Қосымша әдебиеттер
Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.
Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.
Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.
Құндылықтар 6. Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде
Дәріс мақсаты: Студенттерде құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар туралы білімдерді қалыптастыру.
Дәріс тезисі.
Әрбір тірі ағза, өмір сүру үшін сыртқы ортадан алынатын белгілі бір жағдайлар мен құралдарға мұқтаж болады. Мысалы: өсімдік дұрыс өсуі үшін күн сәулесіне, жылылыққа, топырақтан алатын дымқылдыққа және қоректік заттарға мұқтаж.
Қандай да бір белгілі қажеттілікті сезінудегі адамның психикалық жағдайы қажеттілік деп аталады.
Адам қажеттілігі оның өмір барысында көбейіп және өзгеріп отырады: адамдық қоғам өзінің мүшелері үшін жаңа қажеттіліктерді тудырады. Қажеттіліктердің жаңарып отыруына қоғамдық өнеркәсіптердің тигізетін маңызы зор.
Қажеттіліктердің психологиялық жағдай екендігінің ерекше сипаттамалары:
Қажеттіліктердің нақты мазмұнды сипаты: заттың (киімге қажеттілік) және функционалды қажеттіліктер.
Қажеттіліктің эмоцианалды жағдай сипатымен аңғару.
Қажеттілікті қанағаттандырудағы эмоцианалды – еріктік жағдай.
Бұл жағдайлардың әлсіздеуі немесе толығымен жоғалуы.
Қажеттілік негізінде жатқан мұқтждықтың қайтадан көрінуі.
Адам қажеттіліктері сан алуан. Оларды әдетте материалды (тамаққа. киімге, үйге, жылуға т.б. қажеттілік) және рухани, адамның қоғамдық өмір сүруімен байланысты (қоғмдық іс - әрекетке, білім алуға, ғылым мен өнерде меңгеруі, шығармашылыққа және т.б. қажеттілік).
Бұлай бөлу қандай да бір деңгейде шартты түрде болып келеді. Шын мәнінде адамда қоғамдық сипатта болмайтын бір де бір қажеттілік жоқ. Материалды қажеттіліктер, бір жағынан организмнің биологиялық функциясы сияқты, әлеуметтік сипатта.
Қоғамдық өмір процесінде адамда белгілі дәмдік ерекшеліктерімен ерекшеленетін тамаққа деген қажеттілік туындайды. Қазіргі адамдар арнайы жабдықталған, оның гигиеналықжәне мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыратын үйлер қажет.
Адамның іс - әрекетінде және өмірінде еңбекке, оқуға, адамдармен қарым – қатынастың, эстетикалық қажеттіліктердің мәні зор. Адам өзінің материалды қажеттіліктерін инстинкті түрде емес, еңбек көмегімен қанағаттандырады.
Қазіргі заман адамы өзін тойындыру немесе киім киуі үшін қажет өнімді өзі өндірмейді, олардың барлығын қоғамнан алады, ол өзі қоғамның басқа қажеттіліктерін өндіру үшін еңбек етеді. Қоғамдық еңбек адамның өмір сүруінің шарты. Еңбекпен бірге еңбек процесінің іс - әрекетін меңгеру барысында оқуға деген, білімге деген қажеттілік те дамиды.
Тұлғаның басты сипаты эстетикалық қажеттілік, яғни қандай да бір шығармашылық саласындағы немесе өнердің басқа бір түріне деген құштарлық. Бұл қажеттілік қоғамның ерте тарихи кезеңінен бастап көріне бастаған. Адам ең алғаш еңбекпен шұғылдана бастаған кезде – ақ өзі жасаған құралдарға, заттарға эстетикалық жағымды формалар беріп, оларды алдымен жеңіл, кейінірек күрделі сүретшілік орнаменттермен көркемдеп, өздерінің табиғи эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыра бастған.
Қоғамның дамуына байланысты адамның эстетикалық қажеттіліктері де дамып, көптеген күрделі өнер түрлері пайда болды: суретшілік өнер, скульптура, архитектура, музыка, әдебиет, театр, кино және т.б.
Адамның өміріндегі қажеттіліктері оның «құндылықтар бағдарымен» тығыз байланысты.[34;279]
«Құндылықтар бағдары» адамның іс-әрекетінің, қылықтарын байланыстыратын әр түрлі жолдары мен білімдер жүйесі ретінде көрінетін буыны. Қазіргі психология мен әлеуметтану адамның қылығына реттеу жасады, «құндылықтар бағдары» ең негізгі категория болып табылады.
«Құндылықтар бағдары» көптеген пәндердің қақтығысында пайда болды – құндылықтар философиясы, оксиология – құндылықтар теориясы, философиялық және мәдени антропологияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психологияда және жалпы психология, сонымен бірге көптеген бағыттарда, теорияларда және осы салалардағы ағымдарда қалыптасқан.
Философиялық - әлеуметтік ол «нормалар және құндылықтар» категориясына, нормативті – құндылық жүйесі және әлеуметтік әрекет, нақты әлеуметтік дициплина циклінде – мотивациялық және адамдардың іс - әрекетін басқарудағы категорияның, әлеуметтік – психологиялық және психикалық дициплина циклдерінде. Мінез құлық меанизмдері және адамдардың іс - әрекеті, олардың регуляция категориясына жатқызылды.
Қазіргі кезде бұл категорияның негізгі шығу көзінің мәнділігін табу өте күрделі.
Т. Б. Любимованың жұмысында «Парсонстың жүйесінде» «құндылықтар бағдары» термині негізгі мәнге ие. Бұл терминді Парсонс әрекет теориясында тікелей негізгі бағдарлар, жағдайлар және қайраткер түсініктерінен кейін енгізеді. Аналитикалық тұрғыдан бағдарлар ситуацияға байланысты екі категорияға бөлінеді: мотивациялық бағдар және құндылық бағдар. «Құндылық бағдар» нормаларды стандарттар, орындауға таңдау критериларына көңіл аударды. Бұл екінші реттік бағдар болып табылады.[49;241]
У. Л. Колб бұл түсініктің әлеуметтануға енуін У. Томас және Ф. Знанецкидің есімдерімен және еңбектерімен байланыстырады: «Авторлар үшін құндылық қоғамдық топ үшін мазмұны және мәні бар кез келген зат болып табылады. Бағдарлар құндылықтарға деген топ мүшелерінің субьективті жан табуы».[10;114]
Көптеген психологтар «құндылық бағдар» түсінігіне психологиялық шешілуіне көп көңіл бөліп, индивидтің мінез – құлқын реттеу процесін қарастырады. Осындай еңбектердің бірі ретінде әлеуметтік психологияда В. Б. Ольшанскидің мақаласы жарық көрді. Ольшанский, құндылық бағдар ретінде мақсат, талпынушылық және өмірлік мұратты түсінді, оны топ санасындағы белгілі бір норма түрінде қарастырады. Ол «Топтық сананың» индивидуалды құндылық жүйесіне әсерінің болмай қоймайтындығы туралы шешімге келді: «индивидтің топ құндылығы жүйесінен индивидуалды ауытқу» мінез – құлығынан көрінеді. Бұл жағдайда топтың бақылау факторы ретінде көрінетін, оған деген коллективтегі қарым – қатынасты анықтайды. Бұл қарым – қатынас жағдайға байланысты адамның құндылық бағдарын өзгертетін детерминант ретінде де көрінуі мүмкін.[31;245]
Автордың құндылық бағдар мәселесін қолданбалы міндеттермен байланыстыруға талпынысын байқауға болады. Бұл бағыт қоршаған орта адамдарының немесе топтың жеке тұлғада құндылық бағдар жүйесінің сапалы құралдарының қалыптасуына әсерінің оң жақтарын ұйымдастырудың маңыздылығы қарастырылған. Тұлғаның құндылық бағдарының психологиялық мазмунына көңіл бөлген, оның еңбекке деген қатынасын анализдеген.
А. Г. Здравомыслов және В. А. Ядов олардың пікірінше, құндылық бағдар – тұлғаның қандай да бір қоғамдағы материалдық және рухани мәдени құндылықтарға деген бағдары. Құндылық бағдар тұлғаның құрылымының маңызды компоненті болып табылады, өйткені онда индивидуалды дамудағы барлық өмірлік тәжірибе түйінделеді.[16;199]
Көптеген өмірлік сұрақтар шешілетін көз қарастағы адамдардың ойлары мен сезімдері көрінетін тұлғалық құрылым компоненті. Бұл зерттеушілер құндылық бағдарды тұлғаның мінез – құлқы мен қоршаған ортаға қарым – қатынасын анықтайтын маңызды құрылымдық компоненті ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, құндылық бағдар түсінігі психологиядағы қолданылатын бағдар, қажеттілік және қызығушылық түсініктеріне жақын.
Әлеуметтік психологияда тұлғаны зерттегенде әлеуметтік бағдар проблемасы маңызды орын алады. Егер де әлеуметтану процесі – жеке адам әлеуметтік тәжірибені қалай игереді, оны белсенді түрде қалай қайта жаңғыртатынын ғана түсіндірсе, Тұлғаның әлеуметтік бағдарын қалыптастыру осы игерілген әлеуметтік тәжірибені жеке тұлға қалай пайдаланады, оның нақты іс - әрекеттері мен қылықтарына ол қалай көрінеді деген сұрақтарға жауап береді.
Әйгілі грузин психологы Д. Н. Узнадзе мектебінде «бағдар» арнаулы зерттеу мәселесі ретінде қарастырылды. Бірақ Узнадзенің «бағдары» әлеуметтік бағдардан басқаша ұғым. Негізінен, бағдар ұғымы – адамның қарапайым физиологиялық қажеттіліктерін өтеуімен байланысты. Әлеуметтік бағдар ұғымына жақынырақ тұрған ұғымдар: адамның кез – келген нәрсеге өзіндік көз қарасы (И.Н. Мясищев), адамның әлеуметтік ортаға позициясы (Л. И. Бажович), бағыттылығы, «Жеке адамдық мәні» (Л. И. Бажович).
А. Г. Здравомыслов және В. А. Ядов өздерінің кейінгі жұмыстарында Д.Н. Узнадзе құндылық бағдар түсінігін қарастырмағанын анық көрсете алды. Бірақ тағы мазмұны бойынша оның концепциясында құндылық бағдарды қандай да бір нақты жағдайда мінез – құлықтың типіне берілетін психологиялық бағдар ретінде сипатталады.
Аталған авторлар Узнадзенің бағдар теориясына құндылық бағдарды ашу үшін арнайы зерттеулер жүргізді. А.Г. Здравомыслов және В. А. Ядовтың пікірінше, шегенделген бағдарлардың ішінде маңызды орынды әлеуметтік бағдар алады, яғни олардың зерттеулерінің потенциялды пәні болып табылатындар. Бұлар әлеуметтік жүйедегі мақсаттар мен іс-әрекет құралдар бағдары [16;201]. «Құндылық бағдар» проекциясын тікелей бағдарлау мүмкін емес. Классикалық психологиялық түсінік тек қана эвристикалық, метафорикалық, жазбалы түрде қолданылуға болды. Ол кейбір мүмкін болар психологиялық контекст анализына көрсеткіш қызметін атқарды. Екі реттегі түсінік: әлеуметтік – психологиялық – құндылық бағдары және жалпы психологиялық бағдар және фиксацияланған бағдар – тек қана паралельды болды, бірақ бір жүйеге координацияланған емес.
Құқықтық психологияда ауытқыған мінез – құлық типі мен механизмдерін анализдеу үшін құндылық бағдар сұрағы өте мәнді болып келеді. Бұнда мысалы, қақтығыстық норма және құндылық бағдардың психологиялық механизмі мәнді саналады.
З. И. Файнбургтың еңбегінде әлеуметтік құндылық бағдар таңдауларында қарама – қарсы әсерлер кездеседі және құндылық бағдарларда қарсылықтар болуы мүмкін. Бұл Тұлғаныңортамен немесе өз өзімен қақтығыстық жағдайына әкеледі.
Зерттеушілер үшін қызығушылық тудыратын өтпелі топ қатарлары бар. Оның бірі ретінде мектеп бітіруші түлектердің мамандық таңдауымен байланысты өмірлік жоспарды орындауы зерттеледі. Бұл зерттеулерде құндылық бағдар және шынайы өмірлік жағдайды бағдарлаудағы белгілі қарым – қатынаста айырмашылықтары бар бірнеше шартты топты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
I топты құндылық бағдары және орындалу деңгейі қабілеті мен мүмкіндігіне сәйкес келмейтін және қанағаттанушылық алмайтын адамдар тобы құрайды. Бұл адамдар түңіледі, өмірде өзінің нақ орнына ие емес, өзінің жағдайын өзгерту туралы ойлайтындар.
II топты құндылықтар қақтығысымен кезіккен, бірақ өз (притезаний) іске асыра алмаған, оған төзген адамдар құрайды. оларда құндылық бағдар деңгейі төмендеген.
III қақтығыстық жағдаймен кездесіп және өзінің өмірлік жоспарын жүзеге асыра алмаған, жағдайдың өзгеруіне байланысты жаңа құндылық бағдарларын орната алмаған адамдар тобы құрайды. Ерекше қызығушылықты тұлғаның жаңа құндылық бағдарының қалыптасуымен байланысты еңбегімен, орынымен қанағаттанушылық дәрежесін күшейтеді.
IV топты - өзінің өмірлік жоспарын іске асыра алмай, әлеуметтік бейімделушіліктен қанағат алатын, белсенді іс - әрекеттен шет қалған, өмірге пассивті қарым – қатынастағы адамдар тобы құрайды.
V ерекше топты өзінің өмірлік жоспарын іске асырмай, түңілген белгілі іс - әрекетпен шұғылданғысы келмейтін адамдар тобы құрайды.
Соңғы екі топ адамдарында әр – түрлі сипаттағы, жағдайдағы құндылық бағдарларының мәнді өзгеруі болады. Жағымды жағдайларда бұл құндылық бағдарлар адекватты болуы мүмкін, сана бұл адамдар бастапқы 3 топ адамдарын толықтырады. Өмірлік жағдайдың жағымсыздығында бұл адамдар асоциальды мінез – құлық жолына түсуі мүмкін.
Тұлғаның құндылық бағдары мен мінез – құлқы, іс - әрекеті, қылығы әлеуметтік норма мен паталогия арасындағы өтпелі жағдайды диагностау маңызды міндеттердің бірі. Бұндай жағдай критерилерін тауып (арнайы, тәрбиелі), орта әсерінің сай бағыттау – тәрбиенің өзекті міндеті.
Адамдардың құндылық бағдары әлеуметтік - тарихи детерминантталған, олар әр – түрлі заман адамдарына және әр – түрлі қоғамдық топтпарда белгілі себептермен әр – түрлі, олардың негізі қоғам дамуның әр – түрлі деңгейі және экономикалық, әлеуметтік саясаттың әр түрлілігінде.
Тұлғаның рухани әлемінің қалыптасуына жалпы әлеуметтік жоспардағы көптеген факторлар әсерін тигізеді және сонымен бірге жеке тұлғаны қоршаған тікелей микро – ортасы және адам өмірінің нақты жағдайлары, психологиялық ерекшеліктері де өз әсерін тигізеді. Әлеуметтік орта тұлғаның рухани бейнесіне өз таңбасын қалдырады.
Тұлғаның құндылық бағдарының қалыптасу процесінде еліктеу, идеалдың болуы маңызы зор.
Тұлғаның адамгершілік идеалы ретінде жастардың орындалуына талпындыратын белгілі бір мақсат көрінеді. Тұлғаның даму барысында, оның идеалға қозғалысынан жаңа мақсаттар мен перспективалар болады. Сондықтан тұлғаның рухани дамуы шексіз. А.С. Макаренконың пікірінше, перспективті жолдар қызықты ерекшелікке ие, олар адам зейінін қанағаттанушылық әлі тумаса да жалпы қанағаттанушылық түріне аударады. Бұған жету жолында әр – түрлі кедергілерді жеңуге кететін, тартымды, ертеңгі жаңа жоспарлар пайда болады.
Әлеуметтік – психологиялық проблемалардың ішінде ерекше күрделісі, құндылық бағдарды сенімге айландыру болып табылады.
Сенім – тұлғаның қоғамдық сананы қабылдаушы ретіндегі тұғыры. Құндылық бағдардың сенімге айналуының критерилерінің сапасы ретінде ең алдымен шынайы мінез – құлық, тұлғаның іс - әрекеті – меңгеруімен бағдарларды аңғару дәрежесі, олардың іс - әрекет пен мінез – құлықта принципке айналуы. Егер құндылық бағдар жеке тұлға үшін маңыздылыққа айналса, терең аңғарылса және іс - әрекетке басшылыққа айналса, онда олар сенімге айналады.
Сенімнің қалыптасуы жеке тұлғаның іс - әрекеті мен үздіксіз байланыста және ең алдымен – еңбекпен байланысты.
Қандай да бір құндылықтар жүйесінің іске асуы үшін Тұлғаның қоғамдық – саяи белсенділігі қажет. А.Н. Леонтьев пікірінше, қойылған мақсатқа байланысты іс - әрекеттің алдын алуындағы әрекеттер ғана өзекті аңғарылады. Тұлғаның алған білімі іс - әрекетті орындау барысында мәнді болмақ. Мәнділік мағыналығымен туындалмайды, өмірмен туындайды. Мәнділіктің дамуы – бұл іс - әрекет мотивтерінің дамуының өнімі, іс - әрекет мотивтерінің дамуы адамның әлемге, шартталған обьективті тарихи өмір жағдайына деген қарым – қатынастың шынайы дамуымен анықталады.
Сонымен, құндылық бағдардың идеологиялық және адамгершілік мазмұны маңызды мәнге ие.
Тұлға қызығушылықтарының психологиялық ерекшеліктері
Қажеттіліктер адаммен екі жақты бастан кешіріледі, бір жағынан шынайы қажеттіліктердің қанағаттануын қажет ететін өзіндік эмоцияналды уайымдау болса, екінші жағынан қажеттіліктерді қандай да бір елес формасында айқындау. Қажеттіліктер бұлай Тұлғаныңерекше сапалық сипаты ретінде қызығшылықтың қалыптасуының шарты.
Қызығушылықтың оқу және зерттеу жұмыстарында көрінуі аса маңызды. Бұл жағдайларда қызығушылық тұлғаның жаңа информацияға қанағаттану процесіндегі оң эмоциялармен таңданудың интеллектуалды сенімі мен сенімділіктен өтетін танымдық бағыттылығы ретінді белгіленеді.
Қызығушылық жылдам пайда болатын ырықсыз және жеңіл түрдегі ырықты зейінмен сипатталады.
«Қызықты» бас мидың қыртысында және қыртыс астында сезімді іске асыру физиологиясымен байланысты қозу тудырады. Яғни, бұл кез – келген іс - әрекетті жүзеге асырушы сезім. Сондықтан Тұлғаныңқызығушылық сезімі және терең қызығушылығы – екі түрлі болады.
Қызығушылықтың бастапқы пайда болу кезеңі таным обьектісіне деген анық таңдаудың жоқтығына қарамастан танымдық процесінің жалпы эмоцианалды таным. Процестің ары қарай жалғасуында, танымдық қажеттілікке эмоцианалдылықты сақтай отырып, қызығушылық өз обьектісіне деген нақты бір жақты бағыттылыққа ие болады. Қызығушылық үнемі нақты болып табылады, мысалы: белгілі бір затқа, құбылысқа, іс - әрекет түріне (машинаға қызығушылық, саяси оқиға қызығушылық, музыка, спортқа және т.б.).
Қызығушылықтың бағыттылығына адамның бейімділігі мен қабілеттілігінің тигізетін әсері көп. Қызығушылықтың әлеуметтік мәні Тұлғаның болашаққа деген бағдары, яғни әлі анықталмаған, бастан кешірілмеген болашақты зерттеу.
Тек қана жаңа ғана қызықты бола алады, ескі, бұрыннан белгілі, тіпті бастан кешірілген көңіл көтеру, алданыштың өзі жаңа бір түрмен байланысын, қызығушылығын азайтады және нервті – психикалық шаршауға әкеледі.
Бірақ қызығушылықты барлық жаңа әкелмейді, тек қана белгілі адамның іс - әрекеті үшін мәні барлар ғана қызықты болады. Мысалы, жоғары математикадағы қандай да бір жаңалық генженерді қызықтыруы мүмкін, бірақ өнер адамы үшін ол қызықсыз болуы мүмкін. Сондықтан қызығудың тууы үшін міндетті шарт – белгілі бір іс - әрекеттегі практикалық іс тәжірибе мен білім болып табылады. Тнаым қызығушылықтары жаңа қажеттіліктердің қалыптасуына әсерін тигізеді. Мысалы, жаңа заттарға, іс - әрекет түрлеріне, өзіне, адамдарға қарым – қатынасы және т.б. Бүгінгі күні тек қызықты болып көрінетіндердің өзі ертеңгі күні қоғам үшін, іс - әрекетті жаңаша өңдендіретін маңызды қажеттіліктерге айналуы мүмкін. Сонымен, өмірге, қоғамға, мәдениетке және оның құндылықтарына деген қызығушылық – бұл Тұлғаның қоғамдық қажеттіліктерді тұлғалық қажеттіліктерге айналдырып, қызығушылықтарды иемденуі.
Адам өмірінің жан – жағын ауқымдай отырып, оның танымы таралатын барлық іс - әрекет түріне байланысты қызығушылықтар әр – алуан болады.
Әр – түрлі таным аймақтарына және іс - әрекетке байланысты, олар бір – бірімен мазмұнымен ерекшеленеді. Адамның қызығушылығын тудыратын обьектілер саны, оның рухани байлығына және тұлғалық дамуының жан – жақтылығын көрсететін қызығушылықтар көлемін сипаттайды. Бірақ тағы адамның көп қызығушылықтарының ішінле орталық қызығушылық болуы керек, яғни адамды баурайтын, немесе оның жекелеген іс - әрекетіндегі (еңбекте, оқуда, ғылымда, қоғамдығы) басқаратын қызығушылығы.
Қызығушылықтар өзара бір келкі емес обьективті құндылықпен ерекшеленеді. Кейбіреуі қоғам үшін маңызды, олар оқудағы белсенділіктің артуына немесе іс - әрекеттегі табыстылыққа әкеледі, ол кейбіреулерінің керісінше құндылық мәні аз және зиянды, мысалы карта ойынына деген, компьютерлік, азартты ойындарға деген қызығушылық. Қызығушылық классификациясы оның қоғамдық мәнділігіне және мазмұнына байланысты – заттың обьективті құндылық түрінде бөлінеді.
Адам үшін субьективті қызығушылық әр түрлі қызығушылықты тудырушы күшпен, ұзақтығымен және мақсатқа бағыттылығымен ерекшеленеді. Әрекетті қызығушылықтар адамның қызығушылық тудырған сферасындағы іс - әрекетпен айналысу. Адам кейде бір нәрсеге қызығушылық тудырған сферасындағы іс - әрекетпен айналысуы. Адам кейде бір нәрсеге қызығушылық тудыруы мүмкін, бірақ пассивті бақылаушы рөлінде қалады, яғни сыртқы қызығушылықпен ғана шектеледі. Бұндай қызығушылық әрекетсіз қызығушылық болып табылады.
Сонымен бірге қызығушылық тұрақты болады, яғни адамның зейіні мен ойын оятатын, ұзақ уақыттық қызығушылық. Күшті әрекетті қызығушылықтар әрекетте құндылыққа айналады. Қызығушылықтың жиі ауысуы керісінше, нақты өмір жасы белгіленбеген адамдарда тұрақсыз қызығушылықтың көрініс беруі мүмкін.
Қызығушылықтың бағыты қалыптасуында белгілі бір талаптарды есепке алған жөн. Болашақ қызығушылық обьектісі туралы қажетті білімдер берілуі қажет: заттар, құбылыстар, әрекеттер, қызығушылық обьектісінің тартымды жағдайларда көрінетін, жаңа түрде, интеллектуалды таңдану сезімін тудыратын және т.б.
Тұлғаның қызығушылық бағыттылығының ерекше сипаты:
белгілі іс - әрекет түріндегі және біліміндегі тор өрістегі олардың шектелуі (мысалы, медицинаға қызығушылық және оның жекелеген бөліміне деген қызығушылық; техникаға деген қызығушылық немесе оның ішінде электроника немесе автомашинаға және т.б.);
іс - әрекеттегі операциялар және мақсаттың нақтылығының үлкенділігі;
берілген арнайы саладағы адамның білімінің кеңеюі және тереңдеуі;
берілген саладағы адамның таным процестерінің белсенділігі ғана емес, сонымен бірге шығармашылығының да көрінуі;
сәйкес іс - әрекетпен ұзақ уақыт айналысуға әкелген өзіндік эмоцианалды қанағаттанушылық.
Тұлғаны сипаттауда мыналар үлкен мәнге ие:
қызығушылықтың мазмұны мен сипаты: үстірт және терең қызығушылық болады;
қызығушылық тұрақтылығы және оның кейде қарама – қарсы іс әрекет түріне ауысуы мүмкін;
қызығушылықтың топ және көп қырлы болуы, кейде бір адамның қызығушылығы бір салаға шоғырлануы мүмкін, ол кейбіреуде керісінше әр түрлі білім мен іс әрекет аймағында болады.
Қызығушылық, бағдар, мотив және индивид құндылықтарының күші мен бағыттылығы тұлға дамуының маңызды аспектісі. Бұл қасиеттер оның білімі мен мамандану деңгейіне, басқа адамдармен қарым – қатынас, қанағаттанушылығына жеке басқа да оның өмірінің маңызды кезеңдеріне әсерін тигізеді. Әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қызығушылық аспектісі қазіргі бізідің қоғамымыздың айналысатын өзекті мәселелерінің бірі болуы тиіс. Бұл тақырып өте күрделі және өзін бірнеше аспектілерді: бұл жас ерекшелік психологиясы, тәрбиелеу мен оқытудың әлеуметтік – психологиялық мәселелері, жанұя мен ұжымның әсері т.б. көптеген мәселелер.[34;279]
Қазіргі жастардың қызығушылықтарының жіктелуі. Кез – келген іске терең әуестенушілікпен байланысты интеллектуалды – эстетикалық қызығушылық (музыкаға, бейнелену өнеріне, радиотехникаға, ежелгі тарихқа, гүлдер, құстар өсіруге). Бұл топқа әрдайым жаңалық ойлап табуды немесе құрастыруды ұнататын адамдар жатады. Бұл істер жиі басқалар үшін, әсіресе ересектер үшін қажетсіз және үйреншікті емес болып көрінеді. Бірақта жеткіншектің өзі үшін олар өте қызықты және маңызды болып көрінеді, шын мәнінде олар басқалардың көзқарастарына көңіл бөлмейді. Өздері үшін қызықты іспен айналысқан жеткіншектер кей кезде оқуды және басқа істерді тастап тіпті бүкіл уақытын таңдаған ісіне бөледі.
Өзінің күшін шыдымдылығын нығайту, қандай да бір мануальды дағдаларды иелендіру ниетімен байланысты дене – мануальді қызығушылықтар. Бұған спорттың әр түрімен айланысу сабақтары, сонымен қатар жеңіл көлікті, велосипедті жүргізуді үйренуге және өз қолымен заттар жасауды, тігуді үйренуге ұмтылу жоспары. Бірақ бұл қызығушылықтардың барлығы әр түрлі болып көрінгенімен, беріліп отырған типке, егер олардың негізінде дене бітімін жетілдіру тілегі жатса ғана енгізуге болады. Бұнда сабақ үрдісі емес, адам алынған жетістіктер басты рөл атқарады.
Жетекшілік қызығушылықтар басқаруға, ұйымдастыруға, басқаларды бағыттауға болатын жағдаяттарды іздестіруге әкеледі, тіпті егер бұл кездейсоқ сәттермен немесе күнделікті өмір оқиғаларымен болса да. Өзіне тәуелді ететін қоғамдастық пайда болғанша әр түрлі қызығушылықтар жылдам өзгерістер үстінде болады.
Жинақтаушы қызығушылық – бұл негізінен барлық түрлердің коллекциясы. Кез – келген коллекция белгілі шамаға жеткенде материалдық құндылық болып саналатындығын ескере отырып, бұл қызығушылықтың негізінде материалдық құндылықтарды жинақтауға деген бейімділіктің жатқаны көрінеді.
Азартты еліктеушілік – карталық ойындар, хоккей және футбол матчтарында ақша қойып ойнау, ақшаға бәстесу, спорт лотоға еліктеу және т.б. Еліктеушілік түрлері ауысуы мүмкін, бірақ олардың әрбіреуі азарт сезімімен жүреді. Қазіргі кезде бұл жағдай бай жанұялардан, қылмыскер топтардан шыққан жастар арасында белең алуда, өйткені түнгі клубтар, казино сияқты көңіл көтеру орталықтарына жол ашық.
Информативті – коммуникативті қызығушылықтар – критикалық интеллектуалды өңдеуді қажетсінбейтін жеңіл мәліметтерді алуға құмар адамдар арасында пайда болады. Мәліметтерді алмасу – үстірт қатынастар жасауға деген қажеттілікті тудырады. Кездейсоқ адамдармен бірнеше сағатқа созылған бос сөздер, әңгімелер, айналадағы болып жатқан жағдайларға құр қарап отыру, видеофильмдер көру, осы мағыналас кітаптар қызығушылықтың мазмұнын құрайды. Қатынастар мен танысулар да осы мәліметтер сияқты жеңіл болады. Барлығы үстірт деңгейде меңгеріледі және басқа адамдарға беріліп отырады. Бұл әрекеттерге уақыт кететіндіктен, бұндай қызығушылықтарды примитивті бағалау әділ.
Сонымен, қызығушылықтар тұлғаның бағыттылығының мотивациялық сферасының негізгі құрылым бөлігі бола отырып, қажеттіліктер формасында көрінеді. В.Н. Мясищев қызығушылықтарды жеке тұлға қажеттіліктерімен тығыз байланыстырып, қажеттіліктер заты реалды иемдену тенденциясына ие болса, ал қызығушылықтардың затқа деген танымдық қарым – қатынасын көрсетеді.
Жалпы әдебиеттерде қызығушылықтарды классификациялауда әр түрлі негіздегі көптеген тұжырымдар бар. Солардың бірі – іс әрекет формасына байланысты – ойындық, танымдық және мамандану қызығушылықтары ретінде көрінеді. Бірақ, барлық қызығушылықтар танымдық болып табылады.
Мамандыққа қызығушылық ретінде Тұлғаның мамандыққа әлеуметтік – психологиялық рөлге деген бағыттылығын қабылдау керек. Қызықтау мен тұрақты мамандыққа қызығушылықты айыра білу қажет. Оларды айыру критериі – ақпаратты: мамандыққа тұрақты қызығушылық жан – жақты обьективті ақпаратқа негізделген, ол қызықтау - мәнді, бірақ шектелген ақпаратқа негізделеді. Сонымен бірге мамандыққа қызығушылық мамандықтың мәнді жақтарына деген мәнділікпен сипатталады: заттылығы және еңбек шарты, мамандыққа даярлық. Жастарда мамандануға қызығушылық ондағы танымдық қызығушылықтар негізінде құралады және онымен тығыз байланысты болады.
Қызығушылықтың психологиялық түсінігі өте көп мәнді, бірақ соған байланысты арнайы ерекшеліктер қатары бар. Ең алдымен қызығушылық таныммен, танымдық іс - әрекетпен тығыз байланысты. Г.И. Щукинаның пікірінше, танымдық қызығушылық Тұлғаныңтаңдамалы таным аймағына қатысты, оның заттық жағына және білімге ие болу процесіне бағыттылығы ретінде көрінеді. Танымдық қызығушылық «оқытудың кең әлеуметтік түрткілері» негізінде пайда бола отырып, яғни оқу іс - әрекетінің әлеуметтік шартталған мәнділігі түрткілерімен даму үрдісінде мәнді өзгереді. Көптеген зерттеушілер қызығушылықтың дамуының үш сапалы спецификалық этапын бөліп көрсетеді.
Диффузды, немесе оморфты қызығушылықтар дамудың бірінші этапын құрайды. Бұндай қызығушылықтар оқушыларда уақытша пайда болатын эпизодты бастан кешіру, қызықты сабақтың аяқталуына байланысты өшеді немесе сабақ үстіндегі жекелеген қызығушылық кезеңдерде болуы мүмкін.
Диффузды, төменгі сынып оқушыларының нашар аңғарылатын таным түрлерімен байланысты қызығушылықтарының орнына, қызығушылық дамуының екінші этапын құрайтын жан – жақты дамыған оқушының ситуативті таным қызығушылығы келеді. Бұл қызығушылықтар өзінің мазмұнының кеңділігімен ерекшеленеді. Ситуативті кең қызығушылықтар кіші жеткіншектерге тән. Бұл жас кезеңінде таным қызығушылықтарының көрінуі өте ұшқыр; негізгі жеткіншектік шақ танымдық елігу кезеңі болып саналады.
Жоғары сыныптарда қызығушылықтың дамуы белгілі бір білім саласына тұрақталып, тереңдеп және шоғырланады. Тұлғалық, орталықты қызығушылар пайда болып, қызығушылықтың аяқталушы үшінші этапын анықтайды. Бұл қызығушылықтар тұлғалық мәнділікті және тұрақтылықты көрсетеді. Орталықты қызығушылықтар тұрақты танымдық қажеттіліктер ретінде көрініп, оқушының бүкіл өмірлік бейнесін өзгертеді. Орталықты қызығушылықтар тұлғаның қызығушылық аймағын маманданған іс - әрекетпен айналысу талпыныстарымен байланысты болып келеді. Сонымен тұлғалық қызығушылықтар мамандық таңдаудың мотивациясы болып табылады және мамандыққа байланысты көзқарастың тұрақты құнды негізін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |