау керек, сонда қан перикардқа қарай жүреді, жүректің қандануы жақсарады.
2. Жұлынның қандануы бұғана асты артериясынан шыққан жұлын артерияларынан болады. Жұлынның қандануын күшейту үшін тағы қандай тармақтар баратынын көрсет.
Жауап: Жұлынның қандануы артқы қабырға аралық артериялардан, бел және сегізкөз артерияларының тармақтары алады.
3. Ауруханаға басынан жарақат алған жігіт түсті. Қарау кезінде оның мұрнынан көп қан ақты. Ішкі ұйқы артериясының қай тармағынан қан аққанын көрсет.
Жауап: Көздік артериясының алдыңғы мұрындық артериясы болуы мүмкін.
4. Тілге операция жасағанда, тіл артериясын байлау керек. Хирург қай жерден байлайды, және неге?
Жауап: Хирург маңайындағы Пирогов ұшбұрышында байлайды, бұл тіл асты – тіл бұлшық етінің ішкі бетінде. Артерия тіл түбіріне кіргенде көптеген тармақтарға бөлініп кетеді сондықтан оларды байлау қиынға түседі.
5. Бетінен жарақат алған адамда көп қан ағуы басталды. Жедел жәрдем келгенше қан ағуын қалай тоқтатуға болады?
Жауап: Қан ағуын бет артериясының астыңғы жақтың сыртқы бетіне жиегінің тұсында саусақпен басқанда тоқтайды.
6. Емханаға самай бөлігі жарақаттанған жас жігіт түсті. Ауруды қарағанда одан субдуральды гематома байқалады. Сыртқы ұйқы артериясының қай тармағы жарақаттанғанын айт және неге?
Жауап: Жарақаттанғанда ортаңғы менингиальды артериядан қан ақты, ол ми қатты қабатына самай маңынан өтеді.


Сабақ № 7
1. Тақырыбы: Қолдың артериялары және веналары, лимфалық түйіндері мен тамырлары. Аяқтың артериялары және веналары, лимфалық түйіндері мен тамырлары.


2. Мақсаты: Қолдың және аяқтың артерияларының, веналарының және лимфа тамырларының құрылысын зерттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет