6. БАҚЫЛАУ сұрақтар (кері байланысы):
Фармацевтикалық технологияда араластыру қандай мақсаттарда қолданылады?
Сұйық ортада араластырудың қандай әдістерін білесіз?
Былғауыштың тұтынатын қуаты қандай параметрлерге тәуелді?
Газды ағындарды асылған бөлшектерден тазалау тиімділігін қалай сипаттайды?
Циклонды процестің артықшылығы неде?
1. Тақырыбы 6: Механикалық процестер.
2. Мақсаты: Студенттерді қатты материалдарды майдалаудың физикалық байыбымен, теориясымен және майдалау әдістерімен, майдалау машиналарының негізгі түрлерімен таныстыру.
3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:
Қатты материалдарды майдалау.
Майдалаудың физикалық- механикалық байыбы.
Механикалық процестерге қатты материалдарды майдалау, жіктеу (сусымалы маиериалдарды фракцияларға бөлу), сусымалы материалдарды араластыру жатады..
Қатты материалдарды майдалау. Қатты материалдардың беттері ұлғайғанда химиялық және диффузиялық процестердің жылдамдығы артады.
Қатты материалдар бетін ұлғайту үшін олардың өлшемдерін кішірейтеді, былайша айтқанда қатты материалдарды майдалайды.
Майдалау процестерін шартты түрде ұсақтауға (ірі, орта, майда) және ұнтақтауға (ұнтақтау, аса майда ұнтақтау) бөледі.
Ұсақтау қолданылатын күштердің түріне байланысты: соққылау, қысу, шағу, сындыру, үйкеу және айыру тәсілдерімен іске асырылады (6.1-сурет). Іс жүзінде әртүрлі күштер бір мезгілде қолданылады: Мысалы, қысу және соққылау, соққылау және үйкеу және т.б. Бөлшектердің өлшеміне (размеріне) және материалдың механикалық қасиетіне байланысты ұсақтау тәсілін таңдап алады.
Ұсақтаудың тиімділігі үсақтау дәрежесімен анықталады.
Ұсақтау дәрежесі - і, материал бөлшектерінің ұсақтауға дейінгі (D) және үхақтаудан кейінгі (d) өлшемдерінің қатынасына тең, яғни
(6.1)
Мұнда D және d - бөлшектердің үсақтауға дейінгі және үсақтаудан кейінгі орташа өлшемдері; Мысалы, шар тәрізді бөлшектер үшін-диаметр, куб-тәрізді бөлшектер үшін - қабырғаларының үзындығы. Егер бөлшектердің пішіні геометриялық дұрыс болмаса, онда орташа геометриялық өлшем:
мұнда /, Ъ, /г-бөлшектің ең үлкен үзындығы, ені және биіктігі. Сонымен ұсақтау дәрежесі ұсақтау кезінде материал бөлшегінің өлшемі қанша есе азайғанын көрсетеді. ¥сақтағыштар мен диірмендердің өнімділігі және әнергия шығындары үсақау дәрежесіне байланысты болады.
6.1-сурет. Ұсақтау тәсілдері.
а-қысу; ә-плиталы тірекпен шағу; б-сына тәрізді әлементтер арасында шагу; в-сындыру; г-үйкеу; д-и-соққылау; е-кесу; ж-аралау; 1-плиталы тірек; 2-ұсақталатын материал; 3-қысатын плита; 4-сына тәрізді құрал (инструмент); 5-тірек; б-соққылайтын құрал; 7-пышақ; 8 - ара.
¥сақталатын және ұсақталған материалдың ең ірі бөлшектерінің өлшемдеріне байланысты ұсақтаудың түрлері б. 1-кестеде берілген.
6.1 -кесте.
Ұсақтаудың
|
Бөлшектердің өлшемдері
|
Үсақтау
|
түрлері
|
ұсақтауға дейінгі,
мм
|
ұсақтаудан кейінгі, мм
|
дәрежесі
|
Ірі ұсақтау
|
1500-300
|
300-100
|
2-6
|
Орташа ұсақтау
|
300-100
|
50-10
|
5-10
|
Майда ұсақтау
|
50-10
|
10-2
|
10-50
|
ұнтақтау
|
10-2
|
2¸75∙1O-3
|
100
|
Аса майда ұнтақтау
|
275∙1O-3
|
(750-1)1O-4
|
-
|
Ipi, орташа, майда 9сақтайтын машиналарды шартты түрде ұсақтағыштар, ал
ұнтақтайтын және аса майда ұнтақтайтын машиналарды диірмендер деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |