Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Тақырыптың негізгі сұрақтары



бет2/47
Дата07.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#72365
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
ξò¿ñò³ê àçàñòàí ìåìëåêåòò³ê ôàðìàöåâòèêà àêàäåìèÿñû

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Дәрілік өсімдік шикізатының сапалығын көрсететін нормативті құжат
2. Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау, талдау үшін сынама алу
3. Дәрілік өсімдік шикізаттарының әртүрлі морфологиялық топтарын (жапырақтары, шөбі, гүлдері, жемістері, тұқымдары, қыбығы, тамырлары және басқа да жер асты мүшелерін) талдау.
5. Пәннің соңғы ОН қол жеткізудің негізгі формалары / әдістері / технологиялары: Зертханалық жұмыс. Шағын топтардағы жұмыс.
Лабораториялық оқуға арналған объектілер: Құмдық салаубас, жұмыршақ, жалаң мия, итмұрын жемістері, бессалалы сасықшөп, кәдімгі емен, қос үйлі қалақай, өгейшөп
Жабдықтар: микроскоп, заттық шыны, пипетка, ұстағыш, сулы монша, 100 мл конусты колбалар, лизвия,пинцет, 5% натрий гидроксид ерітіндісі, глицерин(сұйықтық), хлоралгидрат ерітіндісі, жабындық шыны.
Орындау әдістемесі:
1 Жұмыс. Макроскопиялық талдау
Кептірілген шикізатты (ұсақ және етжеңді жапырақтары, жемісі, тұқымы қабығы және жер асты бөліктері) жәй көзбен, айнаның (Х6-10) немесе стереомикроскоптың көмегімен қарау үшін кленкаға немесе қағазға жайып төсейді. Кептіру барысында пішінін өзгерткен шырынды жемістерін, жұқа жапырақтарын, гүлін, өсімдіктің майысқан бөліктерін (сабақтарының жапырағы мен гүлдерінің бөліктері) алдын-ала 2-5 тен ылғалды камерада немесе 5-10 минут ыстық суға салып жібітеді. Жұмсарған шикізатты шыныға, кленкаға немесе тегіс қара қағаз бетіне жайып асықпай жаймалайды. Гүлін алдымен бүтін күйінде кейін ішкі құрылысын микроскоппен қарау үшін препарат дайындайды. Жемісінен жеміс шырыны мен тұқымын анықтайды.
Сыртқы белгісін стандартты үлгіге немесе қалыпты құжатқа қарап салыстыра отырып анықтайды.
Өлшемі: Ірі объектілері үшін 3см-ден жоғары миллиметрлік өлшеуішпен 10-15 рет өлшейді. Ұсақ объектілерді (3см-ге дейінгі) миллиметрлік қағазға жайып 20-30 рет өлшеп, ортаңғы мәнін есептейді. Домалақ шар тәрізді тұқымдарды домалақ өлшемді саңылауы бар елеуіштерден елеу арқылы оның өлшемін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет