«Психология» пәнінің негізгі зерттеу обьектісі жеке адам болғандықтан осы пәннің қарастыратын тақырыптары да қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасы, іс-әрекеті, мінез-құлқы, сезімі, еркі, және тағы басқа мәселелерді меңгерту мен шектелмей, пән бойынша студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп, практикалық іскерлігін шыңдай беруді мақсат етеді.
1. Лекция тақырыбы №1 Пәнге кіріспе
Лекция №1
Тақырып. Психологияға кіріспе. Психология пәні.
Психология ғылымының анықтамасы.
Психологияның негізгі даму кезеңдері.
Ерте кездегі психологияның мән-жайын қалай түсінгендігі туралы.
Психология жалпы алғанда психиқа ны, ерекшелеп алғанда адам санасының тарихи даму, қалыптасу, көрініс беру заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психиқа лық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр тұрлі бейнелері болып табылады.Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибеьізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар.Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психолгия» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім). Cөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ психологияның «жан туралы ілім» демей, «психиқа » туралы ғылым деп түсінген дұрыс.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталынып келген түсініктер бойынша адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады,мәңгі –бақи жасайтың жан адамның барлық психиқа лық тіршілігінің ойының, сезімнің, еркінің иесі де , себепшісіде . Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын , одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жна болатын болса , сонын бір көрінісі , үйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де , адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса , адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистік (барлықнәрседе де жан дейтін түсінік ) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен , Лусан аралының тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар үйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көленкенің ұғымы бір сөзбен берілді, өйткені олардың ойынша , жан мен көлеңке бір спеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері «лоақаль» деген сөз арқылы көленкенің , жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде , яғни жан мен тәннің толысуы бір – бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін , мәңгі- бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғыныудың нәтижесі еді.
Жан туралы ғылыми түсінікті ежелгі гректетдің әмбебап ғылымы Аристотель (б.э.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медецина, әдебиет, жаратылыстану т.б.) аралас , астарласа дамып келеді.
ХІ Х - ғасырдың екінщі жартысынан былай қарай ғылымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) экспетимент (тәжірибе) жүзінде әртұрлі құрал жабдықтар аспаптардын көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап , психология өз алдына дербнс отау тігіп , тәжірибелік ғылым ретінде дамыды
Психология ғылымының тарихы да біріне – бірі қарама – қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой- пікір тартысына толы. Мысалы , ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде –ақ жанды (психиқа ) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді.Ол жанның мәнгі еместігін , оның өсіп , өшіп отыратындығын айтып , материалистік тұжырым жасады. Сло заманның екінші бір ойшылы , идеалист Платон (427-347) керісінше «жан мәңгі өлмейді, өшпейді» ,- деп тұжырымдады.
Психиқа лық әрекетті осылайша екі тұрлі көзқарас тұрғысынан түсіну , қоғам дамуының кейінгі кезеңдеріде , әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстын ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние –материядан құралды, ол жойылмайды, бір тұрден екінші тұрге көшіп , өзгере береді , жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса , батыс ойшылы Фома Ақвинский (1225-1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып , осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.
Психологиянын ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі – шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезеннің ішінде психология басқа ғылымдармен , әсіресе , философиямен қосақтаса дамып келеді.Оның кеінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.
Психологияның даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил ,Эразестрат, Гиппократ , Гален, Әбуәлі Ибн Сина, Деқа рт, Гообс, Спиноза, Лейбниц, Лоок, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер т. б. Оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты.
Жан дүниесінің сыры жайлы дәйекті пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан.Тіпті мұндай ой- пікірлер фольклорда, әсіресе , мақал -мәтелдерде көптеп кездеседі. Мәселен: « Тән ауырса, жан ауырады», « Тәні саудын жаны сау», Тән өледі , демек жан да өледі», « Жан бар жерде қаза бар» , «Жан- кеудеге қонақ» т.б. осындай мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасы шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес. Жан қазақ ұғымында жан- жануарға , адамға тіршілік , күш – қуат беретін рух. Ал Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т.б. қазақ ақын –жыраулары мен ойшылдарының толғауларында да көшпенді ата- бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болып , осылар жайлы сындарлы пікірлер айтылған. Өрісі биік , материалистік психологиялық ой пікірлерді Шоқан , Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт шығармаларынан да көптеп кездестіруге болады. Мәселен : С. Торайғұров (1893-1920) жан мен тән ылғи да бірлікте , байланыста болады, адамнын тәні өсумен қатар , жаны да бірге өсіп, жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өзгеруінің негізі тәнде , адам өлгенен кейін , онда қимыл жоқ , сезім жоқ ... жек көру жоқ , махаббат жоқ ... Өмір жоқ , яғни , бір сөзбен айтқанда , тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды деп тамаша материалистік қарытынды жасайды. Осы спектес пікірді Шәкәрім құдайбердиев те (1858-1931) айтқан болатын. Психиқа лық құбылыстын табиғи ғылыми негізін жасауда , оны материалистік тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И. М. Сеченовтың (1829- 1905) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П Павловтың (1849-1936) жоғары жүйке қызметі туралы ілімнің манызы зор болды.
Психиқа лық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.
Осы қисынның ірге тасы әл-Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған. Бұл теория бойынша сыртқы дүние біздің сезімде мида түйсік , қабылдау, елестету , ой сезім тұрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін кейде бір сөзбен адамның санасы немесе психиқа сы деп те атайды.Сана сыртқы дүниенің бейнесі дегенді қалай түсінуге болады? Біздің миымыз сыртқы әсерлердің бәрін қабылдауға, бейнелеуге қабілетті.Мидағы бейне,образ сол бейнеленген зат пен құбылысқа дәл келеді. Бейнелену процесі әр адамның өмір тәжірибесіне, жас мөлшеріне, білім денгейіне, мақсат мүддесіне, наным-сеніміне орай өзіндік өзгешеліктерге толы болады.
Неорганиқа лық материяның (өлі табиғат) өзінде де тұрлі нәрселер сәуленеді. Мәселен , заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз. Ал егер затты алып кетсек , оның суретінің де айна бетінен жоғалып кететіні мәлім. Психиқа лық бейне де осы спеттес, яғнм сыртқы орта әсер етпейінше , мида ешқандай психиқа лық құбылыс пайда болмайды. Айна бетіндегі бейне де , адам миындағы бейне де «бейнелену» деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетіндегі сәуле «жансыз» сәуле болып табылады. Ал адам миында болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі – соңғы бейне күрделі , ол жүйке процестерінің жұмысынан туады. Мидағы бейненің екінші бір ерекшелігі – сөздің жәрдемімен бейнеленуі. Беинеленудің осы тұрі ұзақ уақыттық тарихи дамудың нәтижесінде , адамдардың еңбек ету қызметінің негізінде пайда болған.
Айналадағы заттар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі жануарлардан бөлек , өзгеше жолмен , белсенді тұрде сөздің көмегімен жүзеге асады. Адам қоғамдық - әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан , оның бейнеленуі ұғым, пікір, ой қорытындысы тұрінде көрінеді. Ол белсенді әрекеттену негізінде , әртұрлі обьектілермен қатынас жасап , өзі солардың бейнеленуіне мүмкіндік туғызады.Бейнелену заттың миға әсер етуінен ғана болатын бір жақты процесс емес, субьект (адам) мен обьектінің (сыртқы орта) өзара байланысының нәтижесі. Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін , шама- шарқынша өңдеп, саналы тұрде бейнелейді. Бейнелену ми қабаты жықпылдарында адамның жас мөлшері , білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай тұрлі деңгеиде көрініп отырады.
Бейнелену формаларының шығуына құрамында белоктық заттары бар тіршіліктің пайда болуы шешуші роль атқарды. Тітіркенушілік , яғни тірі организмнің сыртқы әсерге жауап беое алу қабілеті , жүйке жүйесі күрделі сипат алған сайын организимнің сыртқы ортамен байланысында елеулі орын ала бастайды. Мәселен , балықтардың миы өте мардымсыз болса, сүтпен қоректенушілердің миы бұған қарағанда жақсы дамыған. Жануарлар миының алдынғы жағы өскен сайын олардын сыртқы ортамен байланысының дәрежесі , яғни бейнелеу мүмкіншілігі де арта түседі.
Бейнелеу теориясының мәнін басқаша түсіндіретіндер де кездеседі. Немісғалымы Г. Гельмгольс (1821-1894) : « мидағы бейнелердің сыртқы дүние заттарымен ешқандай ұқсастығы жоқ, бұлар- заттың бейнесі емес, оның символы» ,- дейді. Бұл теория біздің сезім мүшелеріміздің көрсеткеніне сенбеушілік туғызды, обьективтік дүниені жоққа шығарды. Заттың бейнесі бір басқа да, шартты таңба символ бір басқа. Бейне « кескінделетін» сыртқы заттың обективтік болуын қажет етеді , ал « таңба « мен» символ» оны турадан – тура жоққа шығарады.
Адам санасының табиғатын осылайша түсіндіретіндерді ғылымда тұрпайы материалистер дейді. Мәселен,ХІХ ғақсырда өмір сүрген немістің кейбір оқымыстылары : « бауыр өтті өзінін қалай бөлініп шығарса , ми да ойды солай бөліп шығарады» деп адамның сана – сезімін , ойлау процесін ми шығаратын заттың ерекше бір тұрі деп түсіндіреді. Бұл өте тұрпайы түсінік. Шынында , сана сол материяның өзі болса, бұдан материя мен сана арасындағы айырмашылық жойылады да, бұл екеуі бірдей болып шығады. Ғылыми түсінік бойынша , психиқа , сана зат емес, оны көруге де , суретін түсіріп алуға да болмайды. Сана – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Ол материалдық бейне емес , идеалдық бейне. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның басында , жүйке жүйесінде жасалып жататы н шындықтың күрделі бейнесі.
Жалпы психология ғылыми зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынадай негізгі үш мәселені бөліп қарастырамыз: а) психиқа лық процестер, ә) психиқа лық кейіп, б) психиқа лық қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшеліктері деп аталынады. Жан қуаттарының кейбір (түйсік, қабылдау, елестету ,т.б. ) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде , енді біреулері (ойлау , қиялт.б.) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды , дәнекерлі қатынастарды , өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен (обьективтік шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері шешуші қызымет атқарады.
а) Психиқа лық процестерге әдетте, адамның таным процестерін жатқызады. Олар – түйсіну, қабылдау, ес, қайта жаңғырту процесі, қиял мен ойлау. Сөйтіп, сыртқы дүние шындығын тану, еріктік процестер, эмоциялық процестер.
ә) Психологиялық кейіп көңіл-күй мен аффекттерді, зейін және ерік сияқты т.б. жайттарды бейнелейді.
б) Психиқа лық қасиеттер әрбір адамның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктер болып табылатын темперамент, мінез, қабілет арқылы дараланады. Қоғамдық - әлеуметтік жағдайда өмір сүретін адамдардың бүкіл болмысы мен жан дүниесінің сыры олардың даралық қасиеттері ьолып табылатын темперамент көрінісінен, мінез – құлық ерекшеліктерінен және қабілет бейімділігінен айқын байқалып тұрады.
Бақылау сұрақтары
Психология дегеніміз не?
Психикалық құбылыстар нешеге бөлініеді?
Психологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар кімдер?
Пайдаланылған әдебиеттер
Жарикбаев К., и др. Психология и этика: Учебник – Алматы: Мектеп, 2003.
Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері Алматы,2002.
Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы:білім,1996.
Бап-Баба С. Б. Жалпы психология. Алматы – Дарын- 2003.
Достарыңызбен бөлісу: |