Екі және оданда көп фазалардан құралған жүйелерді әртекті жүйе дейді. Фазалардың физикалық күйіне байланысты әртекті жүйелердің төмендегі түрлері болады:
Суспензиялар- сұйық және оның ішінде қатты бөлшектер таралғаннан пайда болған әртекті жүйелер. Қатты бөлшектердің өлшеміне байланысты шартты түрде суспензиялар ірі, майда, өте майда және коллоидты ерітінді болып бөлінеді (4.1-кесте).
Эмульсиялар - бір сұйық ішінде онымен араласпайтын екінші сұйық бөлшектері таралғаннан пайда болған әртекті жүйелер.
Көбіктер- сұйық және оның ішінде газ көпіршіктері таралғаннан пайда болатын әртекті жүйелер. Бұл газды - сұйықты қоспалар өздерінің қасиеттері бойынша эмульсияларға жақындау.
Ш а ң д a p және түтіндер- газ оның ішінде қатты бөлшектер таралғаннан пайда болатын әртекті жүйелер. Шаңдар көбінесе қатты әаттарды үхақтағанда, араластырғанда және тасымалдағанда пайда болады. Шаңдағы қатты бөлшектердің өлшеміне байланысты олар түтін, тұман және аэрозоль болып бөлінеді.
Біртекті емес жүйелерді бөлудің мына әдістері қолданылады: тұндыру, сүзу, центрифугалау, ылғалды бөлу.
Тұндыру - сұйықта немесе газда ұшып жүрген қатты немесе сұйық бөлшектерді тұтас фазадан ауырлық күші, инерция күші немесе электростатикалық күш әсерімен бөлу. Ауырлық күші әсерімен тұндыруды тұну деп атайды.
Сүзу — сұйықты немесе газды өткізіп, асылып жүрген қатты бөлшектерді ұстайтын кеуек бөгеттердің көмегімен бөлу процесі.
Центрифугалау — ортадан тепкіш күштер өрісінде суспензияны және эмульсияны бөлу процесі.
Ылғалды бөлу — қандай да бір сұйықтың көмегімен газда асылып жүрген бөлшектерді ұстау арқылы бөлу процесі.