Моноциклды монотерпендер
4.
|
Бұрыш жалбыз –
|
Мята перечная –
|
Mentha piperita
|
5.
|
Дәрілік шалфей ––
|
Шалфей лекарственный
|
Salvia officinalis
|
6.
|
Кәдімгі зере ––
|
Тмин обыкновенный
|
Carum сarvi
|
7.
|
Шыбықты эукалипт ––
|
Эвкалипт прутовидный
|
Eucalyptus viminalis
|
Бициклды монотерпендер
|
8.
|
Кәдімгі түймешетен –
|
Пижма обыкновенная –
|
Tanacetum vulgare
|
9.
|
Кәдімгі арша–
|
Можжевельник обыкновенный –
|
Juniperus communis
|
10.
|
Дәрілік шүйгіншөп –
|
Валериана лекарственная
|
Valeriana officinalis
|
Сесквитерпендер
|
11.
|
Батпақты иір
|
Аир болотный –
|
Acorus calamus
|
12.
|
Биік аңдыз –
|
Девясил высокий
|
Inula helenium
|
13.
|
Ащы жусан –
|
Полынь горькая –
|
Artemisia absinthium
|
14.
|
Дермене жусан –
|
Полынь цитварная –
|
Artemisia cina
|
15.
|
Дәрілік түймедақ –
|
Ромашка аптечная –
|
Matricaria recutita
|
16.
|
Кәдімгі мыңжапырақ –
|
Тысячелистник обыкновенный –
|
Achillea millefolium
|
17.
|
Таулы арника –
|
Арника горная –
|
Arnica montana
|
18.
|
Батпақты сазқазанақ –
|
Багульник болотный
|
– Ledum palustre
|
Ароматты қосылыстар
|
19.
|
Кәдімгі анис –
|
Анис обыкновенный
|
– Anisum vulgare
|
20.
|
Кәдімгі фенхель –
|
Фенхель обыкновенный –
|
Foeniculum vulgare
|
21.
|
Кәдімгі жебіршөп ––
|
Тимьян обыкновенный
|
Thymus vulgaris
|
22.
|
Жатаған жебіршөп–
|
– Тимьян ползучий (чабрец)
|
Thymus serpyllum
|
23.
|
Кәдімгі жұпаргүл –
|
Душица обыкновенная –
|
Origanum vulgare
|
Смолалар мен бальзамдар
|
24.
|
Кәдімгі қарағай –
|
Сосна обыкновенная –
|
Pinus silvestris
|
25.
|
Сібір самырсыны –
|
Пихта сибирская –
|
Abies sibirica
|
Лабораториялық оқуға арналған объектілер: бұрышты жалбыз, дәрілік сәлбен, кәдімгі мыңжапырақ, дайын эфир майының препараттары
Реактивтер: спиртті калий гидроксид ерітіндісі, хлорлысутек гидроксиламин, метилоранж, судан ІІІ, натрий нитропруссид, 5% натрий гидроксид ерітіндісі, ұсақталған қант, 90% этил спирті,
Жабдықтар: пробиркалар, колба, пипеткалар, сулы монша, кері тоңазытқыш, фильтрлі қағаз, воронкалар, өлшеуіш цилиндр, фарфор табақша, эксикатор, рефрактометр.
Гистохимиялық реакциялары:
Срезді бірнеше минутқа Судан ІІІ салып қояды, сосын 50% этил спиртімен жуып, су немесе глицерин тамшысы бар заттық шыныға орналастырамыз. Эфир майлары Судан ІІІ реактивінің әсерінен жасыл түске, ал майлы майлар қызғылт-сары түске боялады.
Эфир майын талдау хаттамасы
Заттың атауы/Наименование вещества_________________________________
Өндіруші/Производитель____________________________________________
Серия/Серия_______________________________________________________
Шығару күні/Дата выпуска___________________________________________
Жарамды уақыты/Срок годности______________________________________
Органолептикалық сипаттамасы
Стандарт бойынша өнімге қойылатын талаптар
|
Үлгі № 1
|
Сипаттамасының түрлері
|
Негізгі талаптары
|
Сыртқы сипаты
|
Сұйық, біртекті, мөлдір (ерімеген тұнбасы немесе коллоидты бөлшектері жоқ) консистенция.
|
|
Түсі
|
Берілген өнімге тән. Өнімнің түсі түссіз, әлсіз боялған, қанық түспен боялған.
|
|
Дәмі
|
Бөтен дәмі жоқ, өнімнің өзіне тән иісі бар
|
|
Иісі
|
Бөтен иісі жоқ, өнімнің өзіне тән иісі бар. Иісін анықтайтын сипаттамалар: иісі жоқ, жағымды немесе өткір иісті.
|
|
Сынақ 1. Түсі және біртектілігі эфирдің 10мл өлшеуіш цилиндрге құямыз да, зерттеуді жарықта жүргіземіз.
Сынақ 2. Дәмін берілген әдіс бойынша анықтаймыз: эфир майын тамызған фильтр қағазын тілге тигіземіз немесе эфирдің 1 тамшысын 1гр қант ұньағымен араластырамыз да дәмін көреміз.
Сынақ 3. Ұзындығы 12 см, ені 5см болатын фильтр қағазына 0,1мл (2тамшы) эфир майын тамызамыз. Тура осындай фильтр қағазына зерттелетін майды тамызамыз. Сосын екеуінің иісін әр 15 минут сайын салыстырамыз. 1 саға ішінде екеуініңде иісі бірдей болу керек.
Физикалық көрсеткіштері:
Сынақ 4 . 100 мл колбаға 1 мл эфир майын құяды. Сосын бюреткадан колбадағы эфир майы толық еріп кеткенше этил спиртін тамызамыз. Эфир майын ерітуге жұмсалған этил спиртінің көлемін анықтап, АНД талаптарымен салыстырады.
Сынақ 5 . PhEur. бойынша эфир майында майлы майлар мен шайырлардың қоспасы. Фильтрлі қағаз жолағына 1 тамшы эфир майын тамызады. Майлы май немесе шайыр болмаған жағдайда тамшы 2 сағаттан кейін дақ қалдырмай толық ұшып кетеді.
Сынақ 6. PhEur. бойынша эфир майында бөгде күрделі эфир қоспасы. 1 мл эфир майын су моншасында 2 минут бойы 3 мл жаңа дайындалған 100 г/л спирттегі калий гидроксид ерітіндісімен қыздырады. 30 минут бойы тіпті суытқаннан соңда кристалдар пайда болмауы керек.
Сынақ 7. PhEur. бойынша эфир майының ұшып кетуінен кейінгі қалдық. Эфир майының ұшып кетуінен кейінгі қалдық – бұл төменде көрсетілгендей су моншасында буландырғаннан кейінгі май массасының қалдығы (%).
Әдістеме. Арнайы термотұрақты инертті шыныдан жасалған дөңгелек түпті буландырғыш табақшаны су моншасының тереңдеу жеріне қойып 1 сағат бойы қыздырады, эксикаторда суытып салмағын өлшейді. Сынау барысында судың деңгейін табақшаның түбінен 5 мм төмендеу болғанын қадағалап отырады. Буландырғыш табақшаға 5,00г эфир майын өлшеп салып және таразыда тартады. НҚ көрсетілгендей уақытта майды тяга астында сақырлап қайнап тұрған су моншасында қыздырады. Табақшаны қалдығымен эксикаторда суытады да таразыға тартады. Ұшып кеткеннен қалған май қалдығының пайыздық құрамын есептейді және жеке мақала талаптарымен салыстырады. Мысалы лимон майының ұшып кеткеннен қалған май қалдығы 4 сағат ішінде 1,8-3,6 % интервалында болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |