Есептер Тері кесіндісінде екі тін көрінеді. Біріншісі қан тамырлары бар орган тереңінде жатқан араларында талшықты жасушааралық заттары бар жасушаладан тұрады. Екіншісі беткейінде жатады, қан тамырлары мен жасушааралық заттары жоқ, жасуша пластарынан тұрады. Бұл тіндердің қайсысы эпителиалды тінге жатады?
Ядролары базалды мембранада әртүрлі орналасқан, бірақ барлығанда базалды мембранамен қатынасы бар жасушалар берілген. Бұл эпителийдің қай түріне жатады?
Эпителий пласты берілген: біреулері базалды мембранамен байланысты ал үстінгілерінде байланыс жоқ. Пластың жоғарғы беткейіндегі жасушалары алмұрт пішінді. Бұл эпителийдің қай түріне жатады?
Орган кесіндісінде эпителий тіндері беткейінде және қабырғасының тереңінде жатады. Эпителий түрлерін және қызметтерін атаңдар.