Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтикалыќ академиясы



бет17/29
Дата27.03.2023
өлшемі360,5 Kb.
#76424
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
метод-гистология-практика-мпд-каз

1. Тақырыбы: Эпителий тіні.
2. Мақсаты:

  1. Микроскоптық деңгейде эпителиалдық тіндерді ажырата білу.

  2. Эпителиалды тіндердің морфофункционалдық және гистогенетикалық ерекшеліктерін сипаттау.

3. Оқыту мақсаты:
Эпителий тіні немесе эпителийлер адам денесінің үстін жауып тұрады, сондықтан жабынды эпителий деп аталады. Ал кейбір эпителийлер ішкі органның қуыстарын төсейді және көптеген бездерді құрайды. Атқаратын қызметтеріне байланысты, жабынды және безді эпителий деп бөлінеді. Жабынды эпителий шекаралаушы тін болып саналады, себебі ол организімнің ішкі ортасын сыртқы ортадан ажыратып тұрады және зат алмасу процесіне қатысады.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Эпителиалды тіндердің морфофункционалды және гистогенетикалық ерекшеліктері.

  2. Эпителилердің жіктелуі.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Кіші топтар
6. Әдебиет

  1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

  4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.



7. Бақылау
Сұрақтар

  1. Жабынды эпителидің жалпы заңдылық құрылысы қандай?

  2. Жабынды эпителий құрылысы бойынша қалай жіктеледі?

  3. Қандай құрылымдар көмегімен эпителиоциттер бір-бірімен байланысады?

  4. Көп қабатты мүйізденуші эпителий қандай қабаттардан тұрады?

  5. Көп қабатты эпителий құрамында қандай жасуша түрлері бар?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет