Электрондық ресурстар: 1.Табиғи дәрілік заттардың химиясы мен технологиясы : Оқу-әдістемелік кешен 5В074800 – фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы үшін. / Құраст. С.О. Кенжетаева, Л. Ж. Жапарова. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2013. - 60 б. РМЭБ http://rmebrk.kz/ 2.Махатов Б.Қ.Фармакогнозия: оқулық/Махатов Б.Қ., Патсаев Ә.Қ., ОрынбасароваК.К., Қадишаева Ж.А. – Алматы Эверо, 2020. https://www.elib.kz/ru/search/read_book/795/ 3.Махатов Б.Қ., Патсаев Ә.Қ., Қадишаева Ж.А., Т.С. Серікбаева., Е.К. Оразбеков Фармакогнозия пәнінен оқу қолданбасы. Оқу-әдістемелік кұрал — Алматы, ЖШС «Эверо», 2020, https://www.elib.kz/ru/search/read_book/807/ 4.ДжангозинаД.М. м.ғ.д. Дәрілік өсімдіктер және дәрілік өсімдік шикізаты.Фармакогнозия бойынша оқу құралы – Алматы: «Эверо» баспасы, 2020. - 240б.https://www.elib.kz/ru/search/read_book/742
5. Орынбасарова К. К. Дәрілік өсімдік шикізаттарын фармакогностикалық талдау : оқу құралы / К. К. Орынбасарова. - Алматы : ЭСПИ, 2021. - 308 бет.c./
8. Бақылау: 1. Биологиялық белсенді заттардың тобы ретінде терпеноидтар мен эфир майларына анықтама беріңіз.
2. Барлық осы тарауда оқылатын өсімдіктерінің өндірілетін өсімдіктерін, оның тұқымдасын, шикізатының қазақ, орыс, латын атауларын келтіріңіз.
3. Зерттеліп отырған өсімдіктерінің морфологиялық, биологиялық, экологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз, олардың таралуы мен өсу аймақтарын көрсетіңіз.
4. Осы топтағы дәрілік өсімдік шикізатының тиімді жинақтау әдістері, кептіру шарттары мен тәртіптерін, сақтау ережесін және шарттарын көрсетіңіз.
5. Зерттеліп отырған тақырыптың дәрілік өсімдік шикізаттарының сыртқы белгілеріне сипаттама беріңіз.
6. Микроскопиялық зерттеуде диагностикалық маңызы бар белгілерді атаңыз. Шикізат: фоникулюм жемістері, түймедақ гүлдері, иір тамырсабақтары, жүпаргүл шөбі.
7. Зерттеліп отырған тақырыптың дәрілік өсімдік шикізаттарының химиялық құрамын көрсетіңіз. Акорон, хамазулен, алантолактон, сантонин, артабсин, ледол, тимол, линалоол формулаларын келтіріңіз.
8. Жебіршөп шөбі, жүпаргүл шөбі, түймедақ гүлдері шикізатын дайындау нұсқасын құрастырыңыз. Әр сатыны теориялық негіздеңіз.
№ 8 Сабақ
1. Тақырыбы: Құрамында алкалоидтары бар дәрілік өсімдік шикізаттарын талдау (бүйір тізбегінде азоты бар және ациклды алкалоидтар, пирролидин, пирролизидин, пиридин, пиперидин, хинолин және хинолизидин туындылары).