Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет4/30
Дата13.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#56825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
метод-Анатомия-Практ-занят-Фармация-каз

Жағдайлық есептер:
1. Көшеде алған жарақаттан кейін зардап шеккен адамда жүрек жұмысы тоқталды. Алғашқы көмекті қалай көрсетеміз және қаңқаның қай бөліктеріне зақым келді?
Жауап: Төс сүйегі аймағында ритімді қозғалыс арқылы жүрекке жасанды массаж жасау керек.
2. Көшеде алған жарақаттан ұйқы артериясының тармақтарынан мойын аймағынан қан ақты, қан ағуын уақытша тоқтатуға бола ма?
Жауап: Мойын аймағындағы ұйқы артерияларының қан ағуын тоқтату үшін оны VI мойын омыртқасының көлденең өсіндісіндегі төмпешікке басады.
3. Омыртқалардың қысқа қырқа өсіндісінде және көлденең өсіндісінде кішкене тесіктер бар. Омыртқаны анықта
Жауап: Типтік мойын омыртқасы
4. Автомобиль авариясынан адам басының бүйір беті жарақаттанды. Самай сүйегінің қабыршығы пирамидадан бөлінді. Бұндай жағдайда самай сүйегінің қай каналы бұзылды?
Жауап: Бұлшықет-түтікті өзек зақымдалады.
5. Операция кезінде хирург самай сүйектің астыңғы бетіндегі пирамидасында мойындырық тесікке бағытталған. Оператордың дұрыс емес әрекетінде қандай канал бұзылуы мүмкін?
Жауап: Оператордың дұрыс емес әрекетінде ұйқы артериясының өзегі бұзылуы мүмкін, арты қан кетуге соқтыруы ықтимал
6. Бір жасар балада рентгенологиялық суретте бассүйектің маңдай бөліміндегі ортаңғы сызығында саңылау байқалады. Оның себебі неде?
Жауап: Маңдай сүйек екі бөліктен дамиды, 2 жасқа таман метопикалық тігіспен бітіседі.
7. Жол апатынан кейін зардап шеккен адамда мұрын жарақаттанды. Бұл жерде мұрын пердесінің сынуы байқалды. Бұл жағдайда қай сүйек зақымданған?
Жауап: Торлы сүйек пен өре сүйек.


Сабақ №2


1. Тақырыбы: Сүйектер қосылысы. Қол және аяқ сүйектерінің қосылыстары.
2. Мақсаты: Тұлға және қол, аяқ сүйектерiнiң байланыстарын зерттеу.
3. Оқыту мақсаты: Омыртқа бағанасындағы байланыстардың түрлерiн бiлу. Қабырғалардың омыртқаларымен және төспен байланыстарын, жеке препараттардан бассүйектердің, тұлғаның, қолдың және аяқтың сүйектерін көрсету, тауып беруді үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет