Тапсырманың тақырыбы
|
Тапсырманың мазмұны
|
Бақылау формасы
|
Тапсыру кезеңі (апта)
|
Заманауи психологияның салалары
|
Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні. Психологияның әдістері. Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде (бизнес, спорт, денсаулық
сақтау, жарнама психологиясы).
|
Рефлексия формасындағы эссе жазу.
|
1-апта
|
Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы
|
Мотивация және өзіндік мотивация. Мотивациялық сфераны жалпы ұйымдастыру. Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері. Жетекші мотив.. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы. Мотивацияны
зерттеу әдістері. Тұлғаның мотивациялық профилі. Тұлғаның мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек тиімділігінің төмендеуі.
|
Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу.
|
2-апта
|
Эмоцияның әр түрлі мәдениеттерде көрінуі мен сезілуі
|
Адам өміріндегі эмоцияның рөлі. Эмоцияны түсіну және эмпатияға қабілеттілік. Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері: эмоцияларды қайта қарастыру және эмоцияларды басу. Эмоционалдық интеллект анықтамасы. Эмоционалдық интеллект когнитивті қабілет пен тұлғаның даралық сипаттамасы ретінде. Эмоционалдық интеллект диагностикасы
және дамуы.
|
Деректер бойынша контент- талдау дайындау.
|
3 апта
|
Тәуелсіз қоғамдағы
тұлғаның «ерік бостандығы» тұжырымдамасы.
|
Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі.. Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент). Стресс түсінігі. Стресс түрлері. Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке
стилдері. Стресске тұрақтылық түсінігі.
|
Тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу
|
4 апта
|
Тұлғалық ресурстар
ұлттық сананы сақтау мен дамытудың факторы ретінде.
|
Темперамент, мінез және қабілет.
Темперамент анықтамасы. Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде. Темпераменттің анықтамасы. Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Темперамент пен мінездің ара қатынасы. Мінездің анықтамасы. Мінез акцентуациясы және тәрбие.
«Ұлттық мінез» ұғымы. Тұлғаның қабілеті және нышандары.
|
Тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу
|
5 апта
|
Тұлғаның дүниетанымы және ұлттық бірегейлігі.
|
Әлеуметтік әлемдегі Мен. Мен-концепциясы. Өзін-өзі таныстыру. Адам өміріндегі құндылықтар. Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу. Құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде. Тұлғалық құндылықтар. Қызығушылық әлеуметтік іс әрекеттің жетекші мотиві ретінде. Мінез-құлық және нұсқаулар. Тұлғаның адамгершілік негіздері. Тұлғаның рухани әлеуметтенуі.
|
Тақырып бойынша эссе түріндегі рефлексия
|
6 апта
|
Тұлғалық және кәсіби жетістікке жету психологиясы.
|
Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар. Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары. Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік. Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар. Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау және жеңу жолдары. Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы.
|
Тақырып бойынша эссе түріндегі рефлексия
|
7 апта
|
Теріс эмоциялар және денсаулық.
|
Психика мен дененің өзара байланысы және өзара ықпалы. Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары. Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіріретуші фактор ретінде. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде.
|
Берілген тақырып бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу.
|
8 апта
|
Ұлтаралық қарым- қатынас әлеуметтік- психологиялық құбылыс ретінде.
|
Қарым-қатынас түсінігі. Қарым-қатынастың түрлері, формалары, қызметтері. Тұлғааралық қарым-қатынас ғылыми білімнің пәні ретінде. Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамалары. Тұлғааралық коммуникация, өзара әрекеттесу, тұлғааралық қабылдау түсініктері. Тұлғааралық, топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері. Қарым-қатынас стильдері. Көшбасшылық және жетекшілік.
|
Берілген тақырып бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу.
|
9 апта
|
Тұлғааралық қабылдау әсерлері.
|
Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынас процесіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы ретінде. Қарым-қатынастың перцептивті механизмдері: эмпатия, идентификация, децентрация, аттракция,
толеранттылық, рефлексия, кері байланыс. Тұлғааралық өзара әрекеттесу кеңістігі. Мен және басқалар.
|
Контент-анализ
|
10 апта
|
Тұлға және топ (әлеуметтік- психологиялық ықпал ету)
|
Психологиялық әсер етудің мәні. Психологиялық әсер ету түрлері. Әсер ету механизмдері: жұқтыру, еліктеу, сендіру. Сендіруді тиімді ету факторлары. Психологиялық әсер етудің негізгі тәсілдері мен әдістері: демонстрация, жалған ақпарат тарату, қауесеттерді тарату, қорқыту, БАҚ- тағы манипуляция.
|
Берілген тақырып бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу.
|
11 апта
|
Г.Д.Лассуэлл бойынша заманауи қоғамдағы коммуникацияны талдау.
|
Қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде. Коммуникацияның құрылымы, негізгі функциялары және түрлері. Коммуникациядағы цифрлық технологиялар. Коммуникацияның вербалды және вербалды емес құралдары. Коммуникативтік рөлдердің мәні және қажеттілігі. Коммуникативтік кедергілер (кәсіби, мағыналық, ұйымдастырушылық, тұлғалық- психологиялық және т.б.). Коммуникацияның жас ерекшеліктері, әлеуметтік-
мәдени және гендерлік ерекшеліктері.
|
Эссе
|
12 апта
|
Біздің өміріміздегі конфликтілер.
|
Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері. Психологиялық конфликтілердің түрлері. Конфликтінің конструктивті және деструктивті функциялары. Конфликтінің даму сатылары. Конфликтінің қатысушылары мен жүргізушілері, олардың қажеттіліктері, мүдделері мен
мақсаттары. Конфликтінің кеңістік-уақыттық шекаралары. Конфликтінің типтік кезеңдері. Конфликтінің функциялары мен зардаптары.
|
Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары, интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау.
|
13 апта
|
Еңбек ұжымындағы конфликтіні реттеудің механизмдері және тәсілдері.
|
Конфликтіні болдырмау технологиясы. Конфликтідегі рационалды мінез-құлық технологиялары. Конфликтілік мінез-құлықтар: ынтымақтастық, бәсекелестік, қашу, құтылу, кооперация стратегиялары. Конфликтілерді шешу көп сатылы процесс ретінде. Манипуляторлардың типтері. Негізгі манипуляциялық техникалар. Манипуляция процесіндегі тұлға. Манипуляция жасырын хабарлама ретінде. Келіссөздер – конфликтіні шешудің тәсілі ретінде.
|
Тақырып бойынша эссе жазу
|
14 апта
|
Тиімді коммуникация мен тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің өзара байланысы
|
Тиімді коммуникация ұғымы. Тиімді коммуникация технологиялары және қағидалары, ережелері, дағдылары, тәсілдері. Тиімді коммуникацияның шарттары. Әлеуметтік интеллект. Коммуникациядағы имидж және өзіндік ұсыну. Имидж қалыптастырудың технологиялары. Сыртқы келбет имидждің
бір бөлігі ретінде. Белсенді тыңдау техникалары. Келіссөз процесінің технологиясы.
|
Жоба дайындау
|
15 апта
|