Жабдықтар: пробирка, 100, 150,250,500мл колбалар, пипетка, фильтрлі қағаз, воронка, ЖҚХ, заттық шыны, кескіш құрал, глицерин, ротор, келі-келсап, аузы бекітілетін колба.
№1. Макроскопиялық және микроскопиялық (бүтін және ұсақталған шикізатқа хаттама бойынша) талдау жүргізу.
№2. Бөліп шығару:
2-3 г ұсақталған өсімдік шикізатына 30 мл 70%этил спиртін қосып, бір тәулікке тұндырып қояды, фильтрлейді, спиртті вакууммен айдайды. Қалдығын төртхлорлы көміртегімен бөлгіш воронкада жуады (хлороформмен, изопропилді хлороформ спиртпен 3:1), натрий сульфат қабаты арқылы фильтрлейді.
2-3 г ұсақталған өсімдік шикізатына 30 мл 70%этил спиртін қосып, 30 минут кері мұздатқыш қосып, қыздырады. Сосын фильтрлеп алады.
Реактивтер
|
Тәжірибені жүргізу жолы
|
Нәтижесі
|
Атауы
|
Құрамы
|
Көбіктүзу
|
0,1 н хлорлы сутек қышқылы, 0,1 н күйдіргіш натрий ерітіндісі,
|
Бір пробиркаға 5 мл 0,1 н хлорлы сутек қышқылын, 2-ші пробиркаға , 0,1 н күйдіргіш натрий ерітіндісін қосады. Екі пробиркағада 2-3 мл зерттелетін препарат қосып, сілкіп араластырады.
|
Егер екі пробиркада да көбіктің көлемі мен тұрақтылығы бірдей болса үштерпенді сапониндер, сілтілі ортада көбіктің көлемі мен тұрақтылығы көп болса стероидты терпендер
|
Лафон
|
Концентрлі күкірт қышқылы, этил спирті, 10% темір сульфат,
|
2 мл экстракт+ 1 мл концентрлі күкірт қышқылын, 1 мл этил спиртін, 1 тамшы 10% темір сульфат ерітіндісін қосып, қыздырады
|
Көк-жасыл түс пайда болады (сапониндер)
|
Қорғасын ацетатымен реакция
|
1% мыс тұздарының, магний немесе барий гидроксидінің, қорғасын ацетатының ерітіндісі
|
Бірнеше тамшы қосамыз
|
Тұнба түзіледі. Қорғасын ацетатының орта тұзымен үштерпенді сапониндер, ал стероидты сапониндер негіздік қорғасын ацетатымен тұнбаға түседі.
|
|
10 % натрий нитрат ерітіндісі
|
1 мл 10 % натрий нитрит, 1 тамшы концентрлі күкірт қышқылын қосады
|
Қан-қызыл түске боялады (терпендер, сапониндер)
|
|
фосфор-вольфрамды қышқыл ерітіндісі
|
ЖҚХ хроматограмманы фосфор-вольфрамды қышқыл ерітіндісімен жуады
|
Ақ фонда таңқурай түс пайда болады (терпендер)
|
Достарыңызбен бөлісу: |