Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет6/30
Дата13.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#56825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Жағдайлық есептер:
1. Самай-астыңғы жақ буынында бірнеше қозғалыстар болады: жақты көтеру, түсіру, алға, артқа қозғалу, оң-солға қозғау. Кейде артық қозғалғанда осы шығып кету болады. Бұның болмауына қандай анатомиялық құрылым кедергі жасайды?
Жауап: Самай-астыңғы жақ буынның алға шығып кетуіне кедергі жасайтын самай сүйегінің буындық төмпешігі.
2. Биіктіктен вертикальді құлаған адамда бел омыртқасында компрессиондық сынық болады. Омыртқа бағанасының бел бөлігіндегі лордоз үлкейеді. Бұл иілімнің үлкеюіне омыртқа бағанасының қай жалғамасының жарақаттануы әкеліп соқты.
Жауап: Омыртқа бағанасының бел бөлігінің лордозының үлкеюіне алдыңғы ұзына бойлы жалғаманың жарақаттануынан болады.


Сабақ №3
1. Тақырыбы: Бас, мойын, кеуде бұлшықеттері мен шандырлары. Қолдың бұлшықеттері мен шандарлары.
2. Мақсаты: Бастың, мойынның, тұлғаның бұлшық еттерiмен фасцияларын зерттеу.
3. Оқыту мақсаты: Муляждардан, планшеттерден мимикалық және шайнау бұлшықеттерiн тауып, атап көрсете алу, олардың басталуларын, байлануларын, құрылысын және функциясын айтып бере алу, студенттерге үйрету. Мойын, тұлға бұлшықеттерiн, топографиясын бiлу.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары:

  1. Төбе бұлшықеттерi.

  2. Көз айналысындағы бұлшықеттер

  3. Аүыз айналасындағы бұлшықеттер.

  4. Мұрын айналасындағы бұлшықеттер

  5. Шайнау бұлшықеттерi, құрылысы, басталуы, байлануы.

  6. Мойынның беткi бұлшықеттерi.

  7. Тiл асты сүйегiнiң үстiндегi бұлшықеттер.

  8. Тiл асты сүйегiнiң астындағы бұлшықеттер.

  9. Мойынның тереңгi бұлшықеттерi.

  10. Мойын үш бұрыштары.

  11. Кеуде бұлшықеттерi.

  12. Іштің бұлшықеттері

  13. Арқаның беткей бұлшықеттері

  14. Арқаның терең бұлшықеттері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет