8.Бақылау(сұрақтар): Дәптерде жазбаша түрде келесі сұрақтарға жауап келтіріңіз:
1. «Алкалоидтар» түсінігіне сипаттама беріңіз. Олардың қандай жіктелу түрлерін білесіз?
2. Алкалоидтардың физика-химиялық қасиеттері келтіріңіз.
3. Өсімдік әлемінде алкалоидтардың таралуы, мүшелер мен ұлпаларда локализациялауы.
4. Құрамында алкалоидтары бар шикізаттың дайындауы мен кептіруі.
5. Тәжірибелік сабақтың объектілерінің химиялық құрамы.
6. Зерттеленіп отырған алкалоидтар топтар дәрілік өсімдік шикізатының сақтау ережелерін атаңыз.
7. Құрамында адкалоидтары бар шикізаттың талдауында қолданылатын сапалық реакцияларын келтіріңіз.
№ 10 Сабақ 1. Тақырыбы: Құрамында ащы гликозидтері, иридоидтары және жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізаттарын талдау
2. Мақсаты: Құрамында иридоидтары, ащы гликозидтері және жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізаттарын талдау туралы білі алушыердің білім мен дағдыларын қалыптастыру
3. Оқу мақсаттары: - дәрілік өсімдік шикізатының фармакогностикалық талдауын жүргізгенде фармацевттер
қолданатын түсініктер мен терминдерді пайдаланып білу;
- құрамында ащы заттары мен иридоидтары, жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізатының анатомиялық құрылысының ерекшеліктерін білу;
- дәрілік өсімдік шикізатының қалыпты құжаттамалар талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды жасау;
- зерттелініп отырған дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізатының қазақ, орыс, латын атауларын, медицинада қолданылуын және препараттарын білу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Гликозидтер туралы жалпы түсініктер, олардың жіктелуі.
Құрамында гликозидтері бар шикізаттың жинау және кептіру ерешеліктері.
Гликозидтердің физика-химиялық қасиеттері.
Өсімдік мүшелері мен ұлпаларында гликозидтердің болуы мен орыны.
Әр түрлі топтардағы гликозидтердің өсімдік көздері.